187
– жеке байланыстар орнату;
– оқытушы жəне ғылыми іс-əрекеттер туралы басқа
мұғалімдердің ой-пікірін білу мақсатында жəне өзінің пікірлерін
жариялау үшін жеке Web-құжаттары мен сайттар құру.
Оқушыларға арналған интернет:
– оқып жатқан пəн бойынша оқыту материалдарын қолдану:
оқулықтар, педагогикалық программалық құралдар,
зертханалық
практикум модельдері жəне т.б.;
– басқа мектептердегі оқушылардың оқытушы-зерттеушілік
жəне жобалық жұмыстарымен танысу (өз жұмыстарының
қорытындыларын жариялау, ақпарат алмасу, ортақ ойлы
əріптестерімен достық қатынас орнату);
– жеке дайындық кезінде жəне өзін-өзі оқыту кезінде,
сынып-
та орындалған немесе жеке орындалған жұмыстардың журналдарда
жəне электрондық басылымдарына қолжетімділігі;
– алыстағы оқыту-ғылыми орталықтарынан қашықтықтан
білім алу мүмкіндігі (қашықтықта оқытылатын курстар: қосымша,
базалық, ЖОО-ға дайындалу, виртуалдық сыныптар жəне кешенді
қашықтықтан оқыту, қабылдау емтихандарын қашықтықтан тапсы-
ру мүмкіндігі).
Оқушылар мен мұғалімдерге арналған интернет:
– жаңа ақпараттық жағдай жасайтын ақпарат алу көздерінің
жектелмеуі;
– мектеп аралық жобаларда ақпарат алмасудағы оқушылар мен
мұғалімдердің коммуникациясы;
– оқушылар мен мұғалімдердің жобалары (конкурстар мен
олимпиадалар, мектеп шығармашылық жобалар, оқытушы семинар-
лар жəне т.б.).
Ата-аналарға арналған интернет:
– өзінің баласының оқу үлгерімі, жетістіктері жайлы мұғалімдер
мен мектеп психологынан ақпарат алу;
– оқу орындары туралы ақпарат, сонымен қатар жарнамалық
түрде берілетін балаларға қосымша білім беру қызметтерін көрсететін
ұйымдар туралы, ата-аналардың шағымдары
мен келісімшарттары
туралы, басқа да көптеген қажетті ақпарат алу мүмкіндігі;
– мектеп əкімшілігімен, мұғалімдермен хабарласу мүмкіндігі.
Əйтседе интернет дəстүрлі оқыту үдерісін жоққа шығара ал-
майды, оның мүмкіндіктері тек қана оқыту үдерісінің түрлері жəне
əдістемелерін өзгертеді.
188
Интернетті білім беру үдерісінде қолдану заманауи оқушылар-
дың ойлау қабілеттіліктеріне жаңа бағыт береді. Оқушы барлық
ақпараттық үдерістерді жүзеге асыра жəне өзінің алдына мақсат
қоя отырып, оларға жету жолындағы мəселелерді шеше алатын
педагогикалық үдерістің белсенді субьектісі болып табылады.
Бұл үдерістің жағымсыз жақтары да жеткілікті. Əлемдік
торлардың ішінде əрине оқушылар мен жасөспірімдер көрмесе
екен деген ақпараттар өте көп. Бұл сол ақпаратқа қатаң тиым салу
проблемасын тудырады.
Екінші жағынан, интернетте жарияланған
ақпараттық ресурстардың ғылыми растылығының жоқтығы жəне
онда ақпараттарды жариялаудың оңайлығы.
Телекоммуникация оқыту үдерісіне жəне оқушыларды
тəрбиелеуге жаңа қатынас орнатады [22]:
– ортақ жобалары бар оқушылар арасындағы шектеуді
жойып, олардың өзара ақпарат алмасып, ой бөлісіп, сын-пікір алма-
сып жақындасуына көмектеседі;
– өзінің зерттеу əдістерінің нақты негізінде (ғылыми жəне
шығармашылық зертхана), оқушылардың табиғатты тану, техни-
ка, технология, əлеуметтік
құбылыстарды, түрлі шығармашылық
жұмыстарының маңыздылығын тану мүмкіндігі;
– басқа елдердің мəдениетінен, басқа адамдардың тəжірибесінен
ақпарат алу мүмкіндігінің кеңдігі;
– гуманитарлық білім берудің дамуын арттырады, адам
өміріндегі іс-əрекетті əдеп-ғұрыптық өмір аспектілеріне бағыттайды,
табиғатты қорғауға жəне қалыпты күйіне көңіл бөлуге бағыттайды;
– өз ана тілінің үйреніп дамытуына, еларалық жобалар жасау
кезінде шет тілдерді де меңгеруіне əсер етеді;
– алдағы өмірде қажет болып қалатын біліктілік пен дағдыны
тек ғана оқушыларға ғана емес, сонымен
қатар мұғалімдерге де
меңгеруге септігін тигізеді, соның ішінде компьютерлік техниканы
жəне технологияларды қолдану дағдылары;
– оқушыларда керекті білім деңгейін қалыптастыруға
көмектеседі, қабылданған ақпаратты салыстыру, толықтыру, өңдеу,
қойылған сұрақтармен байланыстыру дағдысын қалыптастырады,
яғни оқушының ақпараттық мəдениетін қалыптастырады.
Оқу орнының интернет желісіндегі білімдік веб-сайты – жаңа
ақпаратты-əдістемелік құрал. Ақпараттық технологиялардың
қарқынды дамуы нəтижесінде білім сайттарының мектеп арасында
189
маңызы артып отыр. Сайттың мазмұны, ұйымдастыру құрылымынан
мектептің қоршаған ортамен байланысы ғана емес, сонымен
қатар оқу орнының ішінде болып жатқан білім беру үдерістерінің
қатынастарымен байланысты.
Сайт (немесе веб-сайт) – ұйымның серверінде немесе жеке
адамның серверінде жарияланған өзара
байланысқан веб-беттер
жиыны. Олар əдетте белгілі бір бағытталған жəне жеке адресті
болады. Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің интернеттегі адресі –
www.kaznpu.kz, ал информа-
тикадан əдістемелік нұсқаулардың, көмекші құралдардың сайты
–
Достарыңызбен бөлісу: