176
177
Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы
ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге,
қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.
Проблемалық оқиға оқушының
бұрыннан меңгерген білімге
сүйеніп, мəселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды,
шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық
жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты
таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне
байланысты. Сол сияқты есептер шығару
барысында да балаларға
есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы
шығартуға бейімдеу, өздігінен кері есеп құрастыра білуге жаттықтыру
керек.
Есептің
бір-бірінен
ұқсастығын,
айырмашылығын,
байланысын тапқызуға болады.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні
мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады жəне
проблемалары міндетті шешуге дайын тəсіл болмағандықтан,
проблемалық ситуация пайда болады,
осыған орай оқушының
ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Проблемалық
оқыту
технологиясы
тұжырымының
ерекшеліктері:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған
басқарылмайтын үдеріс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында
меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ
өзінің шəкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нəтижелерін
табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға
мəн берген. Проблемалық оқытудың ең керекті əрекеті ізденіс болса,
оны өз тəжірибесінде қолданған ғалымдар
қатарында Песталоцци
мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы əдісінің негізін
қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен
оқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т. В. Кудрявцев, А. М.
Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы –
білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың
алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады.
Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі
тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов,
А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский жəне т.б.
еңбектерінде зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған
жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде
бұл əдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай
болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі əдебиетте проблемалы
оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында жəне оның мəн
жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде
проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тəрбие жұмыстарында қолданбаса
болмайды. Проблемалы оқыту сабағының дəстүрлі
аралас сабаққа
қарағанда біршама артықшылықтары төмендегі кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: