Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет18/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

3. Ақпараттық технологиялар
– Мəлiметтердi енгiзу/шығару, жинау, сақтау, беру жəне өңдеу. 


46
Мəтiндiк жəне графиктiк құжаттарды, техникалық құжаттарды да-
йындау.
– Əртектi ақпараттық ресурстарды интеграциялау мен ұжымдық 
пайдалану.
– Ақпараттарды қорғау.
– Программалау, жобалау, модельдеу, оқыту, диагностикалар, 
(объектiлердi, үдерістердi, жүйелердi) басқару.
4. Əлеуметтiк информатика
– Ақпараттық ресурстар қоғамның əлеуметтiк-экономикалық 
жəне мəдени дамуының негiзi ретiнде.
– Ақпараттық 
қоғамның 
қалыптасуы 
мен 
дамуының 
заңдылықтары жəне өзектi мəселелерi. Қоғамның ақпараттық 
инфрақұрылымы. Ақпараттық қауiпсiздiк мəселелерi.
– Ақпараттық қоғамда жеке тұлғаның дамуының жаңа 
мүмкiншiлiктерi. Ақпараттық қоғамдағы демократияландыру 
мəселелерi жəне оларды шешу жолдары. Жеке тұлғаның ақпараттық 
мəдениетi жəне ақпараттық қауiпсiздiгi.
Білім беру саласы үшiн информатиканың ғылыми бiлiм саласы-
ның барлық iргелi негiздерiн қамтитын пəндiк аумағының мейлінше 
дəл анықтамасы маңызды. Осы келтiрiлген “Информатиканың” 
пəндiк облысының құрылымы ЮНЕСКО-ның “Бiлiм беру жəне ин-
форматика” II Халықаралық Конгресiнде ұсынылған [16].
Бұл құрылым төрт бөлімдi қамтиды: теориялық инфор-
матика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық техноло-
гиялар, əлеуметтік информатика. Теориялық информатика 
информатиканың философиялық негізгі, математикалық жəне 
ақпараттық модельдеу мен алгоритмдер, ақпараттық жүйелер мен 
технологияларды жобалау жəне жасау əдістерін қамтиды. К. К. Ко-
лин айтқандай: “…курс құрамына қоғамды ақпараттандырудың 
əлеуметтiк-экономикалық аспектiлерiн зерттейтiн, яғни қоғамның 
дамуына байланысты алдыңғы орынға қойылатын жəне көкейкестi 
болып табылатын мəселелер ең алғаш рет енгiзiлдi. Сондықтан
«ақпараттық ресурстар», «ақпараттық инфрақұрылым» жəне 
«қоғамның ақпараттық ортасы», сонымен қоса оның «ақпараттық 
потенциалы»” жəне “ақпараттық қауiпсiздiгі” сияқты маңызды 
ұғымдар информатиканың негізгі курсын ынтамен оқып жатқан 
тыңдаушыларға тамаша қолжетімді материал болмақ. Бұл қоғамды 
ақпараттандырудың ауқымды үдерістері оның əлеуметтік жəне 


47
экономикалық құрылымына, адамның қоғамдағы орны мен рөлiне 
мейлiнше белсендi əсер етіп жатқан жағдайда өте маңызды» [5, 80-
б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет