234
əр түрлі болып келеді жəне сыныптан тыс жəне мектептен тыс
жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі –
бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алуы. Оларға конкурс, олим-
пиада, жарыстар, яғни оқушы белсенділігін қажет ететін жұмыстар
жатқызылады. Əңгімелер, кештер өткізу кезінде оқушылар тек қана
ұйымдастырушы жəне орындаушы ретінде қатысады. Мұндай ме-
рекелерге
есептеуіш орталықтарын аралау, кинофильмдер қарау,
қызықты адамдармен танысу, дəрістер жатады, қатысушылар
тыңдаушылар мен қараушылар болып табылады.
Соңғы уақытта информатикаға жоғары қызығушылық таныта-
тын оқушылар санының артуына байланысты сыныптан тыс жұмыс
түрлеріне жататын информатиканың жастар мектебі,
сырттай фи-
зика-математика мектебі, информатикадан тереңдетілген мектеп
пен сыныптар, жаздық компьютерлік лагерьлер сияқты формалары
туындай бастады.
Мұғалім – сынып жетекші жүзеге асыратын оқушылармен жап-
пай жұмыс формасы – сынып сағаты болып табылады. Бұл сабақ
кестесіне қойылған уақыт бойынша өткізіліп, сыныптық ұжымда
жүйелі тəрбиелеу əрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Отандық мектептер сыныптан тыс жұмыс түрлерінің барлық фор-
масын қолдануда үлкен тəжірибе жинақтаған. Алайда, форма істің
сəтті не сəтсіз болатынын өз бетінше шеше алмайды. Маңыздысы
оның мазмұнының құндылығында. Шешуші пəндер
мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар құралы оқу құралдарын, тəрбие мен
дамыту құралдарын анықтайды, таңдау сыныптан тыс жұмыстың
мазмұны мен формасымен анықталады.
Сыныптан тыс жұмыс құралы ретінде: сыныпты əсемдеу,
музыкалық əрлеу, ойын атрибуттары, бейнематериалдар,
кітаптар,
программалық құралдар жатқызылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын оның мүмкіндігін,
мақсатын, міндетін, формасы мен құралдарын қарастыра отырып
анықтауға болады:
– сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі əрекеттер жиыны-
нан құралған;
– уақыт шектеусіздігі. Негізінде шектеулі, бірақ көбіне мұғалім
оны ескере бермейді;
– қатал талаптардың жоқтығы. Мұғалім сыныптан тыс
235
жұмыстың мазмұнын, формасы мен құралдарын өзі таңдайды. Бір
жағынан бұл өз көзқарастары мен сенімдері бойынша жұмыс істеуге
мүкіндік береді. Екінші жағынан мұғалімнің жасалынған таңдауға
деген жеке жауапкершілі артады;
– сыныптан тыс жұмыстың нəтижесін бақыламау. Егер сабақтың
міндетті элементі – оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс
жұмыста бақылау жоқ. Нəтижелер мұнда жылдам шығарыла сал-
майды. Тəрбие жұмысының нəтижелері оқушыларды түрлі жағдайда
бақылау нəтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нəтижесін пси-
холог арнайы құралдар көмегімен нақты анықтай алады.
Ереже
бойынша, мұнда қорытынды нəтиже мен жеке сапаларының даму
деңгейі бағаланады. Нақты форманың тиімділігін анықтау өте қиын.
Сыныптан тыс жұмыс қоңырауда, сабақтан кейін, мерекелік,
демалыс күндері, яғни оқудан тыс уақытта болады. Сыныптан тыс
жұмыстың ата-аналардың əлеуметтік тəжірибесін қызықтыруына
көп мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстың сəті
болуының
шарты əрекеттің психикалық жағдайы болып табылады.
Д. Н. Унадзе жəне басқалар жасаған экспериментальді зерттеу
əрекетті баптаудың оның тиімділігін арттыратындығын дəлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: