Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет193/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205
Акмеология

374
375
оның барлық бағыттары бойынша кеңейеді. Ғылыми тұрғыда жəне 
адамның мүддесіне қатысты, акмеологияның барлық қызығушылық 
танытатын ғылымдармен бірлескен шығармашылығы өзара пай-
далы болар еді, мұндай бірлескен шығармашылықтың тартым-
ды жəне тиімді бағыттарының бірі ретінде акмеологияның білім 
беру психологиясымен жəне педагогикамен өзара əрекеті алы-
нады. Акмеологияның пəні ретінде, тұлғаның барынша өзін-өзі 
жүзеге асыруына жəне іс-əрекетті орындаудың оңтайлы тəсілдеріне 
жетелейтін, оны өмірлік стратегияға, жоғары кəсібилікке, кəсіптегі 
құзыреттілікке əкелетін, тұлғаның өмірде, іс-əрекетте, кəсіпте 
жетілдіруі алынады. 
Дəл осы кезеңде білім беру, басқару, менеджмент, əлеуметтік 
жұмыс саласында, кəсібилік пен шеберліктің жоғары деңгейі бар, 
əртүрлі бейіндегі мамандарға деген əлеуметтік қажеттілік ерекше 
мəнге ие болады. Сондықтан білімгерлердің жалпы білім алуын 
қамтамасыз ету жеткіліксіз болып саналады: оны кəсіби алдын 
ала оқыту ретінде қарастыру қажет, яғни жас жəне білімділік даму 
контексінде ғана емес, əлеуметтік жəне кəсіби контексте қарастыру 
қажет. 
Дамыған елдердегі өмір сүру ұзақтығының артуымен байла-
нысты, қарт адамдардың кəсіби жəне өмірлік тəжірибесін, еңбек 
қажеттіліктерін, ресурстарын жүзеге асыруға деген əлеуметтік 
сұраныс пайда болды, бұл қартаятын адамның кəсіби дамуын 
зерттейтін геронтологияға деген қызығушылықпен түсіндіріледі. 
Осылайша, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде, адам дамуын 
біртұтас макроүдеріс ретінде (балалық шақ, кемелдену, қарттықты 
қамтитын) психологиялық зерттеуге деген əлеуметтік сұраныс пай-
да болып қоймады, сонымен бірге жаңа кешенді пəндердің – педо-
логия, акмеология, геронтологияның қалыптасуын аяқтау түрінде 
қосымша ғылыми алғышарттар қалыптасты. 
Үздіксіз білім берудің барынша кеңейтілген тəжірибесін – жал-
пы мəдени жəне арнайы кəсіби тəжірибені ғылыми қамтамасыз
етуге деген əлеуметтік қажеттілік, даму психологиясын (адамның 
балалық шақта, жастық шақты, кемелдену, кəрілік кезеңінде өмір 
сүруінің психологиялық өзгерістерін біртұтас зерттейтін) жəне ке-
мелденген адамның кəсібилігін жəне шығармашылығын зерттейтін 
акмеологияны безендіру үшін қосымша қолданбалы алғышарттар 
құрады. 
Жоғарыда баяндалғандарға сүйеніп, келесі тұжырымдарды 
жасауға болады: соңғы кезде басқару теориясымен, педагогика-
мен жəне психологиямен өзара əрекеттестікте жедел дамитын ак-
меология ғылымы үздіксіз білім беру жүйесіндегі кəсіби даярлық 
саласындағы акценттерді біршама өзгертеді. 
Акмеологиялық тұғырда кəсіпқойлардың креативті-шығар-
машылық қабілеттерін, оларды даярлау мен жетілдірудің алуан түрлі 
аспектілерін есепке алып, дамыту проблематикасы басым орын ала-
ды: 
1. Зерттеудің жас аспектісі педология құралдары арқылы (бала-
лар мен жастарды зерттейтін), ересектер андрогогикасы (студенттер 
мен кəсіпқойлар) жəне геронтология (еңбек ардагерлері) құралдары 
арқылы нышандар мен қабілеттерді диагностикалауға бағытталған. 
2. Білім беру аспектісі жалпы, кəсіби жəне үздіксіз білім беру 
жүйесінде білім жəне біліктерді диагностикалауға жəне дамытуға 
бағытталған. 
3. Кəсіби аспект кəсіби жарамдылықты анықтау, аталған еңбек 
түріне жəне оның үдерісі мен нəтижесіне əлеуметтік жауапкершілік 
дəрежесіне психологиялық дайындықты айқындау арқылы еңбек 
іс-əрекетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жəне нəтижелерін 
анықтауға бағытталған. 
4. Креативті аспект – шығармашылық үдерісінде алынған 
инновациялардың əлеуметтік мəнділігін бағалау, рефлексивті-
инновациялық əлеуетті шеберлік дəрежесіне жетілдіру, кəсібиліктің 
деңгейін айқындау жолы арқылы жұмсалатын күш-қуаттың жəне 
оны жүзеге асырудың жетістігін анықтауға бағытталған. 
Акме-креативті типтегі адамды қалыптастыру, оның ойлаудың 
жаңа мəдениетін меңгеруін қамтиды, оның мəні адамның 
оқытудың дəстүрлі емес технологияларының көмегі арқылы 
интеллектіні дамытуда айқындалады. Мұндай технологияда білімді 
ұйымдастыруға жəне қайта өңдеуге емес, оларды туындатуға негізгі 
тірек жасалады. 
Бұдан кəсіби білім берудің түйінді міндеті ретінде студенттерді 
акме-креативті ойлауға үйрету, атап айтсақ, ұжымдық оқытуға 
үйрету алынады, ал кез келген кəсіби білім берудің қазіргі заманғы 
технологиясының түйінді элементі ретінде жүйелі-креативті ойлау-
ды қалыптастыру жəне дамыту технологиясы алынады. 
Тұлғаның табысты кəсіби қалыптасуы үшін психологтар жоға-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет