Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Модульдік оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
boribekova-kazirgi

Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз 
бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың əдісі мен тəсілдері 
бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген 
оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін 
дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы 
жұмыс істеуге үйрету.
Бұл технологияның ерекшелігі – тұлғаның танымдық үдерісін 
дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:
- модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап 
беріп, мамандық бойынша оқу пəндерінің жиынтығын ұсынатын 
мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;
- модуль – пəнаралық əдістемелік ұйымдастыру құрылымы 
болып, əр түрлі оқу пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір 
мамандықты меңгеруді жəне оқу үдерісіне пəнаралық қатынасты 
қамтамасыз етеді;
- модуль – бір ғана оқу пəнінің шеңберіндегі ұйымдастыру 
əдістемелік құрылымының бірлігі.


74
75
Модульдің құрылысы
Модуль бес бөліктен тұрады:
I бөлігі – тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің, 
анықтамаларын беру жəне алған білімдерін бекіту.
II бөлігі – теория бойынша сынақ өткізу.
III бөлігі – сынақ-практикум өткізу (сынақ, бақылау).
IV бөлігі – тереңдетіп білім беру жəне оқушылардың қабілеттерін 
дамыту.
V бөлігі – бақылау жұмысы (деңгей бойынша).
Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне 
қорытынды бөлім.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы 
(Эрдниев технологиясы)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін 
дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шартын қамтамасыз ететін 
тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау /тақырыпты 
ірілеп, топтап өтеді/.
Ерекшелігі:
1. Өзара байланысты амал операциялар, тақырыптар, бір мез-
гілде беріледі.
2. Есеп құрастыру, шығару, практикалық жұмыстарды жүргізу 
бірлікте қамтамасыз етіледі.
3. Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.
4. Жүйелі де тиянақты білім беру.
5. Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ық-
палын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет