Лекция № Заманауи білім беру жүйесіндегі акмеологияның даму тенденцияларының негіздері



бет1/3
Дата18.06.2023
өлшемі467.82 Kb.
#475182
түріЛекция
  1   2   3
Акмеология 1


ЛЕКЦИЯ №---


Заманауи білім беру жүйесіндегі акмеологияның даму тенденцияларының негіздері


1. Акмеологияның негізгі ұғымдары мен пәні
2. Жеке және әлеуметтік жетістіктер
Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл мамандар дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап етеді, оның мазмұны үнемі өзгеріске ұшырайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайда тиімді әрекет етуге дайын болатын, шығармашыл, кәсіби ұшқыр, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесіне «Қазақстан құқығы», «Өлкетану», «Акмеология» сынды пәндерді енгізуді ұсынған болатын. Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері» сияқты оқу курстары жүргізілуін міндеттеді.
«Осындай пәндердің болмауы «әлеуметтік инфантилизмге» әкеледі»,- дейді. Басқаша айтқанда, жастар ересек өмірге бейімделе алмай, келеңсіз жағдайларға душар болады.
Білім беру үдерісі дамуынан ғылымның дамуы, одан техника мен технология және өндірістің дамуының жүзеге асырылатыны белгілі. Дамудың негізі философиялық заңдылықтардың жүзеге асырылуымен байланысты қарастырылады. Қоғам дамуының кез келген деңгейінде білім беру жүйесі дамуы айқындалады. Өндірістің және өндірістік қатынастар дамуының нәтижесінде білім берудің, білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың дамуы жүзеге асырылады. Осыған байланысты білім беру жүйесіндегі даму оның барлық құраушыларымен жүзеге асырылатындығын көруге болады.
Заманауи білім беру жүйесі дамуының негізгі екі бағыты анықталған, оның біріншісі интенсивті болса, екіншісі экстенсивті. Аталған даму бағыттарына қысқаша сипаттама беру үшін тарихи материалдарды зерделеу қажет. Ал, білім беру
жүйесінің тарихы Ежелгі Грекия кезеңінің дамуымен өзара байланысты болды және ол кезеңдерді зерделеген ғалымдардың жұмыстарының мазмұны дамудың іргетасы ретінде қарастырылады.
Тарихи материалдарды зерделеу негізінде білім беру жүйесінің, мазмұнының, құрылымының дамуын қоғамның өсіп, өркендеуімен ондағы өзгерістермен байланыстылығын көруге болады.
Акмеологияның бастау көздері Ежелгі Грекия кезеңінде адам ақыл-ой және дене дамуының шыңдарының үйлесімі ретінде кемелдену идеалына ұмтылған болатын. Адамзат қоғамының дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде идеалдар алуан түрлі болды, алайда олар әрдайым интегративті құрылымдар, табиғаты бойынша гетерогенді үдерістердің шыңдарының үйлесімі нәтижесі ретінде қарастырылды.
Акмеология бойынша 1990 жылдардағы зерттеулердің жандануы, жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына әкелді: жалпы және басқарушы акмеология (О.С.Анисимов, А.А.Деркач, В.П.Ситников және т.б.), олар адамның іс-әрекетіндегі шыңға жету жетістіктерінің жалпы заңдылықтарын және олардың басқару қызметі мен мәнсапқа енуін зерттейді, педагогикалық акмеология (Н.В.Кузмина, А.А.Реан, Ю.А.Гагин, Н.Ф.Вишнякова және т.б.), ол ересек адамның кәсіби іс-әрекетіндегі шыңның (акме) көріністері ретінде кәсібиліктің және креативтіліктің объективті және субъективті факторларын және осы факторлар қалыптасатын өнімді педагогикалық жүйелерді модельдеудің шарттарын айқындайды.
Отандық ғалымдар Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Ш.Т.Таубаева, С.А.Ұзақбаева, А.Қ.Рысбаева, Б.А.Тұрғынбаева, Қ.К.Жанпейісова, Б.А.Оспанова, К.М.Беркимбаев, К.М.Арымбаева және т.б. ғалымдар болашақ мұғалімдерді дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы мәселесінің әртүрлі аспектілерін зерттеу нысанына алған.
«Акмеология», «акмеологиялық мәдениет» ұғымдарын қазіргі таңда басылымдарда көптеп кездестіреміз. Ал енді, осы ұғымдарға тоқтала кетсек. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың бас кезеңінде қолданысқа енген ұғым. Бұл ұғымды ең алғаш рет 1928 жылы Н.А.Рыбников ұсынған. Кейін Б.Г. Ананьев бұл ұғымға анықтама беріп, оның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен. Ол адамның онтогенездік дамуын зерттейтін ғылымдарды келесідей орналастырады: эмбриология, морфология, онтология, гнесеология,
физиология, психология, педагогика, аксиология, акмеология, геронтология және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет