Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет47/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   154
damu psihologiyas kitap

Адам жасының көне қытайлық дəстүрде топтастырылуы:
жастық шақ – 20 жасқа дейін;
неке құру жасы – 30 жасқа дейін;
қоғамдық міндеттерді орындау жасы – 40 жасқа дейін;
дербес жаңылысуларын тану жасы – 50 жасқа дейін;
шығармашылық өмірдің соңғы кезеңі – 60 жасқа дейін;
қалаулы жас – 70 жасқа дейін;
қарттық – 70 жастан бастап.
Адам жасының Пифагор бойынша топтастырылуы (б.з.д., 
VІ ғасыр):
қалыптасу кезеңі – 0-20 жас шамасы («көктем»);
жас адам – 20-40 жас шамасы («жаз»);
қуаты толысқан адам – 40-60 жас шамасы («күз»);
кəрі жəне қуат көзінен айырыла бастаған адам – 60-80 жас ша-
масы («қыс»).
Адам жасының Гиппократ бойынша топтастырылуы (б.з.д., 
ІV ғасыр):
бірінші кезең – 0-7 жас шамасы;
екінші кезең – 7-14 жас шамасы;
үшінші кезең – 14-21 жас шамасы;
төртінші кезең – 21-28 жас шамасы;
бесінші кезең – 28-35 жас шамасы;
алтыншы кезең – 35-42 жас шамасы;
жетінші кезең – 42-49 жас шамасы;
сегізінші кезең – 49-56 жас шамасы;
тоғызыншы кезең – 56-63 жас шамасы;
оныншы кезең – 63-70 жас шамасы.
1956 жылы Мəскеуде жас ерекшеліктерінің жіктелуіне бай-
ланысты ұйымдастырылған халықаралық симпозиум қабылдаған 
адам жасының топтастырылуы
1) нəресте – 1-10 күн;
2) емшектегі (емізулі) кезең – 10 күн-1 жас;
3) ерте балалық шақ – 1-2 жас шамасы;
4) балалық шақтың бірінші кезеңі – 3-7 жас шамасы;
5) балалық шақтың екінші кезеңі – ұл балалар үшін 8-12 жас 
шамасы жəне қыз балалар үшін 8-11 жас шамасы;


116
6) жасөспірімдік кезең – ұл балалар үшін 13-16 жас шамасы 
жəне қыз балалар үшін 12-15 жас шамасы;
7) жастық шақ – бозбалалар (ер адамдар) үшін 17-21 жас ша-
масы жəне қыз балалар үшін 16-20 жас шамасы;
8) орта (есейген) шақ:
9) бірінші кезең – ер адамдар үшін 22-35 жас жəне əйел адам-
дар үшін 21-35 жас шамасы;
10) екінші кезең – ер адамдар үшін 36-60 шас шамасы жəне 
əйел адамдар үшін 36-55 жас шамасы;
11) мосқал кезең – ер адамдар үшін 61-74 жас шамасы жəне 
əйел адамдар үшін 56-74 жас шамасы;
12) қарттық кезең – 75-90 жас шамасы;
13) ұзақ өмір сүретіндер – 90 жастан аса.
Адамның қартаю үдерістерін зерттеуші Дж. Бирренің адам 
жасын топтастыруы (1964 жыл):
жастық шақ – 12-17 жас шамасы;
ерте ересектік – 17-25 жас шамасы;
ересектік – 25-50 жас шамасы;
кеш ересектік – 50-75 жас шамасы;
қарттық – 75 жастан үлкен.
Д.Б.Бромлейдің адам жасын кезеңдерге топтастыруы (1966):
Б і р і н ш і ц и к л – ана құрсағындағы кезең:
бірінші кезең – зигота (ұрықтандырылған жұмыртқа);
екінші кезең – эмбрион (биологиялық дамудың ерте кезеңі); 
үшінші кезең – ұрық (биологиялық дамудың кеш кезеңі);
төртінші кезең – дүниеге келу мезеті (өмірдің ана ағзасындағы 
ішкі ортадан сыртқы ортаға алмасуы);
Е к і н ш і ц и к л: балалық шақ – 0 – 11-13 жас шамасы;
бірінші кезең – нəрестелік кезең – туғаннан өмірдің 18 айына 
дейін;
екінші кезең – мектепке дейінгі балалық шақ – 18 айдан 5 
жасқа дейін;
үшінші кезең – ерте мектептегі балалық шақ – 5-тен 11-13 
жасқа дейін;


117
Ү ш і н ш і ц и к л – жастық шақ 11-13 – 21 жас шамасы:
бірінші кезең – жыныстық жетілу – ересек мектептегі балалық 
шақ (ерте жастық шақ) 11-13 – 15 жас;
екінші кезең – кеш жастық шақ 15-21 жас шамасы;
Т ө р т і н ш і ц и к л – ересектік – 21-65 жас шамасы;
бірінші кезең – ерте ересектік – 21-25 жас шамасы;
екінші кезең – орта ересектік – 25-40 жас шамасы;
үшінші кезең – кеш ересектік – 40-50 жас шамасы;
төртінші кезең – зейнеткерлік алдындағы жас – 55-60 жас ша-
масы.
Б е с і н ш і ц и к л – қартаю – 65-70 жас шамасы;
бірінші кезең – «істерден шет қалу», «жұмыстан мүлде шығу» 
- 65-70 жас шамасы;
екінші кезең – қарттық – 70 жастан ары қарай;
үшінші кезең – қаусау, аурушаң қарттық, өлім – Англия жəне 
Батыс Европа жағдайында ең үлкен дəрежеде 110 жас шамасы;
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері:
ерте нəрестелік – туғаннан 1 жасқа дейін;
кеш нəрестелік – 1 жастан 3 жасқа дейін;
ерте балалық шақ – 3-5 жас шамасы;
орта балалық шақ – 5-тен 11 жасқа дейін;
жыныстық жетілу, жасөспірімдік жəне жастық шақ – 11-ден 20 
жасқа дейін;
ерте ересектік – 20 жастан 40-45 жасқа дейін;
орта ересектік – 40-45 жастан – 60 жасқа дейін;
кеш ересектік – 60 жастан ары қарай 
Жас ерекшелік жиіліктерінің жəне олардың салыстырмалы 
сипаттамаларының бөлшектену мөлшері біртіндеп ұлғайып отыр-
ды. 
Л. С. Выготский жас ерекшеліктерінің жіктелу өлшемдері 
ретінде дамудың нақты сатысына тəн психикалық жаңа 
құрылымдарды қарастырды. Ол дамудың «тұрақты» жəне 
«тұрақсыз» жиіліктерін көрсетті. Ол баланың функциялары мен 
қатынастарының сапалы өзгерістері жүзеге асатын уақытқа –
дағдарыс кезеңіне жете көңіл бөлді. Бұл кезеңдерде бала жеке 
тұлғасының дамуында маңызды өзгерістер байқалады. Л. С. Вы-


118
готский бойынша бір жастан келесі жасқа қарай өтпелі төңкерісті 
жолмен жүреді. 
А. Н. Леонтьевтің жас ерекшеліктерінің жіктелу өлшемі 
жетекші іс-əрекет болып табылады. Жетекші іс-əрекеттің дамуы 
бала тұлғасының дамуының нақ сол сатысындағы психикалық 
үдерістері 
мен 
психологиялық 
ерекшеліктерінің 
негізгі 
өзгерістерін міндеттейді. А. Н. Леонтьев адамның жасы баланың 
əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына жəне жетекші іс-
əрекетке байланысты жіктелуі тиіс деп болжайды. Соған бай-
ланысты зерттеуші келесі үлгіде жіктеуді ұсынады: нəрестелік 
(0-1 жас); мектеп алды (2-3 жас), жетекші іс-əрекет – қарапайым 
заттық əрекеттерді меңгеру; мектепке дейінгі (3-7 жас) кезең, 
жетекші іс-əрекет – желісі бар ойын; мектептегі балалық шақ (7-
17 жас), жетекші іс-əрекеті – оқу, оның өзі бастуыш мектеп жасын 
(7-12 жас), жасөспірімдік кезеңді (12-15 жас), жастық шақты (15-
17 жас) қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет