Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік



Pdf көрінісі
бет50/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік 
модельдері
Ақпараттық-қызметтік оқыту модельдері педагогикада кеңінен 
қолданылатын ақпараттық жəне қызметтік қадамдардың негізінде 
құрылады. Осы қадамдарға оқу үдерісінде ең кең тараған қызмет – 
танымдық қызмет жатады, ол басымды ақпараттық сипатта болады 
жəне ақпараттық үдерістер жиынтығы түрінде көрсетіледі.
Информатиканы оқытуда ақпараттық жəне коммуникациялық 
технологияларды қолдану екі оқыту моделін құруға мүмкіндік 
береді.
1. Ақпараттық қызмет негізінде оқыту моделі əр түрлі ақпаратты 
өңдеумен, жинақтаумен байланысты.
2. Ақпараттық жүйелер мен ғаламдық желі интернеттің 
программалық құралдарының негізінде интерактивтік қатынас 
негізінде оқыту моделі. 


144
6.2.1 Таратылған ақпараттық ресурстардан 
ақпараттың гипермəтіндік құрылымын құру жəне 
таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту
Іздеуді ұйымдастыру мен интернет желісінен алынған таңдаулы 
ақпарат бойынша оқыту моделі ғаламдық ақпараттық ортадағы 
жинақталған ресурстар мен ерекше дидактикалық жəне əдістемелік 
мүмкіндіктерге негізделеді. Арнайы іздеу технологиялары мен 
жүйелері дəстүрлі оқу-тəрбиелік үдерісті өзгерте алатын үлкен 
əлеуетке ие. Олар білім алушылардың өзін-өзі тану мен дамыту 
қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ізденуші ісін итермелеуді 
жоғарылатуға, оқыту үдерісіне қарым-қатынасын өзгертуге 
қосымша дидактикалық шарттарды құрады. Осы технологиялардың 
өзгешелігі білім алушыны үлкен таңдау мүмкіндіктерін жəне əр 
бағыттағы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.
Іздеу технологиялары адамға қажетті ақпаратты табуға 
көмектесетін əртүрлі ақпараттық-анықтамалық жүйеде жүзеге асы-
рылады. Осыған мысал ретінде тақырыптық каталогтар мен іздеу 
жүйелерінің қызметтерін келтіруге болады.
Тақырыптық каталогтар – бұл интернетте жиналған ақпараттың 
негізіндегі осы жүйелерде редакторлардың қолмен дайындаған 
ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Тақырыптық каталогтағы ке-
рек бөлімге тез өту үшін кілт сөздерін пайдалана отырып автоматты 
іздеуді қолдануға болады. Тақырыптық каталогтың мысалдары:
– Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі 
(www.edu.gov.kz/ru);
– Білім алушыларға арналған білім беру ресурстарының катало-
гы www.pushkinlibrary.kz;
– Ресейлік интернеттің балаларға арналған ресурстарының ка-
талогы (http//www.kinder.ru);
– «Ресейлік білім беру» федералдық порталы (http//www.portal.
edu.ru);
– Оқушы əлемі: білім беру ресурстарының каталогы (http//www.
school.holm.ru).
Іздеу жүйелері интернеттен желілік программа-роботтар-
мен автоматты түрде жасалатын мəліметтердің негізіндегі күрделі
ақпараттық-анықтамалық жүйелерді жəне адамға керекті сұрақтарға 


145
жауап беретін əртүрлі ақпараттық ресурстарды сілтемені қамтамасыз 
етеді. Оларға мысал:
 
– http//www.google.kz;
 
– http//www.rambler.com;
 
– http//www.yandex.ru.
Іздеу технологиялары мен жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдана 
отырып, информатика мұғалімі оқушыларға баяндама, реферат да-
йындап, белгілі бір оқуға байланысты сұрақтар туралы іздеу мен 
салыстырулар жүргізуді ұсына алады. Бірақ, оқушылардың зерттеу 
қызметіндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс (керекті ақпаратты 
табу, оны талдап, зерделеу мақсатында қолдана алу) істеу маңызды бо-
лып табылады. Ақпаратты іздеу – зерттеу қызметінің бір кезеңі жəне 
таратылған ақпараттық ортада құрылымсыз құжаттық ақпаратты 
іздеу үдерісі. Осы жағдайда ол белгілі құжаттардың жиынының 
арасынан берілген тақырыпқа арналған, алдын ала берілген іздеу 
шарттарын қанағаттандыратын немесе дəйектер, мағлұматтар жəне 
мəліметтерден құралған бір құжатты анықтайды.
Іздеу үдерісі керекті ақпаратты жинауға, өңдеуге, ұсынуға 
арналған біртекті операциялардан құрылады. Əдетте ақпаратты 
іздеу төрт кезеңнен тұрады:
1. Ақпараттың қажеттілігін анықтау жəне ақпараттық сұраныс 
құру.
2. Ақпараттың қайнар көзін анықтау.
3. Айқындалған ақпараттық массивтерден ақпаратты бөліп алу.
4. Қабылданған ақпаратпен танысу жəне нəтижелерді бағалау.
5. Ақпаратты іздеуді дұрыс ұйымдастыру үшін Интернет ресурс-
тары веб-сайт, веб-портал жəне веб-сақиналардан құралғанын 
білу керек.
Веб-сайт немесе сайт ол – интернет арқылы ашық қол жеткізуге 
болатын, бір тақырыпен байланысқан веб-беттер жиынтығы. 
Барлық ашық веб-беттердің жиынтығы бүкілəлемдік торды (WWW) 
құрайды. Веб-бет – бүкілəлемдік тордың гипермəтіндік ресурсы.
Веб-беттерде мəтіндермен қатар бейнелер мен басқа беттерге тез 
көшуге арналған сілтемелер орналасады. Ол жерде медиафайлдар, 
мысалы, дыбыстық файлдар мен бейнелер (бейне), апплеттер, соны-
мен қатар беттің мазмұнын динамикалық ететін скрипттер орналаса 
алады. 
Оқушылардың оқу-тану қызметін ұйымдастыру үшін мұғалім 


146
Интернеттегі веб-сайттарды белсенді қолдана алады. Мысалы, 
мұғалім оқушыларға электрондық кітапхананы қолдануды ұсына 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет