276
277
ды даярлаудың ерекше мəні болады, себебі кəсіби іс-əрекет қазіргі
кезде өзін-өзі жүзеге асыру тəсілдері мен оңтайлы білім беру ор-
тасын анықтаудағы дербес белсенділікке негізделеді. Кəсіби-
педагогикалық білім берудегі инновациялардың мəнін түсіндіру
қажет, бұлай түсіндіру жобалаушы, инновациялық іс-əрекетте
антропологиялық негіздемелер контексінде қарастыруға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде, тұлғаның инновациялық əлеуеті өзектіленетін
білім беру ортасын жобалау туралы мəселенің маңызды мəні болады.
Жоғары оқу орнында инновациялық білім беру ортасын құру,
акмеологиялық тұғырда жүзеге асыруға ықпал етеді, ол мамандар-
ды білім беру ортасындағы аса толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға,
аса жоғары жетістіктерге бағдарын қалыптастыруға бағытталған,
оңтайлы, қалыптасқан білім беру ортасының деңгейін қайта құру
стратегиясын анықтайды.
Акмеологиялық тұғыр білім беру ортасын төмендегідей негіз-
дейді:
– болашақ маманның құрамы мен шекарасында тұлғалық-кəсіби
дамыту үдерісін оңтайландырудың потенциалды мүмкіндігі;
– жаһандық білім беру ортасына интеграциялау үшін əлеуеті
бар мамандарды кəсіби жəне тұлғалық дамытудың акмеологиялық
жағдайлары мен факторларының үйлесімі;
– мамандарды даярлау жүйесінде сатылы түрде толықтырыла-
тын қалыптастырудың акмеологиялық механизмдерінің жиынтығы.
Кəсіби іс-əрекетте тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудың пси-
хикалық мүмкіндіктерінің (интеллектуалды, эмоционалды, энер-
гетикалық жəне ерікті) интегралды сипаттамасы ретінде акме-
инновациялық əлеует туралы болжам жасауға болады. Өзінің
табиғаты бойынша, тұлғаның акме-инновациялық əлеуеті, оны
қалыптастыруға, дамытуға, байытуға арнайы бағытталған іс-
əрекеттің, өмір сүру əрекетінің (еңбек, таным жəне қарым-
қатынас) нəтижесі болып табылады. Ол адам үшін ерекше маңызды
жағдайлардың, оны қоршаған əлеуметтік жағдайлардың əсерімен,
оның бүкіл өмірлік жолының бойында қалыптасады. Кəсіби білім
беру жүйесі үшін тұлғаның мотивтерімен, қызығушылықтарымен,
бағдарларымен оңтайлы арақатынаста болатын, дара білім беру
ортасын жобалаудың əлеуметтік функциясын өзіне қабылдауды
саналы ұғыну маңызды болып табылады.
Инновациялық орта кəсіби салада инновациялық іс-əрекетке
даярлықтың негізгі критерийі ретінде, тұлғаның инновациялық
белсенділігін дамыту, білімнің алуан түрлі саласындағы іргелі жəне
қолданбалы зерттеулерді дамыту, жаңа өнімдерді, технологияларды
құру, жаңа идеяларды генерациялау үшін қажет инновациялық
əлеуетті оңтайландырудың механизмі болады.
Жоғары оқу орнындағы инновациялық білім беру ортасы,
болашақ мұғалімді инновациялық педагогикалық іс-əрекетке
даярлаудың мазмұнын жүзеге асырудың басты шарты болып
табылады. Инновациялық ортаның мақсаты ретінде, инновациялық
іс-əрекеттің құзырлылығын қалыптастыру жағдайларын қамтама-
сыз ету, білім беру субъектілерінің инновациялық əлеуетін жүзеге
асыру, тұлғаны қалыптастыру, инновацияларды құрастыруға,
таратуға, ендіруге қатысудың жеке тəжірибесін меңгеру; өзіндік білім
алудың, кəсіби өсудің мүмкіндіктерін кеңейту, инновация саласында
ғылыми жəне іскерлік белсенділікті интеграциялау; перспективті
инновациялық жобаларды практикалық жүзеге асыру алынады.
Акмеологиялық орта құрылымдық-функционалды құрылым
ретіндегі дамытушы ортаның барлық белгілеріне ие болады. Орта-
ның қалыптасу деңгейінің, субъектінің тұлғалық-кəсіби дамуының
өзара тəуелділігінің акмеологиялық заңдылығы дəлелденген.
М.И. Плугинаның пікірі бойынша, акмеологиялық орта əрбір
құрылымдық компоненттің қызмет ету үдерісінде туындайтын жəне
құрылатын жағдайлардың жиынтығымен беріледі: мега-, макро-
жəне микрофакторлардың əсерімен болатын кəсіби, білім беру,
акмеологиялық қамтамасыз ету тұлғаның кəсіби қалыптасуының
əрбір сатысын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өзін кəсіпте
жүзеге асыруды, кəсібиліктің шыңдарына жетуді қамтамасыз етеді.
Инновациялық белсенділікті қалыптастырудың мотиві ретінде
инновациялық іс-əрекетті жүзеге асырудағы қажеттілік, кəсіби іс-
əрекет үдерісінде, құрылатын оқыту жағдайында оларды меңгеру
мен қолданудың қажеттілігін саналы ұғыну алынады. Инновация-
лық іс-əрекетке даярлықты қалыптастыру бойынша əрекеттер
білімгерлердің кəсіби идентификациясына, олардың қазіргі заманғы
кəсіби даярлау контексінде, кəсіби жəне тұлғалық сапаларға
бағдарлануына бағытталған. Қалыптастырудың нəтижесі ретінде,
инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыруға даярлық алынады, оның
көрсеткіші ретінде мотивтер, білімдер, шығармашылық мəдениет,
«инновациялық Мен-таратушы əлеуетін» ұстану алынады.
Қазіргі кезде адамның жеке қатысу мүмкіндігін, өзінің біліміне
əсерді негіздейтін психологиялық-білім беруші бағдарламалар мен
|