184
185
В.И. Слободчиков ортаны байланыс жəне құрал ретінде
түсіндіруге сүйенеді. Бұл анықтаманы білім беру ортасын тұлғаны
берілген үлгі бойынша қалыптастырудың əсерлері мен жағдайлары
жүйесі ретінде қарастырып нақтылауға болады, сонымен бірге
əлеуметтік жəне кеңістіктік-заттық ортадағы тұлғаны дамытудың
мүмкіндіктерін қарастырып нақтылауға болады. Білім беру ортасы
мазмұнының толықтырылуымен, оның өзгеруінің жылдамдығымен,
өрістік тəуелділігімен, өзгермелілігімен, сонымен бірге кеңдігімен,
қарқындылығымен, модальдықпен, саналы ұғынылу дəрежесімен,
тұрақтылығымен сипатталады. Л.И.Туктаева өзінің зерттеуінде
көрсеткендей, білім беру ортасының сыртқы жəне ішкі формалды
аспектілері, қозғалмалы жəне олардың салыстырмалы тұрақты-
лығы, оқу жылының, оқу жоспарының аясымен анықталады. Мұнда
білім беру ортасы бір білім беру кеңістігінде оқу жоспарымен жəне
басқа білім беру кеңістігіндегі жұмыс жоспарымен толықтырылуы
тіркеледі.
Білім беру ортасын зерттеушілер маңызды нəрсені қамтитын
құрал ретінде емес, білімгерлерге білімнің мағынасын, мəнін
ашатын, оларды жүзеге асыруға көмек беретін, кеңістіктік-уақыттық
байланыс, педагогикалық хронотоп ретінде түсіндіреді.
Үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру ортасының эле-
менттерінің өзара негізделген қызметі, білім беру үдерісін
оңтайландыруды қамтамасыз ету керек.
Алайда, білім беру ортасын акмеологиялық орта ретінде айту
үшін бұл сипаттама жеткіліксіз.
Егер мақсатты бағытталған өзара əрекеттің нəтижесінде, білім
беру үдерісінің қатысушыларында өзін-өзі дамыту интенциясын
өзектілеу үшін, өзінің шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру үшін,
өзін акме-бағдарланған өзіндік өзгерудің субъектілері ретінде
саналы ұғынуы үшін объективті мүмкіндіктер туындайтын болса,
онда білім беру ортасын акмеологиялық орта деп анықтауға болады.
Нəтижесінде, аталған ортаны акмеологиялық орта деп анықтауға
мүмкіндік беретін білім беру ортасының жүйе құраушы элементтерін
айқындау қажет.
С.В.Волкова атап көрсеткендей, білімгерлердің қажеттілігі
оқыту үдерісінде жаңа мағыналарды ашады, нəтижесінде өзін-өзі
тану, өзін-өзі түсіну, тұлғалық даму үдерістері арнайы құрылған,
эмоционалды ынталандырушы оқу ортасында белсендіріледі.
Е.А.Павленко білімгерлердің өзін-өзі дамыту үдерісін педагогика-
лық қолдауды ұйымдастыру жағдайларын зерттей отырып, білім
беру ортасының келесі компоненттерін ажыратып көрсетті, олар өз
кезегінде білім беру ортасын өзін-өзі дамыту үдерісін белсендіруді
қамтамасыз ететін қолдаушы орта ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді:
• білім беру үдерісінің субъектілерін дамыту жəне өзіндік дамы-
ту жағдайлары;
• білім беру үдерісінің субъектілерінің өзара əрекеттестік фор-
малары;
• ұжымдағы психологиялық ахуал;
• білім беру үдерісінің субъектілері үшін таңдау еркіндігі;
• үдерістің барлық субъектілерінің өмір сүруінің қолайлылығы;
• педагогтің кəсіби ұстанымы.
В.В.Семикин педагогикалық өзара əрекетте психологиялық
мəдениет мəселелерін зерттеп, білім беру үдерісінің барлық
субъектілері үшін білім беру ортасының аса маңызды сипаттамала-
рын эмпирикалық тұрғыда көрсетті:
• педагогтармен өзара қатынас;
• білімгерлермен өзара қатынас;
• эмоционалды жайлылық;
• өзінің көзқарасын жəне пікірін білдіру мүмкіндігі;
• өзіне сыйласымды қатынас.
Мұнда В.В.Семикин жүргізген эксперименттің зерттеу
нəтижелері,
білім
беру
ортасымен
қанағаттанушылық
психологиялық мəдениетпен, дара-типологиялық ерекшеліктермен,
өзіндік құрметпен, психологиялық қауіпсіздікпен, эмоционалды
жайлылықпен өзара байланысты болатынын көрсетті.
Көріп отырғанымыздай, С.В. Волкова, Е.А. Павленко,
В.В. Семикиннің зерттеулерінің нəтижелері, өзін-өзі дамыту үдерісін
белсендіруді қамтамасыз ететін білім беру ортасының элементтері
сəйкес келетінін көрсетті. Сонымен бірге, білім беру ортасының
осы элементтерінің болуы, оның тиімді қызметі, əлеуметтік-
психологиялық, педагогикалық жəне дидактикалық жағдайлармен
қамтамасыз етіледі.
Нəтижесінде, акмеологиялық орта – бұл тұлғалық-бағдарлы
тұғырдың негізгі принциптеріне сəйкес ұйымдастырылған,
білім беру үдерісінің субъектілерінің дара-психологиялық,
|