Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет90/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
boribekova-kazirgi

V кезең. Барлық топқа арналған бірдей өзіндік жұмыс. Сосын 
барлық топқа қосымша тапсырмалар беріледі (əр түрлі күрделілігіне 
байланысты).
VI кезең. Үй тапсырмасы екі түрлі болады: күрделілігі жəне 
мазмұны бойынша əр түрлі, күрделілігі бойынша немесе мазмұны 
бойынша əр түрлі.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға жəне жұмысқа 
деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының 
неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін 
түсінеміз. Бұл белгі бойынша бастауыш сынып оқушылары оқуға 
қабілеті жоғары, орташа жəне төмен деп үш топқа бөлуге болады. 
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. 
Сондықтан сабақ кезінде əрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың 
түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. 
Сондықтан сынып оқушыларының жеке бас ерекшелігін жəне 
жалпы ой-өрістерінің даму деңгейін анықтау үшін Р.Аметхауердің 
интеллектік құрылымға арналған тестілердің əдістері негізінде 
педагогикалық-психологиялық тест жүргізген пайдалы. Бұл тест 
төрт топтан тұрады:
1-тест. Сынаушыдағы мəнді, маңызды заттар мен құбылыс-
тарды екінші дəрежелі маңызсыз заттар мен құбылыстардан жіктеп 
алу. 


212
213
2-тест. Бұл бесінші артық деп алып тастайтын сөздік вариант-
тар түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы əдіс арқылы 
зерттеулерден алынған нəтижелер тексерілушінің жалпылау немесе 
жекешелеу операцияларын іріктеу мүмкіндіктерін көрсетеді. 
3-тест. Мұндай тапсырмада аналог бойынша ой қорыту. 
Бұларды орындау үшін тексерілушіге логикалық байланысты жəне 
түсініктер арасындаға қатынастықты таба білу керек. 
4-тест. Бұл жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Оқушы 
тест тапсырмасына кірген қос ортақ біріктіретін түсінікті айта білуі 
тиіс. 
Бұл алынған тестер нəтижесінде оқушылардың ойлау 
қабілеттерінің даму деңгейі белгілі ұпайлар арқылы анықталып, 
жоғары, орта, төменгі деңгей болып үш топқа бөлінеді. Мұның 
нəтижесінде оқушылардың ойларының ұшқырлығы, таным 
қабілеттерінің жоғарылылығы байқалады. Ал келесі тапсырма оқу 
бағдарламасы бойынша құралды, яғни білім сапасының көрсеткіші 
анықталды.
Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының 
ерекшелігін ескере отырып, берілген оқу материалдарының ауыр, 
жеңілдігіне қарай топтап түрлендіру керек. Өйткені оқушы өз 
мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті. 
Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін. 
Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған қажеттілік туғызатындай 
тапсырманы деңгейіне қарай саралап күрделендіріп отыруға болады. 
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жеке басының 
ерекшелігін ескере отырып, танымдық белсенділігін арттыру, 
оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге 
өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеуі 
керек. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында əр түрлі 
шығармашылық іс-əрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет 
бойынша, тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама, 
шығарма жазу, мəтінді өңдеу, ертегі құрау, мəтіндегі берілген 
əңгіме басы, ортасы немесе соңы бойынша əңгіме құрау, мəтінді 
жалғастыру, т.б. тапсырмалар беруге болады. Мұндай жұмыстарды 
да топтардың ерекшелігіне сəйкес ыңғайлау қажет. Жұптық əдіс 
арқылы мықты мен əлсіз оқушы бірге отырып, жұмысты орындауы 
керек. Мұнда əлсіз оқушы өзіне деген сенімсіздіктен арылып, 
мықтысы өзінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекітеді. Мысалы, 
өлең мазмұнын əңгімелеп беруде немесе жазуда оқушы ерекшелігі 
ескеріледі. Бірінші топ өлең мазмұнын əңгімелеп жазып берсе, 
екінші топ ондағы тірек сөздер бойынша сөйлем құрайды. 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің 
белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз 
білімін жаңа əдіспен бағалауға мүмкіндік береді. 
Бастауыш сынып мұғалімі əрдайым оқушы білімі мен оның 
жетістіктерін, кемшіліктерін, олардың себептерін анықтап, өз 
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. 
Сонымен қатар деңгейлеп-саралап оқыту барысында бастауыш 
сынып оқушылары да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен 
жіберген кемшіліктері туралы мəліметтер алып, өз еңбегіне талдау 
жасайды. Ең бастысы, бастауыш сынып оқушылары оқудан 
лəззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға 
дағдыланады. 
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан 
кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. 
Мəселен, 3-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім» тақырыбын 
алайық. Бұрынғы дəстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның 
сұрақтары қандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына, 
деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасын өзіміз айтып 
түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан 
соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті 
мол, шапшаң, дарынды балалар оны тез орындайды да əрі қарай 
бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап, 
кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалім қабылдауы тез, 
дарынды оқушыға əрі қарай іздендіретін, ойландыратын жұмыс 
беріп талпындыру жағдайын қарастырмайды. Ал профессор 
Ж.Қараев технологиясында Л.Выготскийдің «Оқыту үдерісінде 
оқушының ақыл-ойының дамуы», «өзекті даму аймағынан», «жақын 
арадағы даму аймағына ауысуы» туралы теориясы басты негізге 
алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты 
меңгеруіне қолайлы жəне қызықты тапсырмалар беріледі. Олар 
«сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріліп, оқушылардың дербестік 
қалпы мен танымдық іс-əрекетін дамытуға бағытталған. Бұл 
оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді 
өздігінен қорытуға жəне анықтамаларды қарастыруға жетелейді. 


214
215
Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы оның 
жеке басы қабілетінің даму мониторингі бойынша анықталады. 
Оқытудың бұл технологиясы оқушылардың өздігімен жүретін 
танымдық іс-əрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей 
бойынша құрастырылғанда; оқыту үдерісі – мəселелік жəне 
даму ұстанымдары бойынша жүргізілгенде; барлық деңгейдегі 
тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған жағдайларда оқушыларда 
ынталану пайда болады. Сондықтан да осы технология бойынша 
жұмыс жасауда оқушылардың, тіпті үзіліс кезінде де сабақтан бас 
алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бəсекелесе отырып жұмбақ, 
сөзжұмбақ, ребус сияқты əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп 
жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады.
Оқушылардың өзіндік іздену іс-əрекетінің əдістерін меңгеру 
талап етіледі. Өйткені бұл əдістердің күнделікті пайдаланып 
жүрген оқыту əдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа 
жағдайдағы «оқыту əдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-
мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда 
бірінші орында оқушы тұрады жəне оның өз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне баса назар аударылады. 
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес жəне топтық 
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – 
оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп 
беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды 
түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау жəне түзету енгізуде ғана 
пайдаланылады. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты 
бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары 
оқушылардың өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай 
болуы керек. Бұрынғы дəстүрлі оқулықтар мұндай талапты 
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім 
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір 
психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің 
«оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» 
аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл 
ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші 
деңгейден өнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу 
негізіндегі іс-əрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл 
деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», 
екінші – «алгоритмдік», үшінші – «эвристикалық», төртінші – 
«шығармашылық».
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында 
білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның 
шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нəтижелі болуы үшін 
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пəн бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын жəне түсіндіру əдістерінің жаңа 
тəсілдерін күнделікті сабаққа қолдану керек. Көбінесе мына 
жағдайларға көңіл бөлу қажет:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау,
3) сабақтың нəтижелілігі.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, 
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы бойынша, 
дифференциалды 
жəне 
дербес 
деңгейлік 
принциптерінің 
талаптарына сəйкес өткізілетін əртүрлі сабақ түрлеріне арналған 
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар: əңгімелесуші-оқулықтар жəне оларға қосымша төрт 
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дəптерлері.
Əңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз 
бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.
Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, 
жұмыс дəптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, бастауыш мектептің 
математика пəнінен, төмендегідей талаптар қойылады: 
І деңгейлі тапсырмаларға:
тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті жəне өмірмен 
байланысты болуы керек;
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей 
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
жаттап алуға лайықталған болуы керек. 
Жалпы техникалық пəндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты 
игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы 
орындалады жəне олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, 
заңдарын бекітуге арналады.


216
217
Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың 
танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған 
жөн.
ІІ деңгейлі тапсырмаларға:
 Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін 
тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, 
танымдық жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады.
 Өтіп кеткен материалдарды реттеуге жəне жүйелеуге 
берілген 
тапсырмалар. 
Бұлар 
өзгертілген 
жағдайлардағы 
тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды 
орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану 
қажет. 
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық 
жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық 
есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар
ІІІ деңгейдегі тапсырмаларға:
 Оқушылардың жинаған өмірлік тəжірибесі мен қалыптас-
тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой нəтижесінде 
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке 
басының икемдігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, 
өздігінен құрастыру жəне өздігімен шығаруға бағытталған, ой 
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
 Əр түрлі əдіс, тəсілдермен орындалатын тапсырмалар
 Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды 
орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген 
алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы жаңа 
білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге 
тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін 
оқушы жаңа əдістер іздеуі керек.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың алған өмірлік тəжірибесі мен қалыптастырған 
ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нəтижесінде 
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке 
басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген 
(теорема дəлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің 
көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
Бірінші деңгей үшін – игерілгенді пысықтау мен қайталауға, 
жаттауға арналған. 
Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту 
мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға жəне тəжірибеде 
қолдануға арналған тапсырмалар. 
Оқытудың осы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 
жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-əрекеті үшін 
тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып; 
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп; 
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған 
болса оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша 
сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан 
бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бəсекелесе отырып 
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты 
əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан ба-
рынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып 
басталады.
Нəтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып 
жүрудің өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп 
қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын 
оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» – деген сұрақ туады. 
Бұл мəселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған 
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі.
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан 
кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек 
көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік 
жұмыс іс-əрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау 
жасау жəне балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын 
атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау 
мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен 
бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі 
басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» жəне «қабілетсіз» деп 
жасанды түрде əртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; əрқайсысы 
білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді. Бұл нақты пəн 
бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй 
тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пəні бойынша жоғарғы 


218
219
шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп 
болады.
Нақтырақ айтсақ:
Əр оқушының, əр пəннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі 
болады жəне оқу пəнінің барлық тақырыбы бойынша, ең болмағанда 
міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз 
кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының 
орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім 
туралы Заңының талаптарына сай келеді жəне дəстүрлі оқытудағы 
оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.
Олардың əрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға 
міндетті жəне жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға 
құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп 
толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда 
жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау əр оқушының күнделікті 
мақсатына айналады.
Қорыта келе, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының 
принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру 
жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын жəне 
өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, 
өзін-өзі тəрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет