Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет61/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   205
Акмеология

116
117
Өзін-өзі дамытуға ынталандыратын ішкі жағдайларды анықтау, 
осы дамудың детерминанты кез келген акмеологиялық зерттеудің 
маңызды құрамдасы болуы қажет. 
Екінші бағыт бойынша, дамудың қозғаушы күші ретінде тұл-
ғаның өзі алынады. 
Үшінші бағыт бойынша, тұлғаны жетілдіру үдерісінің екіжақты 
детерминациясы болады: ішкі (əлеуетті ашу) жəне сыртқы (саналы 
ұғынатын жəне қабылданатын сыртқы əсерлер). Мұнда əлеуметтік 
детерминация жеке деңгейге өтеді. 
Акмеологиядағы даму принципі, тұлғаны жетілдіруге, ілгері
дамуға бір бағытты-бағдарлану ретінде түсіндіріледі. Мұнда 
адамның дамуы индивид, іс-əрекет субъектісі жəне даралық ретінде 
даму тұрғысында жүзеге асырылуы қажет. Акмеологияда дамудың 
гетерохронды сипаты бойынша, əзірге үйлесімді даму туралы 
сөз болмайды, сонымен қатар көптеген зерттеушілер осы дамуға 
ұмтылыстың қажеттілігін атап көрсетеді. 
Акмеологиядағы даму принципін қолдану келесі компоненттерді 
қамтиды: 
• дамуды жетілдіруге, кемелденуге, жоғары деңгейге қозғалыс 
ретінде түсіндіру; 
• дамудың субъектілік сипатын тану немесе мойындау; 
• дамуды субъектінің шешетін қарама-қайшылықтар арқылы 
жүзеге асыру; 
• дамудың жеке сипаты; 
• əртүрлі саладағы дамудың көпжоспарлылығы; 
• даму үдерісінде əлеуетті жүзеге асыру. 
Акмеологияда тұлғалық дамуды түсіндірудің сипатты белгісі 
ретінде, оның мəдениеттің дамуымен байланысы алынады. Сон-
дықтан акмеологияда тұлғаның мəдениеті мəселесі даму нəтижесі 
мен өмір сүрудің тəсілі ретінде қойылады. 
Келесі маңызды əдіснамалық принцип адамды өзінің ілгері
дамуында индивид, тұлға, іс-əрекет субъектісі жəне даралық ретінде 
зерттеудің қажеттілігін қамтиды. Бұл принцип акмеологияның 
қалыптасуының қазіргі сатысындағы басты міндетіне байланысты 
болады, аталған міндет кəсібилікті тұлғалық көріністердің алуан 
түрлілігінде дамытуды құрайды. 
Қазіргі заманғы акмеологиялық зерттеулерде, кəсіпқой біршама 
дəрежеде индивид жəне еңбек субъектісі ретінде қарастырылады
аз дəрежеде тұлға ретінде, ең аз шамада – даралық ретінде 
қарастырылады. Акмеологияның даму шамасына қарай бұл принцип 
толыққанды дəрежеде жүзеге асырылатын болады. 
Акмеологиялық зерттеулерде психологияда кең таралған əдіс-
намалық принцип алынады, аталған принципке сəйкес екі тең 
объект – адам мен іс-əрекеттің зерттелуі қажет. Басқаша айтқанда, 
адамды іс-əрекеттен тыс жəне іс-əрекетті адамнан тыс зерттеуге 
болмайды. Акмеологияда аталған принципті жүзеге асыру, аталған 
сатыда маңызды акмеологиялық категорияның – «кəсібиліктің» 
мазмұнын ашуда жүзеге асырылады. Кəсібилікті оның қасиеттері-
мен диалектикалық бірлікте, тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігі 
ретінде қарастыру ұсынылады. 
Тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігін жеке, оқшауланған 
түрде зерттеу əдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес. Алайда, өзін-өзі 
жетілдіруді ерекше іс-əрекет ретінде қарастыратын болса, онда 
аталған принцип кəсібилік мəселелерімен шектелмейді. Аталған 
принципті терең мазмұнына қарай қолдану, арнайы зерттеулерді 
талап етеді. 
Тəжірибе көрсеткендей, акмеологиялық зерттеу нəтижелерін 
талдау, «жекедегі жалпыны» зерттеуден құралатын əдіснамалық 
принципке сүйеніп жүзеге асыруды көрсетті. Ол жалпы, ерекшені 
жəне бірегейді іздеуде жүзеге асырылады, ол кемелденген 
тұлғаның 
ілгері 
дамуымен 
байланысты. 
Акмеологиялық 
зерттеулерде аталған принцип, кəсібилікті қалыптастырудың жалпы 
заңдылықтарын зерттеуде байқалады, сонымен бірге нақты кəсіби 
іс-əрекетке тəн заңдылықтарды, кəсіби шеберлікке қозғалыстың 
жеке траекторияларын зерттеуде байқалады. Аталған принцип 
кəсібиліктің жалпы жəне өзгеше акмеологиялық инварианттарын 
анықтауда жүзеге асырылады. 
Белсенділіктің əдіснамалық принципі. Өзінің мазмұны ақи-
қаттығы мен мəнділігіне қарай, ол ерекше түсіндіруді талап етеді. 
Өзінің бірінші «инженерлік-психологиялық нұсқасында» негіздел-
ген белсенді оператор принципі ретінде, ол акмеологиялық 
зерттеулерде əрі қарай дамыды. Аталған принцип көп жағдайда 
субъектілік принципінің жекеленген нұсқасы ретінде қарастырылады 
жəне кəсібилікке қозғалыс траекториясын анықтауда, тұлғалық-
кəсіби дамудың құралдары мен əдістерін таңдауда еңбек субъектісі-
нің басымдылық рөлін қамтиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет