Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет134/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
1. Информатиканың базалық курсының қандай тақырыптары 
компьютердің мазмұндық желісіне жатады?
2. «Архитектура» ұғымына ЭЕМ жұмысы мен құрылғысы тура-
лы қандай түсініктер енеді?
3. ЭЕМ құрылғысын түсіндіруде адам мен компьютер арасындағы 
ұқсастықты пайдаланудың əдістемелік идеясының маңызы неде?
4. Оқушылардың дербес компьютердің құрылғылары туралы 
қандай міндетті мəліметтер жиынтығын білуі керек?
5. ДК бейнежүйесі құрамына қандай құрылғылар кіреді? Қандай 
сандық сипаттамалар ДК бейнежүйесінің жұмысының сапасын 
анықтайды?
6. Қазіргі компьютердің аппараттық жəне программалық 
жабдықтамасының бірлігі идеясын ашуға əдістемелік тəсілді 
ұсыныңыз.
7. ЭЕМ программалық жабдықтама құрамы мен құрылымы ту-
ралы білім базалық болып табылатындығы неліктен?
8. Оқушыларға қолданбалы программа не екендігін қалай 
түсіндіру керек?
9. Оқушылар алғаш рет қандай негізгі операциялық жүйенің 
қасиеттері туралы танысуы тиіс?
10. Оқушыларға программалау жүйесінің қызметі туралы 
қандай алғашқы мəлімет оқушыларға хабарлануы тиіс?


352
11. Қандай жалпы түсініктерді жəне объектіге-бағытталған тех-
нологиялар қасиеттерін оқушылар оқып-үйренуі тиіс?
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Компьютер ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы 
ретінде».
Компьютерді ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы ретінде 
оқып-үйренуді келесі схема түрінде жүзеге асыруға болады: ком-
пьютер құрылғысы жəне олардың қызметі – компьютер жұмысының 
программалық принципі – программалық жабдықтама құрылымы – 
операциялық жүйелер – файлдық жүйе – графикалық пайдаланушы 
интерфейсі.
1-сабақ
Тақырып: «Компьютер құрылғысы жəне олардың қызметін 
оқып-үйрену əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: Компьютер құрылғысы жəне олардың 
қызметін оқып-үйренудің əдістемелік аспектілерін бейнелейтін 
жалпы кəсіби дайындықтың білімдік компонентін игеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: сараланған-топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдайлық тапсырмаларды 
шешу əдісі.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [2,3].
Студенттердің алдын ала дайындығы: Компьютер құрылғысы 
жəне олардың қызметін оқып-үйренудің əдістемелік тəсілдерімен 
таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет