Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет203/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205
Акмеология

Тұлғаның кəсібилігі – прогрессивті дамуға бағытталған
құндылық бағдарларды жəне мотивациялық сфераны, қалаулардың 
адекватты деңгейін, креативтіліктің жоғары деңгейін, кəсібиліктің 
акмеологиялық инварианттарын, кəсіби тұлғалық жəне тұлғалық-
іскерлік сапалардың дамуының жоғары деңгейін көрсететін, еңбек 
субъектісінің сапалық сипаттамасы. 
Тұлғаның қалыптасуы – бұл тұлғалық мəндерді игерудің 
көпқырлы үдерісі, оның маңызды сипаттамасы ретінде, 
ықтималдының өзектіге өту алынады. 


386
387
Тұлғаның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті 
– бұл қабілеттердің мақсатты бағытталған, тұлғалық-маңызды 
шығармашылық іс-əрекетпен синтезі, оның барысында тұлғаның 
шығармашылық мүмкіндіктері байқалады. 
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы – адамның өзінің өмірлік жолын, 
мақсаттарын, құндылықтарды, адамгершілік нормаларды, болашақ 
кəсіпті жəне өмір сүру жағдайларын өз бетімен таңдауы. 
Тұлғаның шығармашылық өзіндік дамуы – өзін-өзі тану, 
шығармашылық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, тұлғаның өзін-
өзі жүзеге асыру жəне өзін-өзі жетілдіру сияқты жүйе құраушы 
үдерістердің тиімділігін арттыруға жəне жеделдетуге бағытталған, 
субъект-субъектілі шығармашылық іс-əрекеттің ерекше түрі. Өзін-
өзі дамыту – тұлғаның психологиялық мəртебесін белсенді, бірізді, 
прогрессивті жəне біртұтас қайтарымсыз сапалық өзгерту үдерісі. 
Тұлғаның қалыптасуы – тəрбиенің, оқытудың, əлеуметтік 
ортаның сыртқы əсерлерінің ықпалымен тұлғаны дамыту жəне 
қалыптастыру үдерісі; тəрбие мен оқытудың əсерімен тұлғаның 
сапаларын, оның белгілі қырларын мақсатты бағытталған тұрғыда 
дамыту үдерісі; адамды субъект жəне қоғамдық қатынас объектісі 
ретінде қалыптастыру үдерісі.
Іс-əрекеттің кəсібилігі – еңбек субъектісінің жоғары кəсіби 
біліктілігін жəне құзыреттілігін көрсететін, тиімді кəсіби дағдылар 
мен біліктердің алуан түрлілігін, шығармашылық шешімдерге 
негізделетін, кəсіби міндеттерді шешудің қазіргі заманғы 
алгоритмдері мен тəсілдерін меңгергенін көрсететін сапалық сипат-
тамасы, бұлар өз кезегінде іс-əрекетті жоғары тұрақты өнімділікпен 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Шеберлік – шығармашылық тұғыр мен икемді дағдылар 
негізінде, белгілі салада кəсіби біліктердің жоғары деңгейі ретінде 
тəжірибе арқылы меңгерілетін, тұлғаның қасиетін сипаттайтын
еңбек психологиясы мен акмеологияға қатысты категория. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет