Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет87/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
boribekova-kazirgi

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Нысаналап оқыту технологиясын сипаттаңыз.
2. Блумның «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы 
мен «Игеріп оқу» теориясына қыскаша шолу жасаңыз.
3. Нысана түрлерін сипаттаңыз.
4. Нысаналы оқыту əдістемесін саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
Алматы, 2005.
2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
4. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
5. Педагогические технологии: Методические рекомендации 
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. 
Ушинского, 2002.
6, Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990. 
12.3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
(Ж. Қараев)
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан 
бастап мектептің барлық сатысына, барлық пəндерге еніп, оқу 
үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту техноло-
гиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып
іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда 
бірінші орында оқушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш 
деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. 
Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» 
деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынас 
достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға əділдігіне;
- білім көрсетудің əділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нəтиже. 
Қоғам талабы да – нəтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Деңгейлеп оқыту түрлері. Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту 
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім 
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың 
алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен 
қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиет-
терді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығарма-
шылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық 
ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту əр оқушының 
белсенділігін оятады. 


206
207
Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы 
оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? – деген 
сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған 
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту 
технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім 
жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау əдісіне баулу.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында 
ең негізділерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-
жақтылыққа тəрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің 
көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының 
алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пəнді 
тиімді ұғындырудың бірі – қазіргі заманғы педагогикалық технология 
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат 
құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы 
қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі 
– деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының элементтерін қолдану 
білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау əдісімен 
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен 
кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмала-
рын орындауда қолданған тəсілдеріне талдау жасап, қателіктері 
мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі 
тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп, 
мұғалмнен, сыныптастарынан қосымша материалдардан білім 
жинайды.
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар 
сол деңгейді игергені үшін сəйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 
5 ұпай, екінші деңгей үшін – 15 ұпай, үшінші деңгей үшін – 30 ұпай. 
Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар-
ды, əрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап 
көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі жəне дамыта оқыту принципі 
орындалады. Нəтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен 
дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, əр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі 
тұратын жалпы ведомосқа жəне өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс 
дəптерлерінің соңындағы ведомосқа шеңбермен белгілеп отырады.
Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгей-
лерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады. 
Бірақ оқушылардың өзара көмегіне жəне мұғалім тарапынан демеп 
жіберуге жол беріледі.
Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау 
болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар 
үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған ұпайларын оқушылар кестеде əр сабақтың соңында 
нүктемен белгілеп отырады.
Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, 
график шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады. 
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау 
жұмысының алдында əр оқушының өткен материалды қандай 
деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша 
жұмыс жүргізеді. 
Тақырыптық бақылау жұмысы да əр деңгейлі тапсырмалармен 
беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, орындалады 
жəне мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің 
нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. 
Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау мен сыртқы 
бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму 
мониторингтеріне белгіленеді. 
Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілетіне 
қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті 
сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі – 
басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен-өзін салыстыру 
арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты 
көрсетеді. 
Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі 
деңгейі алынады жəне ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі 
талабына сəйкес келеді.
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне 
де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының 
дұрыс орындауы міндетті. 
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен 
тұрақты жəне жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет