Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет46/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   154
damu psihologiyas kitap

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың психологиялық 
дамуындағы қарым-қатынастың рөлі.
2. Серіктестердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың 
қарым-қатынастағы мəніне талдау.
Студенттердің 
өзіндік 
жұмыстарының 
(СӨЖ) 
тақырыптары
1. А.Н.Леонтьев тұлғаның қалыптасуындағы мотивтердің рөлі 
туралы ой-тұжырымдарына талдау.
Реферат тақырыптары
1. Х.Т.Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі балалардың 
қарым-қатынастары туралы тұжырымдамасы.


113
ІV. ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ ЖІКТЕЛУІ 
ЖƏНЕ ЖАС ШАМАСЫНЫҢ МƏСЕЛЕСІ
4.1. Дамудың жас кезеңдеріне жіктелуі
Жоспары:
1. Жас ерекшеліктерін кезеңдерге жіктеудің өлшемдері
2. Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі
1. Жас ерекшеліктерін кезеңдерге жіктеудің өлшемдері
Жас ерекшелік психологиясының пəні психологиялық 
құбылыстардың өзі емес, олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне 
сай өзгеруі болып табылады. Психиканың түрлі формаларының 
адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің са-
тыларына байланысты əртүрлі қарқындылығымен ерекшеленеді, 
өмірдің жеке кезеңдерінде əртүрлі мəндеріне ие. 
Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) пренатальды (құрсақтағы) 
2) балалық шақ
3) ересек балалық шақ
4) ересек шақ
5) егде шақ, қарттық
Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:
1 – нəрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
2 – ерте балалық шақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функ-
ционалды тəуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.
3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа 
дейін) – баланың жеке тұлғасы мен таным үдерістерінің дамуы-
мен сипатталады.
4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) 
баланың əлеуметтік топқа енуіне жəне ақыл-ой іскерліктері мен 
білімдерінің дамуына сəйкес келеді.
Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:
1) Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сəйкес 
келіп, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас 


114
шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, 
өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
2) 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам 
ересектікке бет алады.
Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның 
қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының 
бұзылуымен жəне басқа адамдармен, басқа əлеммен өзара 
қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланыс-
ты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі 
үшін жəне оның əлеуметтік ортасы үшін мəнді психологиялық 
қиыншылықтарымен сипатталады.
1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай 
дағдарыстар кездеседі. Келесі кезекте біз осы жас шамаларын 
тереңірек қарастырып көрелік.
Өмір циклін кезеңдерге жіктеу мəселесі жас ерекшелік 
психологиясының негізгі мəселесі болып табылады. Ин-
дивид үдерістерінің əркелкілігі жəне күйлері алмасуының 
гетерохрондығы ішкі қайшылықтардың бейнеленуі ретінде – бір 
жағдайлардағы ерте қартаюдан, келесі бір жағдайлардағы ұзақ 
өмір сүруге дейін өмірдің əртүрлі мүмкіндіктерін қамтиды. Шын 
мəнінде жасы отызға келгенімен өзін «қарт» адамдай сезінетін 
жəне жетпіс жастағы шығармашылыққа бейім, белсенді «жас» 
адамдар да өмірде кездеседі.
Жас ерекшелік мəселесін шешуде қарама-қарсы екі ұстаным 
бар, олар:

балалық шақ кезеңдерінің бірізділігі жəне мазмұны тумы-
сынан қалыптасып, тұқымқуалаушылықпен анықталады (нати-
визм, екі факторлар теориясы);

балалық 
шақтың 
табиғаты 
əлеуметтік-тарихи 
болғандықтан, оның жаңа кезеңдері қоғамдық өндірістің жəне 
əлеуметтік қатынастардың дамуына байланысты пайда болады.
Жас ерекшеліктерінің кезеңдерге жіктелуінің теориялық 
мəні оның психикалық дамудың себептері жайлы ұғымды 
объективтендіруінде. Ал оның теориялық мəні тəрбие мен 
оқытудың жағымды жүйесін құру мəселесінің шешілуіне байла-
нысты. 
Жас ерекшеліктерін топтастыру əрекеттері ілкі заманнан бері 
жасалынған. Жіктеу үлгілері төменде келітрілген.


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет