Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет68/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

1-мысал. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы 
болып табылатын терминдерді жазып көрсетіңіздер. Сканер, мо-
дем, кэш-жады, пернетақта, тышқан, принтер, монитор, винче-
стер, стример, трекбол, джойстик, компьютерлік технологиялар, 
тасымалдаушы, жедел жады, факс-модем, контроллер, микропро-
цессор, жүйелік шина, аналық плата, қоректендіру блогы.
Оқушылар терминдерді жазып біткеннен кейін бірін-бірі бақылай 
алады, олар өзара дəптерлерін алмастыра отырып, бірінің жұмысын 
бірі тексереді. Мұғалім бекіткен норма бойынша жұмыстарын да 
өздері бағалайды. Оқушыларға үй тапсырмасына осы терминдер бо-
йынша əңгіме, тақпақ немесе ертегі құрап келуге тапсырма беруге бо-
лады. Мұндай жұмыстарды шығармашылық сипаттағы жұмыстарға 
жатқызуға болады. Оқушылардың осындай жұмыстарды орындау 
нəтижесінде жеке тұлғалық қасиеттерін байқауға болады.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның 
бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. 
Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды 
белсенді ойлау іс-əрекетіне жетелеу жəне шығармалығын дамыту.
Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай ала-
ды, ал мұғалім əр оқушының жұмысын бағалай алады. Сонымен 
қатар оқушыларды тек қана кроссвордтарды шешуге ғана емес, өз 
беттерінше кроссвордтар құрастыра білуге де үйрету қажет. Кросс-
вордтар құрғанда ескерілетін жайттарды оқушыларға мұғалім ал-
дын ала түсіндіргені жөн. 
А. М. Горький: «Ойын – балалардың əлемді тану жолы» деп 
айтқан. Дидактикалық ойындарға алдын-ала мақсат қойылады,
оған сөзжұмбақта жатады. Бұл ойындар оқу материалын тез түсінуге, 
өткен тақырыпты тексеруге көмектеседі. Сөзжұмбақ оқушының 
ой-өрісін дамытады. Сөзжұмбақ оқу материалын қайталауда 
жəне білімді тексеруде ең қолайлы ойын түрі болып табылады.
Оны сабақтың əр кезеңінде қолдануға болады. Оны жаңа сабақты 
түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекітуде, үй жұмысын тексергенде 
жəне оқу материалын қайталауда да қолдануға болады [57].
Сөзжұмбақтың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
1. Сөзжұмбақ – жұмбақ
2. Чайнворд немесе лабиринт


201
3. Сөзжұмбақ-баспалдақ
4. Сөзжұмбақ-пирамида
5. Сөзжұмбақ-басқатырғыш 
Енді осылардың əрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік. 
1. Сөзжұмбақ – жұмбақ. Оларды шешу үшін жолда жасырылған 
екі сөзді табу керек. Бірінші сөздің соңғы əрібі келесі сөздің бірінші 
əрібі болады.
2. Чайнворд немесе лабиринт. Толтырудың негізгі ережесі – 
соңғы əріп келесі сөздің бірінші əрпі болады.
3. Сөзжұмбақ – баспалдақ. Бұл сөзжұмбақта барлық сөздер 
бірдей əріптен басталады немесе бітеді.
4. Сөзжұмбақ – пирамида. Барлық сөзді таба отырып шыңына 
шығу керек.
5. Сөзжұмбақ – басқатырғыш. Сөздерді тігінен жəне көл-
денеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Əр топқа кроссворд беріледі. 
Кроссвордтың тапсырмалары əр топқа əр түрлі етіп таратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет