270
271
Білім беру субъектісінің инновациялық əлеуетін инновациялық
құзырлылықта дамыту, жаңа идеяларды, шешімдерді құруды
жүзеге асыру үшін инновациялық білім беру өнімдерін білім беру
тəжірибесінде жобалауды практикалық қолдануға бағытталған
ғылыми-білім беру ортасын құру арқылы ұсынуға болады. Мұнда
ойлау жаңа өнімді құруға бағыттылықпен, танымдық іс-əрекетте
жаңа құрылымдардың пайда болуымен сипатталады.
Инновациялық білім беру іс-əрекетін жүзеге асыру үшін
студенттер мен оқытушылардың тұлғалық ұғымдарын, интеллект
қабілеттерін жəне креативтілігін өзектілеу қажет.
Инновациялық дамудың жүйе құраушы факторы ретінде адамның
іс-əрекеттің жоғары формаларындағы мəнін жүзеге асыру ретіндегі
өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі маңызды ету үдерісі алынады: кəсіби
өсуге дайындық, ұйымдастырушылық, зерттеуші қабілеттер,
бастамашылдық, мақсатқа ұмтылушылық, креативтілік, мақсатқа
жетудегі табандылық, көшбасшылық, тұлғаның инновациялық
белсенділігін анықтайтын жиынтықтар.
Тұлғаның инновациялық əлеуетін дамытудың мотиві ретінде
инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыруға қажеттілік, оны кəсіби
іс-əрекеттің алуан түрлі жағдаятында қолданудың, меңгерудің
қажеттілігін ұғыну алынады. Нəтиже ретінде субъектінің
инновациялық əлеуетін дамытудың əрекеттік-инновациялық деңгейі
алынады, оның көрсеткіштері ретінде, мотивтер, инновациялық
құзыреттілік, «Мен-таратушы» инновациялық əлеуетті ұстануы
алынады.
Акмеологиялық аспектілерге маңызды орын беріледі, себебі
олардың зерттелетін құбылыстарды ғылыми болжау, диагностикалау
жəне кері байланыс функцияларын орындап, инновациялық əлеуетті
дамыту үдерісінің жалпы стратегиясының жүктемесін алады.
Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялығының жəне өнімділігінің
өзара негізделуінде көрінетін, жоғары оқу орнының ғылыми-білім
беру ортасында, тұлғаның инновациялық əлеуетінің акмеологиялық
принципін айқындау қажет.
Психологиялық
детерминизм
жəне
даму
принциптері
(К.А.Абульханова-Славская, Л.И. Анциферова, А.В. Брушлинский,
А.А. Деркач, С.Л. Рубинштейн) өзіндік дамытуға ынталандыратын
ішкі жағдайларды анықтайды, оның детерминанттарын көрсетеді.
Детерминизм принципінің спецификасы, тұлғаның сыртқы жəне ішкі
əлеуетін ашумен, өзін-өзі жетілдіру үдерісі, тұлғалық дамытудың
қозғаушы күштерінің қарастырылуымен анықталады. Тұлғаның
əлеуметтік детерминациясы жекеленген деңгейге өтіп келеді. Даму
принципі бір бағытта – тек прогресте, өзін-өзі жетілдіруде, жоғары
деңгейге қозғалыста жүзеге асырылады. Мұнда дамудың субъектілі
сипаты, оның қарама-қайшылықтар арқылы жүзеге асырылуы,
субъектінің шығармашылық əлеуетті жүзеге асыруымен танылады.
Құзыреттілік тұғыр қазіргі білім берудің теориясы мен
тəжірибесіндегі инновациялық үдерістерді көрсетеді, оқу сабақтарын
қалыптастыру үдерісімен, жоғары оқу орнында оқу-тəрбие үдерісін
ұйымдастырудың маңызды компоненті ретінде интеллектуалды
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үдерісімен арақатынаста
болады.
Инновациялық іс-əрекеттің құзырлылықтарын, қалыптастыру
мақсаттарын кəсіби білім беру жүйесіне алмастыру оның дуальды
сипатын білдіреді: жоғары оқу орны студенттерінің жоғары оқу
орнындағы білім беру үдерісінің қатысушылары мен субъектілері
ретінде инновациялық іс-əрекет құзырлылығын меңгеру үшін
жағдай құруы керек. Педагогикалық білім бойынша білім беру
бағдарламасын меңгерген түлектер, мектептегі білім беру үдерісінің
субъектісі ретінде, педагог ретіндегі жаңа рөлде, білімгерлердің
инновациялық іс-əрекетінің құзырлылығын қалыптастыруы керек.
Дəл осы дуальдылық педагогикалық білімді кез келген білімнен
айрықшалайды, педагогикалық, ғылыми-педагогикалық кадрларды
даярлаудың инновациялық бағыттылығын жеделдететін, білім
беру стандарттарын жүзеге асырудағы жаңа тұғырларды іздеуге
міндеттейді.
Инновациялық іс-əрекет білім беру саласының нарығында белгілі
бір мекеменің бəсекеге қабілеттілігі үшін негіз құрап қоймайды,
сонымен бірге, педагогтің кəсіби өсуінің, оның шығармашылық
ізденісінің бағыттарын анықтайды, білімгерлердің тұлғасының
өсуіне ықпал етеді.
Білім беру кеңістігінің инновациялық бағыттылығын қа-
лыптастыру бірнеше жолдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
түлектердің инновациялық іс-əрекетке дайындығына қойылатын
біліктілік талаптардың тізіміне енгізу; инновациялық білім беру
технологияларын жүзеге асыру; инноватиканың алуан түрлі
саласындағы жаңа оқу пəндерін қазіргі білім беру бағдарламаларына
|