48
49
Бағдарламалап оқыту
технологиясы (Б. Скиннер,
Н. Краудер, В. П. Беспалько)
-
ғылыми негізде түзілген
бағдарлама негізінде оқытудың
тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік
технологиясы
- баланың жеке қасиеттерін
ескере отырып оқыту;
- ақпаратпен жұмыс істей
білуді қалыптастыру жəне қатынас
қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық
қоғамға даярлау.
Дидактикалық бірліктерді
ірілендіру технологиясы
(П. М. Эрдниев)
- математикалық
білімнің
оқушының интеллектісін дамыту
мен
өзін-өзі дамытуының басты
шарты ретіндегі тұтастығына қол
жеткізу.
Математиканы оқытудың
есеп шығаруға негізделген
технологиясы (Р. Г. Хазанкин)
-
пəндердің
бірлігі
мен
тұтастығын қамтамасыз ететін
тақырыптардың
неғұрлым
жетілген жүйесін жасау.
Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори).
- барлық оқушыны стандарт
деңгейінде оқыту;
- балалардың математикаға де-
ген қызығушылығын туғызу.
- балалардың бойында дарын-
дыларды тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
- бала санасындағы нəрселер
əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)
- бала
бойында
еркіндік,
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш
сезім, дербестік,
адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б.
қасиеттерді дамыту.
Дамыта
оқытудың
басты
мақсаты: баланы оқыта отырып,
жалпы дамыту.
Л. В. Занковтың дамыта оқыту
жүйесі
Д. В. Эльконин –
В. В. Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы.
-
жеке
адамның
жоғары
дəрежеде дамуы;
- жан-жақты гармониялық даму
үшін негіз жасау;
- теориялық ой мен сана
қалыптастыру;
-
балаларда
білім,
білік,
дағдыны ғана қалыптастырып
қоймай, ой-əрекетінің əдістерін де
қалыптастыру;
- балалардың оқу əрекетіне
ғылыми таным логикасын енгізу.
В. М. Манахов технологиясы
- оқытудың тұтас технология-
сын жобалау;
- алға қойған мақсатқа жетуді
көздейтін педагогикалық үдеріс
туғызу;
- мұғалімге нəтижені талдап,
түсіндіріп бере алатындай жүйені
таңдау жəне құру.
Жаңашыл педагог Ш. Амонашвилиден
дамыта оқыту мен
шəкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың жолдарын
үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенкованың тірек схемаларымен
оза оқыту əдістерін үйренуге болады.
Белгілі психолог Выготский: «Оқыту, білім беру, дамытудың
алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі
ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» – дейді.
Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру – үйреншікті жай
шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп
оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-əрекет
екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен
шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына
көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы –
сабаққа лайықты əдіс-тəсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш
мектепте сабақтарды индуктивтік,
дедуктивтік, репродуктивтік,
проблемалық, көрнекілік əдіспен оқыту тиімді болып табылады.
Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ
сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен
жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.
50
51
Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді.
Мұндай жағдайда балаларды «Кім шапшаң?», «Ойлан тап», т.б.
ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы,
бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап
отырады.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас
педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педа-
гогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты
белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық технология – педагогикалық
қолданбалы
сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың
практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады,
мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық,
əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің
қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.)
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология,
əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника,
қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика
элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып
отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне
практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы
қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі –
педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан
тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық
тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік
деп аталатын негізгі үш педагогикалық
технология бар екенін
білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік
қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты,
қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін
жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең
үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай
жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
«Жаңа
педагогикалық
технология» – əрбір
сабақта
пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің,
түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында оқыту
формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық
қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне
оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез келген
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа
моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне
сəйкестендірілген. Осы заңның 8 бабында білім беру жүйесінің
басым міндеті ретінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,
ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны
меңгеру мұғалімнің
интеллектуалды, кəсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық
келбеттерінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-
тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: