70
71
Құзыреттілік тұғыр арқылы білімгерлерді даярлау нəтижелерін
аса толық жəне негізді түрде сипаттауға болады, білімгерлердің
жоғары білікті маман ретіндегі қызметі, оның тек даярлығын ғана
емес, сонымен бірге технология əлемінде, қоғамдық өмірдегі
динамикалық өзгерістердің заманауи жағдайындағы жұмысқа
қабілеттілігін қамтиды. Болашаққа бағдарланған маман кəсіби
іс-əрекет саласында жаңа өнімді (мысалы, бəсекеге қабілетті
өнім) құруға дайын болуы керек, сонымен қатар стандартты емес
жағдаяттарда шығармашылық, қайта құрушы ойлауды көрсете
отырып, өзінің білім қорында дайын алгоритмдердің болмауы
жағдайында жетістікпен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек. Өзінің
кəсіби іс-əрекетінің əлеуметтік мəні, сонымен бірге қоғам, табиғат,
жердегі бейбіт өмірге оның жағымсыз салдары туралы өзіне толық
есеп бере алған маман ғана құзыретті деп аталады. Қоғам жоғары
білікті мамандардан еркін рухты, демократиялық сенімдер мен
əлеуметтік салада жетістікті іс-əрекеттің гуманистік құндылықтарын
таратушы болатындай қабілетті талап етеді.
Жоғарыда
аталған
барлық
сапалар
құзыреттіліктің
дефинициясында «өзінің əлеуетін (білім, білік, дағды) табысты
шығармашылық іс-əрекетті жүзеге асыру қабілеті» ретінде
көрсетілген, онда тұлғалық сапалар ұмтылыс, саналы ұғыну,
жауапкершілік, сенімділік, дайындық жəне т.б. арқылы сипатталған
(Н.А. Гришанова).
Осылайша, маманның құзыреттілігі – бұл тұлғаның іс-əрекеттің
нəтижелерінде, əлеуметтік мəнді, жеке жауапкершілікті саналы
ұғынып, оны үнемі жетілдіру қажеттілігін сезініп, кəсіби жəне
əлеуметтік салада табысты шығармашылық (өнімді) іс-əрекетте,
өзінің əлеуетін (білім, білік, тəжірибе, тұлғалық сапалар жəне т.б.)
жүзеге асыруға бағытталған ұмтылыстары мен қабілеттері.
И.А. Зимняя осы тұрғыда біріншіден, түйінді құзырлылықтарды
топтастыруды айқындауға, теориялық тұрғыда негіздеуге ұмтылыс
жасады; екіншіден, олардың негізгі, қажетті тізімдемесін анықтауға
тырысты; үшіншіден, олардың əрқайсысына енетін компоненттерді
немесе құзыреттіліктің түрлерін анықтауға ұмтылыс жасады.
Түйінді құзырлылықтардың үш тобын анықтаудың теориялық негізі
ретінде, психологияда құрастырылған адамның қарым-қатынас,
таным, еңбектің субъектісі туралы қағидалары (Б.Г. Ананьев),
адамның қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке деген қатынастар
жүйесінде көрінетіні туралы қағидалар (В.Н. Мясищев); адамның
құзыреттілігінің акмеологиялық даму бағыты болатыны туралы
қағидалар (Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач); кəсібиліктің құзыреттілікті
қамтитыны туралы қағидалар (А.К. Маркова) алынды. Осы тұрғыда
И.А. Зимняя осы үш топқа біріктірілген құзырлылықтың 10 негізгі
түрін айқындады:
1. Тұлға, іс-əрекет, қарым-қатынас субъектісі ретінде адамға
қатысты құзырлылықтар:
• денсаулықты үнемдеуші құзырлылықтар: салауатты өмір
салтының нормаларын білу жəне сақтау; темекі шегудің, ішімдік
ішудің, нашақорлықтың, СПИД-тің қаупі туралы білу; жеке гигиена
ережелерін білу жəне сақтау; адамның дене мəдениеті, өмірді
таңдаудағы еркіндігі мен жауапкершілігі;
• əлемдегі құндылықты-мағыналық бағдарлар құзырлылығы:
болмыстың, өмірдің құндылығы; мəдениеттің, ғылымның құн-
дылықтары; өндірістің құндылығы; өркениеттің, өз елінің, діннің
құндылықтары;
• интеграция құзырлылықтары: білімді құрылымдау; білімді
ситуативті-адекватты өзектілеу; жинақталған білімді кеңейту;
• азаматтық құзырлылығы: азаматтың құқықтары мен міндетте-
рін білу жəне сақтау; еркіндік пен жауапкершілік, өзіне деген
сенімділік, өзіндік ар-намыс, азаматтық борыш; мемлекеттік рə-
міздерді білу жəне олар үшін мақтаныш сезімі;
• өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту, тұлғалық
жəне пəндік рефлексия құзырлылықтары: өмірдің мəні; кəсіби даму;
тілдік даму жəне сөйлеудің дамуы; ана тілінің мəдениетін меңгеру;
шет тілдерін игеру.
2. Адам мен əлеуметтік саланың əлеуметтік өзара əрекеттестігіне
қатысты құзырлылықтар:
• əлеуметтік өзара əрекеттестік құзырлылықтары: қоғаммен,
қауыммен, ұжыммен, отбасымен, достарымен, серіктестермен
болатын өзара əрекеттерді, кикілжіңдерді жою, ынтымақтастық,
толеранттылық, басқа адамды құрметтеу жəне қабылдау (нəсіл, ұлт,
дін, статус, рөл, жыныс), əлеуметтік ұтқырлық;
• қарым-қатынастағы құзырлылықтар: ауызша, жазбаша, диа-
лог, монолог, мəтінді қабылдау; дəстүрлерді, əдет-ғұрыптарды,
этикетті білу жəне сақтау; кросс-мəдени қарым-қатынас; іскерлік
жазба; іс қағаздарын жүргізу; бизнес тілі; шетелдік қарым-қатынас;
коммуникативті міндеттер; реципиентке əсер ету деңгейлері.
|