188
189
əлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде «білім беру кеңістігі»
ұғымы ашылады, ол ұғым болашақ мамандардың көпфункционалды
кəсіби білімдерін практикалық тəжірибемен бірлікте қалыптастыру-
ды қамтамасыз ететін, əртүрлі білім беру жүйелерінің іс-əрекетін
ұйымдастырудың аймақтық аспектісін көрсетеді; сонымен бірге,
педагогикалық іс-əрекет саласындағы көптеген қатынастар мен
байланыстарды туындатады; субъектілердің алуан түрлі білім беру
ұсыныстарын жəне кəсіби маңызды əлеуметтік тəжірибені саналы
ұғынуға ықпал етеді.
Ортаның акмеологиялық əлеуетін өзектілеудің тəсілдері
айқындалған: дифференциация, яғни ойлау жəне заттық-практика-
лық операция, ортаның интеграциясы, яғни базада немесе қорда
болмаған нəрсені құру; немесе позитивті тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған психологиялық-акмеологиялық үдерісті оңтайландыру
мақсатында алмастыру.
Акмеологиялық орта жүйесінде болашақ маманды қалыптастыру
сапасының негізгі параметрлері ретінде, кəсіби даярлық, құзыретті-
лік жəне бəсекеге қабілеттілік алынады.
Өмір мен іс-əрекеттің динамикалық өзгермелі жағдайында,
социумды инновациялық қайта құрудың міндеттерін қоюда,
маманның, сонымен бірге кəсіби топтардың ұжымның, қоғамның
шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру идеясы өзектіленеді.
Социумның тұрақты дамуын қолдайтын үдерістердің акмеологиялық
резерві ретінде, инновациялық технологияларды қолданатын, бір
мезгілде кəсіби ортаны қайта құратын акмеологиялық орта мен
белсенді кəсіпқой алынады.
Кəсіпқойдың акмеологиялық дамуын түсіндіруді салыстыра
отырып, олардың жаңа идеяларды туындату қабілетін, жаңалықты
өмірге ендіру қабілетін, оны күрделі интегративті феномен ретінде
түсіндіруді қамтитын диапазонын атап өткен жөн.
Кəсібиліктің пайда болуы мен жетілдіруін қарастырып, көптеген
зерттеушілер тұлғалық-кəсіби дамытудың нақты сатыларымен
шектеледі, көп жағдайда жоғары оқу орнында, үздіксіз білім беру
жүйесінде, маманның таңдаған кəсіптің əлеміне жеке енуінде
оқытудың кезеңдері ашылады.
Ортаны акмеологиялық типтегі ортаға қайта құру жағдайы
жəне маманның шығармашылық əлеуетін параллельді жүзеге
асыру анықталады (В.И. Иванова, К.В. Петров, М.И. Плугинаның
диссертациялары).
Тұлғаның кəсібилігі жəне маманның іс-əрекетін дамитын
акмеологиялық ортаны практикалық құру мен теориясын құ-
растырудың ауқымды мəселесі қойылады (принциптерді, заң-
дылықтарды, стратегиялар мен тактикаларды, модельдер мен
алгоритмдерді қамтиды).
Қазіргі заманауи ғылымда, ортаның əрекетінің бағыттылығын,
ішкі жəне сыртқы өзара байланыстарын, құрылымы туралы
ұғымдарын қамтитын акмеологиялық ортадағы кəсіпқойды
дамыту теориясын құрудың алғышарттары болады. Бұл тəжірибеде
акмеологиялық бағыттылықты ұсынып, ұйымдастырушылық
ортаның шынайы қалпына сүйеніп, алгоритм жəне акмеологиялық
модель бойынша кəсібиліктің ұсынылған деңгейін құруға мүмкіндік
береді. Акмеология ғылымы орта мен кəсіпқойды дамытудың
деңгейін қалыптастыруға қажетті, аналитикалық, сараптамалық
модельді, диагностиканың модельдері мен əдістерін құрастырды.
Өзара əрекет ететін үдерістерді – кəсібилікті сатылы дамыту
жəне ортаны қайта құру үдерістерін біріктіруден құралатын
акмеологиялық ортадағы кəсіпқойды дамыту үдерісінің мəні
құрастырылған.
Бұл мəннің маңызды құрамдастары ретінде болатындар:
– маманның деңгейі, ол маманның тұлғалық енгізілуін, қа-
лыптасатын іс-əрекеттің мақсаттары мен мағынасын өзектілеуін
қамтамасыз ететін, кəсіби іс-əрекетті меңгеру мен өзін-өзі өзектілеу,
бейімделу сатыларымен, яғни ұйымдастырушылық ортаға сəйкес
келеді;
– кəсіпқойдың деңгейі, ол кəсіпқоймен өзара əрекетті кеңейте-
тін, ашық кəсіби кеңістікте кəсіби маңызды сапаларды еркін
меңгерумен, қолдау тапқан əрекеттерді өзіндік өзектілеу сатысында
пайда болатын, имитациялық əрекеттермен, субъектілі енгізілумен,
операционалды жəне рефлексивті компоненттердің мазмұнын бе-
йімдеу сатысында акмеологиялық қалыптастырушы ортаға сəйкес
келеді;
– өзіндік өзектілеу сатысында еңбек субъектісі ретінде кəсіпқой-
дың деңгейі, гностикалық, эмоционалды-ерікті, ұйымдастырушы-
лық, əлеуметтік-перцептивті, тактикалық-стратегиялық компо-
ненттердің интеграциясымен, даралықтың, шығармашылық өзіндік
жүзеге асырудың көрінуімен айрықшаланады; кəсіби кеңістікте
іріктеу есебінен тарылатын, жабық кеңістікте шеберліктің сəйкес
|