Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет84/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   205
Акмеология

162
163
заңдылықтары; өзіндік білім алу жəне өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі бақылау, кəсіптен жəне қоғамнан, ғылымның, мəдениеттің, 
техниканың дамуынан, өзіндік қызығушылықтар, қажеттіліктер мен 
бағдарлардан, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өзіндік іс-əрекеттің 
жетістіктері мен кемшіліктерінен туындайтын жаңа талаптардың 
əсерімен іс-əрекетті өзіндік жетілдіру, өзіндік түзету жəне өзіндік 
қайта ұйымдастырудың заңдылықтары.
Осылайша, өзін-өзі дамыту тұлғаның өзара əрекеті мен
қатынастар, оның қажеттіліктері, эталондары, құндылық бағдарлар 
жүйесінің өзгеруімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан тұлғаның 
дамуын зерттеудің жалпы мəселелер жиынтығында, оның тұлғалық-
кəсіби дамуына ерекше орын беріледі, онда кəсіби жəне тұлғалық
өзін-өзі дамыту тек əлеуметтендіру үдерісі ретінде ғана емес, 
сонымен бірге екінші рет дараландыру ретінде түсіндірілуі жəне 
сипатталуы мүмкін, оның нəтижесі ретінде, білімнің белгілі 
деңгейіне жетуде, нақты іс-əрекетте субъектілі белсенділіктің 
сипаттамасы, кəсіби тұлғалық сапа ретінде болатын қалыптасқан 
даралық алынады. Өз кезегінде, білім беру өзіндік білім алуға, 
тəрбиеге жəне өзіндік тəрбиеге өтетін болса, ол тұлғаның кəсіпқой 
ретінде қалыптасуына ықпал ететін болады. Ол үшін тұлға өз 
жетістігінің шыңына – «акмеге» жетуге қабілетті болатын іс-əрекет-
ті өзіндік анықтауы маңызды. 
И.С.Кон бұл туралы былай деп жазады: «Саналы «Меннің» 
пайда болу кезеңі ретінде, оның жеке компоненттері бірте-бірте 
қалыптасқанмен, бұрыннан бері жасөспірімдік жəне жастық шақ 
кезеңі алынады. Өзіндік сананың дамуы – өтпелі жас кезеңінің 
орталық психикалық үдерісі. Барлық көрнекті психологтар бұл жас 
кезеңін «өзіндік сананың қалыптасуының қиын кезеңі» деп атайды». 
16-17 жасқа қарай психологиялық əдебиеттерде «өзін-өзі анық-
тау» терминімен белгіленетін ерекше тұлғалық жаңа құрылым пай-
да болады. Субъектінің өзіндік санасының тұрғысында, ол адамның 
өзін қоғам мүшесі ретінде саналы ұғынуымен сипатталады, жаңа, 
қоғамдық маңызды ұстанымда нақтыланады. Жасөспірім мен жас 
жігіттің жағдайының қарама-қайшылығы, оның əлеуметтік рөлдері 
құрылымының жəне қалаулар деңгейінің өзгеруі – бұл факторлар 
«Мен кіммін?» деген сұрақты өзекті етеді. Бұл сұрақты қою – 
психиканың алдыңғы дамуының заңды нəтижесі. Дербестіктің өсуі, 
сыртқы басқару жүйесінен өзін-өзі басқаруға өтуді білдіреді. Кез 
келген өзіндік басқару, объект туралы ақпаратты талап етеді. Өзіндік 
басқаруда бұл объектінің өзі туралы ақпараты болуы керек. Ерте 
жастық шақтағы құнды психологиялық меңгеру – бұл өзінің ішкі 
əлемін ашу. 
Кез келген күрделі психикалық жаңа құрылым сияқты, өзіндік 
сананың дамуы бір-бірін алмастыратын сатылардан өтеді. Бұл 
тұрғыда ерте жастық шақ кезеңін өзіндік сананың жаңа деңгейінің 
қалыптасуының басталуы ретінде, интегративті сапаларды дамыту, 
тереңдету кезеңі ретінде сипаттауға болады. Өзіндік сананың 
деңгейінің қарқынды дамуы, жастық шақ кезеңінде жүзеге 
асырылады. Оның айрықша белгілері – өзіндік құндылықтар 
жүйесінің «Мен-тұжырымдамасын» қалыптастыру үшін мəнін 
арттыру жəне қабылдаудың тұлғалық, психологиялық, динамика-
лық аспектілерін күшейту – олар кемелденген тұлғаға тəн деңгей 
ретінде бағалауға мүмкіндік береді. 
Жастардың өзін-өзі, өзінің ішкі əлемін тануының негізгі 
механизмдерінің бірі ретінде, тұлғалық рефлексия алынады
ол міндеттерді шешуге бағытталған логикалық рефлексиямен 
салыстырғанда, жеке өзін-өзі тану əрекеті ретінде, адамның тек 
өзінің ішкі əлемін ғана емес, өзін зерттеуші ретінде қарастыратын 
ерекше зерттеу актісі ретінде түсіндіріледі. Тұлғалық рефлексия 
феномені ретінде, рефлексивті үміттер алынады, олар адамның 
өзі туралы басқа адамдардың, қарым-қатынас аясын құрайтын 
адамдардың пікірлерін білдіреді. 
«Мен-тұжырымдамасының» 
құрылымын 
қарастырып, 
Р.Бернс «Мен-бейнесінің» жəне өзіндік бағалаудың шартты 
тұжырымдамалы айрықшалауға болатынын атап көрсетеді, 
себебі психологиялық тұрғыда олар бір-бірімен ажырамас өзара 
байланысты. «Мен-бейнесі» жəне өзінің «Менін» бағалау, индивидті 
белгілі мінез-құлыққа бағыттайды; сондықтан, жаһандық «Мен-
тұжырымдамасын» индивидтің өзіне бағытталған бағдарлардың 
жиынтығы ретінде қарастыруға болады. 
Р. Бернс өзіндік бағдардың келесі негізгі ракурстарын немесе 
модальдықтарын анықтап көрсетеді: 
– Шынайы Мен-бағдарлары, олар индивидтің өзінің өзекті 
қабілеттерін, рөлдерін, өзінің өзекті мəртебесін қабылдайтынымен 
байланысты; 
– Айнадағы (əлеуметтік) Мен-бағдарлар, олар индивидтің өзін 
басқалардың қалай көретінімен байланысты; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет