1-кесте
Техникалық қауiпсiздiк бойынша нұсқау өткiзудi тiркеу
журналы
№
Нұсқау
алушы-
ның
фамилия-
сы
Күні,
мерзімі
Нұсқау
аттарын
көрсету-
мен нұсқау
өткiзудiң
мазмұны
Нұсқау
өткiзушi-
нiң А.Ж.Т.,
қызметi
Нұсқау
өткiзушi-
нiң қолы,
қызметi
Нұсқау
алушы-
ның
қолы
Тəжiрибе көрсеткендей, мектептегi информатика кабинетi
қызметiн ұйымдастырудың маңызды түрi оқу-əдiстемелiк семинар
болуы мүмкiн, оның жұмысына информатика мұғалiмдерi ғана емес
басқа пəн мұғалiмдерi де тартылады. Семинар оқытуда АКТ-ны
қолдану тəжiрибесiн таратуды, жаңа программалық құралдармен та-
ныстыруды, мұғалiмдерге ЭЕМ-де жұмыс iстеу негiздерiн оқытуды,
оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi бағыттарын тал-
дауды жəне т.б. тарату үшiн ұтымды қолданылуы мүмкiн. Семинар
жұмысының бағыты əр түрлi, мұғалiмдердiң ақпараттық мəдениетiн
жетiлдiру шарасы бойынша өзгеруi мүмкiн. Мектепте басқа пəн
мұғалiмдерi АКТ құралдарын толық меңгермеген жағдайда,
сыныптағы оқу пəнi бойынша ақпараттық технология құралдарын
қолданып сабақ өткiзуде екi мұғалiмнiң (информатика жəне пəн
мұғалiмдерi) бiрлескен жұмысын қаржыландыру ұсынылады.
ЕТК меңгерушiсi жұмысына зертханашы (немесе техник) көмек
көрсетедi. Зертханашы (техник) кабинет меңгерушiсiнiң тiкелей
178
қол астында болады жəне оның алдында оқу жабдықтарын пайда-
лану жəне олардың дұрыс, бұзылмай сақталуы жайлы есеп бередi.
Зертханашы ЕТОК-ның барлық жүйесiн, оларды күту тəртiбiн,
көрнекi құралдар мен техниканы сақтау шартын бiлуi мiндеттi.
ЕТК-нiң болашақтағы даму жоспарына сəйкес зертханашы каби-
нет меңгерушiсiнiң жетекшiлiгiмен қажеттi оқу жабдықтарын алуға
қатысады, есеп, инвентризациялық жазу жүргiзедi.
Зертханашы
мұғалiм
жоспары
бойынша
жəне
оның
жетекшiлiгiмен сабаққа жабдықтар даярлайды. Зертханашы оқу-
шылардың қауiпсiздiк техника ережелерiн сақтауын, өртке қарсы
жəне алғашқы көмек құралдарының үнемi дайындығын қамтамасыз
етедi, сабақ кезiнде бұзылып қалған техниканы тiзiмдейдi, сонымен
қатар iстен шықққан құралдарға кiшiгiрiм жөндеу жасайды.
Санитарлық ережелер мен нормативтерге сəйкес информатика
кабинетiнде 18 кв. м-ден кем емес, екi есiгi бар, бiрi - оқу ғимаратына,
екiншiсi – басқыш алаңына шығатын лаборанттық алаң болуы керек.
Программалық
жабдық
информатика
оқыту
құралдар
жүйесінің ажырамас компоненті болып табылады, ал қамтыманың
ең аз дегендегі жиынтығы информатика кабинетінің құралдар
жиынтығының құрама бөлігі болып табылады.
Нормативті құжаттар [16] жəне т.б. информатика кабинетін
информатика курсын жəне басқа да оқу пəндерін оқытуға қажетті
оқыту бағдарламаларымен қамтуды ұсынады.
«Ортақ орта білім саласында ақпараттандыру жəне комму-
никация, есептеуіш техника құралдарын тиімді жəне қауіпсіз
қолданудың
педагогика-эргономикалық
шарттары» [28]
құжатында көрсетілгендей, білім саласында есептеуіш техника
жəне программалық жабдықтар құралдарының функционалдық
міндеттері кең қолдану диапазонында қарап келе жатыр:
– кəсіптік даярлау, арнайы жəне орта білім пəндерін оқу кезінде
оқыту құралы ретінде;
– ақпараттық желілердің функционалдығын қамту (жергілікті
жəне арнайы) жəне телекоммуникация;
– оқушыларда ақпараттық мəдениетті, ЭЕМ жəне заманауи
қолданбалы программалармен тəжірибелік жұмыстарын жасау
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;
– оқыту үдерісін басқару жүйесінде жəне оқыту орындарының
ішіндегі құжаттар мен құжатты рəсімдеуді автоматтандыру;
– мультимедиалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық
179
технологиялар негізінде оқытушы-зерттеушілік жұмыстарды
ұйымдастырып жүзеге асыру;
– бақылау үдерісін, оқыту іс-əрекетінің қорытындылаурын рет-
теуге, тестілеуді жəне психикодиагностиканы автоматтандыруды
қамтамасыз ету;
– оқытушы, демонстрациялаушы құрылғыларды басқару,
оқытушы эксперименттердің қорытындыларын өңдеу үдерісін авто-
маттандыру;
– педагогикалық программалық жабдығын жəне онымен байла-
нысты ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың қамтамасын жасау.
Информатика курсының толық бағытталуы мынадай мəселелерді
шешуі тиіс:
– курсты оқыту қолдауышы (теориялық сұрақтарды оқу, ЭЕМ-
мен жұмыс жасау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру);
– оқыту үдерісін басқаруды, оқыту іс-əрекетін автоматтандыру
үдерісін қамтамасыз ету;
– оқушылардың ортақ дамуына жəне оқыту іс-əрекетінің
мəдениетін көтеретін мамандандырылған білік пен дағдыны
қалыптастыру (мəтіндік редактормен, оқытушы электрондық
құралдармен, ақпаратты-іздеу құралдарымен, əртүрлі графикалық
жəне музыкалық редакторлармен жұмыс жасау дағдылары).
Информатиканы оқыту үдерісінде негізгі мəселелердің бірі
программалық жабдықтаудың əр түрлі түрлерін оқыту жəне олар-
ды пайдалану екенін ескеру қажет. Соның нəтижесінде инфор-
матика кабинетінде пайдаланылатын программалық, біріншіден,
жоғарыда айтылған мəселелерде шешуге; екіншіден, барлық кəсіби
программалық жабдықпен таныстыруға (информатика курсы бо-
йынша мемлекеттік білім стандартына сəйкес) мүмкіндік беруі тиіс.
Программалық жабдықты ішінде ерекше орын алатын
педагогикалық программалық құралдар (ППҚ). Олар қазіргі таңда
оқыту үдерісінде кеңінен қолданылады жəне төмендегідей мүмкіндік
береді:
– оқыту үдерісіне қатынасты жекешелендіру жəне саралауға;
– оқушылардың қателерін диагностикалай отырып интерактивті
бақылауға;
– оқыту үдерісін өзі тексеруі мен түзетуін қамтамасыз ету;
– компьютерде оқыту уақыт қысқарту;
– визуалды оқыту ақпаратын демонстрациялау;
– үдерістерді мен құбылыстарды модельдеу жəне қолдан жасау;
180
– виртуалды өмір шарттарында эксперименттерді, тəжірибелерді
жəне зертханалық жұмыстарды жүргізу;
– оңтайлы шешім қабылдау біліктіліктерін құру;
– ойын жағдайларын қолдана отырып оқу үдерісіне деген
оқушылардың қызығушылығын арттыру;
– тану мəдениеті мен ақпараттық мəдениет дағдыларын құру.
Кейінгі кезде лазерлік, əр түрлі оқу курстарының материалда-
рын қамтыған, оқыту үдерісінде сабақ үстінде оқушылардың жеке
жəне фронтальді жұмыстарын, сондай-ақ өзіндік үй жұмыстарын
демонстрациялауға арналған компакт-дисклер жоғарғы таралымға
ие болды.
Компакт-дискілер оқушының оқу материалымен интерактивті
қарым-қатынасын орнатуға, оқу материалын меңгерудің жеке
траекториясын құруға, кері байланысты «мұғалім-оқушы» орнатуға
көмектеседі.
Əйтседе қазіргі таңда барлық шығарылған құралдар
дидактикалық, эргономикалық жəне тағы басқа оқу үдерісінің та-
лаптарын қанағаттандырмайды.
Информатика
кабинетінің
программалық
жабдықтарына
қойылатын талаптар жүйесін жасауға болады:
1. Дидактикалық (əдістемелік) талаптар:
1.1. Программалық құралдардың ақпараттық технологияларға
сəйкес оқыту саласының тұжырымдамасын демонстрациялау керек.
1.2. Программалық жабдықтың оқыту үдерісінің қолжетімді
мəліметтердің өңдеу амалдарын жəне басқа да программаның
мүмкіншіліктері кіру керек. Ол оқушыларға əр сабақта сол
сабаққа сəйкес, оқытылып жатқан тақырыпқа байланысты жəне
оқушылардың біліміне программаның тиімді «нұсқасын» қолдануға
мүмкіндік береді.
1.3. Программалық жабдық оқушының өзіндік жұмыстарын жа-
сау іс-əрекетінің негізгі жұмыс құралы болып табылады.
1.4. Қолданушы интерфейс заманауи кəсіби қолданбалы
құралдардың стандартты мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Бұл
талаптың мақсаты – кəсіби программалық жабдықтау құралдарын
пайдалану кезінде қажетті болатын дағдыларды қалыптастыру.
Негізінде əмбебап программалық жабдықтау интерфейсі:
– «құлайтын» (pulldown) мəзірі бар интерактивті ұйым;
– көпконды ұйым (қажеттілігі бойынша);
181
– пернетақта жəне тышқан арқылы баскару;
– орыстілді интерфейс.
1.5 Орыс тілінде құрылымы жоғары дəрежеде жасалған жүйенің
орнатылған көмекші құралының болуы (негізгі тұжырымдамалар-
дың, ережелердің жəне қолдану əдісінің, ұсыныстардың бөлімдері-
мен бірге, механизмнің қосымша көмегімен жүзеге асырылатын).
1.6 Пернетақтаның жəне тышқанның кодталған батырмалары-
нан тұратын арнайы дайындалған файлдардан құралған программа-
лар жұмысты басқару мүмкіндігі, оқушымен сұхбат жасау жəне т.б.
( tutorial – файлдар деп аталатын).
1.7 Программалық құралды оқыту үшін оқытушы жəне
əдістемелік əдебиеттердің, сонымен қатар гипермəтіндік немесе
мультимедиялық құралдардың болуы.
1.8 Компьютерлік сыныптың мұғалім шарттарын пайдаланудың
қауіпсіздігі жəне тиімділігі, программалық жабдықтаудың əрекетін
бірізді етпейтін іс-əрекеттерден сақтау.
1.9 Педагогикалық программалық құралдарға қойылатын талап-
тар:
– ғылыми дəлелденген жəне педагогикалық ұсынылған ақпарат
(заңды, теорияны жəне оқытылып жатқан курс бойынша басқа да
білім элементтерін түсіну жүйелері);
– білім аумағына сəйкес стандарттарға материалдардың сəйкес
болуы, «қағаз» кітаптармен қоса басқа да оқыту құралдарын пайда-
лану мүмкіндігі;
– оқыту материалының жеке жəне интерактивті бағыттары;
оқудың
жеке
траекториясының
болу
мүмкіндігі;
оқыту
материалдарының қиындық деңгейлеріне жəне оны қабылдау
мүмкіндіктеріне қарай бөлінуі;
– өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты ақпаратты берудің тірі-
эмоционалдық формасы; көру мүкіндіктерін тыңдау жəне музыкалық
мүмкіндіктерінен жоғары қою; іс-əрекеттің ритмі мен темпін, оқу
материалының көлемін оқушының өзінің таңдауына мүмкіндік беру;
– сыни ойлау, қарастырылып отырған нысандарға жəне
мəселелерге аналитикалық қатынасты, оқытылып отырған
материалға байланысты оқытушы-танымдық жəне шығармашылық
тапсырмалардың болуы; оқушылардың материалдармен жұмыс жа-
сау кезінде компьютердің қатқыл дискісінде сақталған мұғалімнің
құралды жасау мүмкіндігі;
182
– достықты жəне интуитивті интерфейс; стандартты мəзірлер
мен құралдар панеліндегі батырмаларды пайдалану; жаңаланып
тұратын Интернет-ресурстарымен қатынаста болу жəне Интернет
арқылы жаңалықтар алу;
– іздеудің жетілген жүйесі;
– оқыту іс-əрекетін бағалау, бақылау қызметтерін жəне
рефлексияның болуы.
2. Эргономиялық жəне санитарлық-гигиеналық талаптар:
2.1 Программалық жабдықтың интерфейсі кəсіби жұмыс кезінде
қажетті, бірақ оқыту үдерісінде қажетті емес көптеген қосымша
мүмкіндіктермен толтырылмауы керек.
2.2 Оқушылардың көздерінің көру қабілеттіліктерін сақтау,
асыра шаршаудың алдын алудың гигиеналық талаптарын орын-
дау. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін,
интеллектуалдық дайындықтарын тіркеу.
3. Экономикалық жəне əділеттілік талаптары:
Қолданылып жатқан программалық жабдықтау лицензиялық не-
месе шартты тегін таратылған программалық құрал болуы тиіс.
4. Дербес компьютердің (ДК) ресурстарының талаптары:
4.1 Программалық жабдықтау графикалық амалдар жүйесіне
бағытталған болуы тиіс (мысалы, Windows).
4.2 «Тышқан» атты манипуляторды пайдалану міндетті, əйтседе
программа пернетақта арқылы да басқару толық мүмкін болуы тиіс.
5.3.3. Информатиканы оқытудың ақпараттық құралдары
Нормативті құжаттарды көрсетілгендей компьютер құралдары
мен программалық жабдықтаудан басқа информатика кабинетінде
мынадай құралдар болуы тиіс [28]:
– оқыту кезінде жеке қатынасты қамтамасыз ететін тапсырма-
лар, ПЭЕМ де өзіндік жұмыстар мен жаттығуларды ұйымдастыру;
– оқытушы-əдістемелік,
ғылыми-танымал,
анықтамалық
əдебиеттер кешендері.
Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың дамуы-
на байланысты информатика кабинетінің ақпараттық құралдары ба-
сылым жəне электрондық түрінде мынадай құралдардан тұруы тиіс:
– оқытушы қосымшалары;
– жұмыс дəптерлері;
– көрнекілік құралдар;
– есептер, практикумдар жəне т.б.;
183
– пəн бойынша қосымша əдебиет (соның ішінде газет-журнал-
дар);
– оқытушы-əдістемелік жəне ғылыми-əдістемелік əдебиеттер.
Əр түрлі типті кітаптар мен оқытушы құралдарды (хрестоматия,
есеп кітаптары, сөздіктер, дидактикалық қосымшалар, сыныптан
тыс оқуға арналған кітаптар, оқытушы бейнефильмдер жіне т.б.)
оқытушы программалар мазмұнының нақты көшірмесі болып табы-
лады.
Информатиканы оқыту үдерісінің негізгі компоненттерінің бірі
мектеп оқулығы болып табылады.
Оқулық – нақты оқыту курсы бойынша оқыту үдерісін
ұйымдастыруға қажетті, жүйелі оқыту материалдарынан тұратын
кітап немесе басқа да ақпарат тасымалдау құралы.
Оқулықтың екі негізгі қызметі бар: 1) білім стандарттарына сай
оқушыларға ақпаратты түсінікті түрде беретін оқыту ақпаратының
құралы болып табылады; 2) оқыту үдерісін ұйымдастыратын, соның
ішінде оқушылардың өзін-өзі оқыту үдерісі, оқыту құрылғысының
қызметін атқарады.
Оқулық өз кезегінде оқыту үдерісінің кешенді ақпараттық
моделі болып табылады. Ол оқытудың мақсатын жəне мазмұнын,
дидактикалық принциптерін, оқытудың технологиясын көрсетеді.
Оқулықта оқытудың мəселе қою, ақпаратты беру, мəселесін шешу
жолдарын ашу, жүйелеу жəне толықтыру, бекіту жəне бақылау,
өзіндік зерттеу, үй жұмысы секілді кезеңдері көрсетіледі.
Дидактикалық жүйенің кез келген элементі оқулықта өзіндік
мəнін табады. Егер оқулықты оқыту іс-əрекетін ұйымдастырушы
ретінде қарастырсақ, онда бөлімдердің бір тақырып бойын-
ша құрылымы мен мазмұны оқыту үдерісінің элементтері мен
кезеңдеріне сəйкес болуы тиіс.
Əйтседе, оқулық оқыту үдерісінің барлық жағын қамтамасыз
ете алмайды. 1970 жылдардан бастап оқытушы-əдістемелік ке-
шендер қолданыла бастады. Олар оқыту үдерісінің қосымшалары
ретінде оқушылардың жеке бағытталған оқу дəрежесін жалпы
мектеп бойынша өзіндік ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі
таңда оқытушы-əдістемелік кешендер кейбір оқу курстары бойын-
ша бірнеше ондаған элементтерден тұрады: оқулық, есеп кітабы, оқу
кітабы, хрестоматия, жұмыс дəптері, мұғалімге арналған əдістемелік
құрал, бейнетаспа, CD-Rom жəне т.б.
184
Электрондық оқулық – ол электрондық құжат түріндегі оқулық,
яғни ЭЕМ жадысында сақталған құжат. Ол арнайы экран (мони-
тор) бетінде ғана көрінеді жəне оған тек ЭЕМ арқылы ғана өзгеріс
енгізуге болады [12]. Дəл осы анықтаманы электрондық оқыту
қосымшаларына да беруге болады. Олар өз кезегінде тапсырмалар
мен есептер жинағынан, карталар мен сұлбалар альбомдарынан,
атлас, хрестоматия, практикум, анықтамалықтар, тренажерлардан
жəне т.б. электрондық қосымша құралдардан тұрады.
Мұндай оқулық гиперсілтемелерді жүзеге асыратын, графи-
каны анимацияны, диктордың сөзін, интерактивті тапсырмалар-
ды, мультимедиялық эффекттерді, тіркеу формаларын орындау
мүмкіндігі бар форматта орындалады, компьютерлік желілерде со-
нымен қатар оптикалық (CD, DVD жəне т.б.) құрылғыларда жария-
ланады.
Қарапайым оқулықтың электрондық көшірмесі болса болғаны
оңай-ақ электрондық түрге ауыса алады.
Оқытудың электрондық басылымдардың қағаздағы басылым-
дарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар:
– сақтаудың оңтайлығы (бір CD дискінде бірнеше мыңдаған
кітаптардың мəтіні сақталуы мүмкін);
– электрондық оқулықтар мəңгі деседе де болады, оларда
физикалық көнеру жəне тасымалдау барысында жыртылып қалу
қаупі болмайды;
– мобильдігі, материалды өзгертудің жəне орын ауыстырудың
оңайлығы, мұғалім өзінің оқыту үлгісіне сай өзгертулер енгізіп, жаңа
тапсырмалар, жаңа материалдар жəне Интернет мəліметтерін қосу
мүмкіндігі жəне ол өзгерту нəтижесінде қайта басып шығаруды та-
лап етпейді;
– іздеу шаблоны бойынша мəтінді іздеудің, өзгертудің
автоматтандырылған жүйесін пайдалану мүмкіндігі;
– іздеу жүйелері арқылы мектептің электрондық кітапханасында
керекті кітапты жылдам тауып алу мүмкіндігі (медиатека), сонымен
қатар оның ішінде керекті ақпаратты (заң, ғалымдардың аты, пара-
граф, ілім) тез тауып алу мүмкіндігі;
– таралымы, қажеттілігі бойынша оқулықтың керекті жерлерін
басып шығаруға немесе оқулықты толық басып шығару мүмкіндігі;
– мəтінді статикалық жəне семантикалық өңдеу мүмкіндігі;
– оқытушылық ақпаратты веб-сайтта жариялау немесе мек-
185
теп серверінде жариялау, сонымен қатар электрондық пошта
арқылы жіберу мүмкіндігі. Соның нəтижесінде оқулық көптеген
оқушылардың оқу үдерісіне өз көмегін көрсетеді;
– нақты кейбір оқушылардың оқулықтың кейбір беттеріне,
кейбір бөлімдеріне рұқсатты шектеу;
– электрондық оқулықтардың түрлерінің көптігі (мұғалімге
арналған, оқушыға аналған), оқушыға арналған түрі өзінің жеке
жұмыстарымен, сыныптастарының жұмыстарымен, сонымен қатар
сілтемелермен, басқа да мəліметтермен толықтырылуы мүмкін.
Ол оқушыларға өзінің компьютерінде немесе CD дискіде өзіндік
жеке кітапханасын құрастыруға мүмкіндік береді. Электрондық
оқулықтағы басылым немесе олардан жинақталып алынып, басқа
сайт ресурстарында жарияланған мəліметтерді басқа да адамдардың
көруі жұмыс жасау кезінде өзінің жариялап жатқан ақпаратының
нақты əрі дұрыс екендігіне жауапкершілікті арттырады;
– оқулықтың гиперсілтемелік құрылымы оқушының жеке оқу
траекториясын шығаруға көмектеседі, бірақ оқулықтың навигация
жүйесі ақпараттың логикасын жəне жүйелі берілуінің мазмұнына
сəйкес жасалуы қажет;
– өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау режимінде жұмыс жасау
мүмкіндігі;
– анимация, компютерлік ойындар жəне т.б. мультимедиа
элементтерін қоса отырып оқулықтың интерактивті жəне əдемі бо-
луы.
Негізінде электрондық оқулық пəн бойынша дидактикалық,
əдістемелік жəне ақпаратты-анықтамалық материалдардан, соны-
мен қатар білімді өз бетінше меңгеру жəне бақылау кезінде жүйелі
қолданылатын, автоматтандырылған оқытушы жүйесі болып табы-
луы қажет.
Электрондық оқулықтардың кейбір кемшіліктерін атап кеткен
жөн:
– басылған құрал электрондық көшірмеге қарағанда оқуға
ыңғайлы;
– мақсатқа жетудегі гиперсілтемелердің нагивациясының
қиындығы;
– электрондық
оқулықты
пайдаланғанда
санитарлық-
гигиеналық нормалары мен талаптарын сақтау керектігі [35].
186
Достарыңызбен бөлісу: |