Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


қызметтерінде жəне күнделікті өмірде қолдана білу керек



Pdf көрінісі
бет152/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

қызметтерінде жəне күнделікті өмірде қолдана білу керек.
14.3 Сандық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы 
Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар
Компьютерде есептеулерді ұйымдастыру үшін программа-
лау тілдерінен басқа əртүрлі жоғары деңгейдегі құралдар да 
қолданылады. Олардың қатарына электрондық кестелер, сондай-
ақ математикалық пакеттер (MathCaad, Maple жəне т.б.) жатады. 
Информатиканың негізгі курсында оқушылар электрондық кестелер 
жұмысты меңгереді (7-қосымша).
Электрондық кесте пайда болуы дербес компьютерлердің та-
ратыла бастауымен сəйкес келеді. Электрондық кестелермен 
жұмыстың алғашқы бағдарламасы – кестелік процессор 1979 жылы 
жасалды, ол Apple ІІ типті компьютерлеріне арналған, VisiCalc деп 
аталды. 1982 жылы IBM PC компьютерлеріне арналған Lotus 1-2-3 
атақты кестелік процессор пайда болады. Lotus өзіне электрондық 
кестелердің есептеуіш мүмкіндіктерін, іскерлік графиканы жəне 
реляциялық МҚБЖ функцияларын біріктірді. Кестелік процессор-
лар өте жылдам дамыды. Оның жаңа программалық өнімдері пай-
да болды: Multiplan, Quattro Pro, SuperCalc жəне т.б. Бүгінгі күні 
кеңінен таралған кестелік процессор – MS offi ce пакетінің құрамына 
кіретін МS Excel программасы.
Сонымен электрондық кесте дегеніміз не? Бұл есептер кешенін 
шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың құралы.
1. Ең алдымен есептеулерді орындау. Көптеген есептеулер 
кестелік түрде орындалатындығы белгілі, əсіресе іс-қағаздарын 
жүргізу саласында: көптеген есептеу тізімдемелері, табуляцаграм-


381
малар, шығындар сметасы жəне т.б. Сонымен қатар, математикалық 
есептерді сандық əдістермен шешу кестелік түрде орындау 
ыңғайлы. Электрондық кестелер осындай есептеулерді автомат-
тандыруда ыңғайлы аспап бұрын тек бағдарламалау жолымен ғана 
жүзеге асырылатын. Көптеген есептеуіш есептерін ЭЕМ-да шешуді 
электрондық кестелерде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.
2. Математикалық модельдеу. ЭК-де математикалық формула-
ларды қолдану қандай да бір нақты жүйенің əртүрлі параметрлері 
арасындағы өзара байланысты көрсетуге мүмкіндік береді. ЭК-
дің негізгі қасиеті – операндалардың құрамындағы мəндерді 
өзгерту барысында формуланың жылдам қайта есептелуі. Кесте 
осы қасиетімен сандық тəжірибені ұйымдастыруда ыңғайлы аспап 
екендігін көрсетеді: параметрлерді таңдау, модельденетін жүйенің 
тəртібін болжау, тəуелділіктерді талдау, жоспарлау. Модельдеу 
үшін қосымша ыңғайлылық мəліметтердің графиктік көрсетіліміне 
мүмкіндік береді.
3. Электрондық кестені мəліметтер қоры ретінде қолдану. 
Əрине, МҚБЖ-сімен салыстырғанда ЭК-лердің бұл салада аздаған 
мүмкіндіктері бар. Дегенмен реляциялық МҚБЖ-сіне сəйкес 
мəліметтерді басқарудың кейбір операциялары электрондық кес-
телерде де жүзеге асырылған. Мысалы, берілген шарт бойынша 
ақпаратты іздеу жəне ақпаратты сұрыптау.
Сабақтарда оқушыларға нақты кестелік процессорды меңгеру 
керек. Ақпараттық технологияларды қарастыратын алдыңғы 
тақырыптардағыдай виртуалды орындаушының əдістемелік сызба-
сын ұстану керек, элементтері ортаны оқып-үйрену, жұмыстардың 
режимдерін, командалар, мəліметтердің жүйелері болып табылады 
[3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет