Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет109/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Графикалық ақпараттарды ұсыну. Компьютерде суретті 
ұсыну мəселесін шешудің екі тəсілі бар: растрлық жəне векторлық. 
Декомпозициялауда екі тəсілдің де мəні бір, яғни оңай сипаттауға 
болатын суреттің бөліктерге бөлінуі. 


315
Растрлық тəсіл – кішкентай бір түсті элементтер мен 
бейнепиксельдердің қосылып ортақ бір суретті беретін кескіндердің 
жиынтығы.
Мұндай жағдайда бейнеақпарат осы элементтердің нақты бір 
түсін қарастыруда өзін көрсетеді. Векторлық тəсіл бұл – сызық, 
доға, шеңбер жəне тік төртбұрыш тағы басқа сияқты геометриялық 
элементтер жинағынан тұратын кескіндер. Мұндай тəсілде 
бейнеақпарат – бұл аталған элементтердің экран дисплейіне қатысты 
координаттар жүйесінде математикалық сипатталуы. 
Векторлық тəсілді көбінесе сызба, сұлба жіңішке сызықты су-
реттерде қолданылады.
Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын 
мəліметтер жиынтығы.
Растрлық тəсілдің əмбебап екенін түсіну қиын емес, яғни суреттің 
сипатына қарамастан жұмыс жасай береді. Кез келген дискретті 
(пиксельді) сурет құрылымы монитор экранында, бейнежадта 
растрлық түрде ұсынылады. Қазіргі кездегі ДК-де тек кескіндерді 
жол сайын жазатын принцип бойынша жұмыс жасайтын растрлық 
дисплейлер қолданылады.
Бейнежадтағы ақпарат экранның əрбір пикселінің түсінің 
кодтарының жиынтығын ұсынады. Бұдан кескінді ұсыну туралы 
сұрақтардың түстерді кодтау əдістерімен байланысты екенін ұғамыз.
Дисплей экранындағы əр түрлі түстерді алудың физикалық 
принципі үш негізгі қызыл, жасыл жəне көк түстердің (RGB-моделі) 
араласуымен анықталады. Демек, пиксель кодымен алынған ақпарат 
оны құрайтын əрбір түстің қандай болатыны туралы мəліметтерден 
тұруы керек.
Түс кодының разряды-b мен түстің санының-K байланысы K=2

формуласымен анықталады. Компьютерлік графика əдебиеттерінде 
b шамасын түстің биттік тереңдігі деп атау қабылданған.
Осылай аталатын түстердің табиғи палитрасы b=24 тең болғанда 
пайда болады. Палитра мұндай бит тереңдiгi үшiн 16 миллион 
түстер енгізеді. 
Векторлық тəсілде суреттер графикалық қарапайым элементтер: 
түзу сызықтар, доғалар, шеңберлер, эллипстер, тік төртбұрыштардың 
жиынтығы ретінде қаралады. Графикалық ақпарат – бірмəнді кескінді 
құрайтын, барлық графикалық қарапайымдарды анықтайтын 
мəліметтер.


316
Графикалық қарапайымдардың формасы мен орналасу жағдайы 
экранмен байланысқан графикалық координаталар жүйесінде 
беріледі. Əдетте координатаның басы экранның сол жағында 
орналасқан. Пиксельдердің торы координаталық тормен сəйкес 
келеді. Көлденең Х өсі солдан оңға; тiк Y өсі – жоғарыдан төменге 
қарай бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет