62
63
дағы түбегейлі айырмашалықтардың айқын болмауы (Н.Д. Ни-
кандров, М.В. Богуславский, В.М. Полонский).
3. Құзыреттілік тұғырдың пəндік жəне жас ерекшелік ара-
қатынасының болмауы (Г.Н.Филонов), сонымен бірге, құзыреттілік
тұғырды ендірудің ұйымдастырушылық-басқарушы аспектілерінің
болмауы (Н.Д.Никандров, И.И.Логвинов).
4. Стандарттарды құрастырудағы ұлттық-мəдени, əлеуметтік-
саяси жəне əлеуметтік-психологиялық контекстің, ондағы құ-
зыреттілік тұғырды жүзеге асырудың айқын болмауы (В.И. Сло-
бодчиков, Т.М. Ковалева).
Атап өтетін бір жайт, құзырлылыққа бағдарланған білім беру
(құзырлылыққа негізделген білім: competent-based education – CBE)
Америкада адамның əлеуметтік-кəсіби өмір сүруінің интеллекту-
алды жəне тұлғалық негізделген іс-əрекет тəжірибесіне, білімдерге
негізделген «құзырлылық» ұғымының жалпы контексінде қалып-
тасты.
Құзырлылық жəне құзыреттілік мəселелері бойынша еңбектерді
талдау (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Марко-
ва, В.Н. Куницына, Г.Э. Белицкая, Л.И. Берестова, В.И. Байденко,
А.В. Хуторской, Н.А. Гришанова жəне т.б.) білім берудегі СВЕ-
тұғырдың қалыптасуының үш сатысын шартты түрде анықтауға
мүмкіндік береді.
Бірінші саты (1960-1970 жж.) ғылыми аппаратқа «құзырлылық»
категориясын ендірумен, құзырлылық жəне құзыреттілік ұғым-
дарын ажыратудың алғашарттарын құрумен сипатталады. Осы
уақытқа дейін трансформациялық грамматика жəне тілдерді оқыту
теориясының аясында, тілдік құзырлылықтың алуан түрлерін
зерттеу басталды, «коммуникативті құзыреттілік» ұғымы енгізіледі
(Д. Хаймс).
Екінші саты (1970-1990 жж.) құзырлылық жəне құзыреттілік
категорияларын тілдерді оқытудың теориясы мен тəжірибесінде
қолданумен, сонымен бірге басқаруда, менеджментте, қарым-
қатынасқа оқытуда кəсібилікке оқытуда қолданумен сипатталады;
«əлеуметтік
құзырлылықтар/құзыреттіліктер»
ұғымдарының
мазмұны құрастырылады.
Ғылыми категория ретінде құзыреттілікті зерттеудің үшінші
сатысы білім беруге қатысты, ол өткен ғасырдың 90-жылдары
басталды жəне А.К. Маркованың еңбектерінің пайда болуымен
байланысты (1993, 1996), аталған еңбектерде еңбек психологиясы-
ның жалпы контексінде кəсіби құзыреттілік жан-жақты жəне арнайы
қарастырудың пəні болды. Осы кезеңдегі еңбектерде, құзыреттілік
ұғымы алуан түрлі түсіндіріледі: кəсібиліктің синонимі жəне оның
бір құрамдасы ретінде.
Құзыреттілік тұғыр – бұл нақты өнімді алумен қайта құрушы
іс-əрекеттің тəсілдерін, тəжірибенің бейімделген мүмкіндіктерін,
біліктерін, хабардар болудың кешенді жүйесін дамытуға бағ-
дарланған, білім беру үдерісінің логикасын анықтайтын жалпы
қағидалардың жиынтығын О.Е. Лебедев құзыреттілік тұғырға
қатысты атап көрсетеді:
– білім берудің мəні білімгерлердің əлеуметтік тəжірибені
қолдану негізінде, іс-əрекеттің түрлерінде, алуан түрлі салаларда
мəселелерді өз бетімен шешу қабілетін дамытудан құралады, оның
элементі ретінде білімгерлердің өзіндік тəжірибесі алынады;
– білім берудің мазмұны танымдық, дүниетанымдық, адам-
гершілік, саяси жəне басқа мəселелерді шешудің дидактикалық
бейімделген əлеуметтік тəжірибесі болып табылады;
– білім беру үдерісін ұйымдастыру, білімгерлердің білім мазмұ-
нын құрайтын танымдық, коммуникативті, ұйымдастырушылық,
адамгершілік жəне басқа мəселелерді өз бетімен шешудің тəжірибе-
сін қалыптастырудың жағдайларын құрудан құралады;
– білім беру нəтижесі, білімгерлердің оқытудың белгілі сатысын-
да қол жеткізген білімділіктің деңгейлерін талдауға негізделеді.
Атап өтетін бір жайт, білім берудегі құзыреттілік тұғырдың мəнін
сипаттайтын ұғымдық аппараттың біржақты анықтамасы болмайды.
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде «құзы-
реттілік» жəне «құзырлылық» ұғымдарының анықтамасына қатыс-
ты алуан түрлі тұғырлар анықталған.
С.Е. Шишов жəне И.Г. Агапов құзырлылық деп оқу-танымдық
үдеріске тұлғаның өз бетімен қатысуына бағдарланған, оны еңбек
іс-əрекетіне жетістікпен ендіруге бағытталған, оқыту нəтижесінде
меңгерілген білім мен тəжірибеге негізделген, тұлғаның іс-əрекетке
деген жалпы қабілеттілігі мен даярлығы ретінде түсіндіреді.
Д.Б. Эльконин құзыреттілікті индивидті іс-əрекетке ендіру
сəтінде алынған біліктілік сипаттамасы ретінде анықтайды.
Б.И. Хасан құзырлылықты – мақсаттар (адамның алдына қой-
ған), ал құзыреттілікті – нəтижелер ретінде анықтайды.
|