Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет59/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   205
Акмеология

112
113
дамытуда жəне іздеуде, шыңға жетуде кемелденген тұлғаның ілгері 
дамуының жалпы ой-пікірімен біріктірілген жəне жүргізілген 
теориялық-əдіснамалық зерттеулер нəтижесінде, акмеологияның 
əдіснамалық принциптерінің жүйесі негізделді. 
Акмеологиялық зерттеулерде қолданылатын əдіснамалық прин-
циптер, бір жағынан, адамтану кешеніне енетін ғылымдар үшін 
ортақ болады, ал екінші жағынан олардың нақты акмеологиялық 
мазмұны болады. 
Əдіснамалық мəселелерді шешуде ғылыми зерттеулерде 
«принцип» жəне «тұғыр» ұғымдары көп жағдайда ажыратылады. 
Мысалы, «жүйелі тұғыр» жəне «жүйелілік принципі» терминдерін 
кездестіруге болады. Осы мəселедегі ұстанымды түсіндірейік: 
• ғылымда принцип деп жетекші ой-пікірді, негізгі бастапқы 
теориялық қағиданы атайды; 
• тұғыр – бұл белгілі принциптерге негізделетін білімнің ерекше 
синтезі. 
Осылайша, тұғыр мен принциптің арасында тығыз байланыстар 
болатыны анық. Бірқатар танымал ғалым-психологтар мен фило-
софтар оларды бір-бірімен теңестіреді. Атап айтсақ, көрнекті 
психолог К.К. Платонов былай жазады: «Жүйелі тұғыр – бұл əрбір 
адамды жүйе ретінде түсіндіруден құралатын психологияның 
принципі». 
А.В. Брушлинский осыған ұқсас көзқарасты ұстанды, ол былай 
жазады: «...субъектілі тұғыр немесе субъектілік принципі...». Аталған 
категориялардың арақатынасының ғылымтанушы мəселелеріне 
үңілмей, біз олардың жақындығы ұстанымына сүйенеміз. 
Жүргізілген теориялық жəне əдіснамалық зерттеулер, акмеоло-
гия үшін негіз құраушы болып саналатын жалпы жəне жеке 
əдіснамалық принциптердің акмеологиялық мазмұнын негіздеуге, 
сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл бірінші кезекте келесі принциптер: 
• кешенділік;
• жүйелілік; 
• субъектілік; 
• детерминизм; 
• тұлғаның əлеуметтік детерминациясы; 
• даму, гуманизм принциптері жəне т.б.
Олардың маңыздыларына тоқталайық.
Кешенділік принципі немесе кешенді тұғыр, адамның əртүрлі 
сапалары, қасиеттері мен қалыптары, туралы білімді, өзінің іс-
əрекетін жүзеге асыратын алуан түрлі жүйелерді біріктіруге 
бағытталған. Кешенді тұғырды құрастыру Б.Г. Ананьевтің есімімен 
тығыз байланысты, ол адамды зерттеудегі жəне адам туралы білімнің 
бірігуіне қатысты біртұтас тұғырды құрастырды. 
Кешенді тұғырдың жалпы сипаттамалары: онтологиялық 
детерминанттар мен оны құраушылардың көпаспектілігін, көп-
факторлығын, əртектігін айқындауға бағыттылық. Гуманитарлы 
пəндерде зерттеудің кешенділігіне бағдарлану, жаңа ғылыми 
саланың – адамтанудың пайда болуына əкелді, аталған саланың 
мақсаты ретінде, адамды зерттеудегі біртұтас интегративті тұғырды 
құру алынды. 
Акмеологиядағы кешенді тұғыр адамның индивид, іс-
əрекет субъектісі, тұлға жəне даралық ретінде ілгері дамуының 
заңдылықтары мен механизмдері туралы əртүрлі деңгейдегі білімді 
біріктіруге бағытталған. Акмеологиядағы кешенді тұғырдың 
өзгешелігі, адамды шынайы жетілдіру мен зерттеудің бірлігіне 
бағдарлануды қамтиды. 
Жүйелі тұғыр кешенді тұғырмен тығыз байланысты болса да, 
одан өзгешелеу. Оның негізгі түпкі ойы, объектіні реттелген жəне 
күрделі ұйымдасқан, əртүрлі өзара байланысқан элементтерден 
құралатын біртұтас жүйе ретінде зерттеуден құралады. Пси-
хологиялық зерттеулерде жүйелі тұғыр А.А. Бодалев, В.А. Ганзен, 
Е.А. Климов, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, К.К. Платонов жəне 
т.б. ғалымдардың еңбектерінің нəтижесінде қарқынды дамыды. 
Психологиялық білімнің, тұлғаның құрылымының, психикалық 
күйлердің, іс-əрекетінің, бірқатар психикалық функциялардың 
жүйелі сипаттамалары құрастырылды. 
Акмеологияда жүйелілік принципі тұлғаның ілгері дамуының 
мазмұнын жəне акмеологиялық жүйе ретіндегі оның тұлғалық-
кəсіби дамуының мазмұнын ашуға мүмкіндік береді. Мынадай 
пікір қалыптасқан: акмеологиядағы жүйелі тұғырдың өзгешелігі 
сонда, оның объектілерінің нақты айқындалған деңгейлік жүйелі 
құрылымы болмайды, себебі дамумен байланысты динамикалық 
өзгерістер, осы үдерістердің гетерохрондығы құрылымды аса 
қозғалмалы жəне ауыспалы етеді, мұнда жүйенің бейне-мақсаттары 
айқын белгіленеді. 
Мұндай көзқарас акмеология ғылымының қазіргі деңгейін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет