Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет94/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   154
damu psihologiyas kitap

Ынталылықты жəне кінə сезімін сезінуді дамыту
Дамудың үшінші кезеңі төрт жастан басталады. Балада осы 
уақытта мен қандай адам боламын деген алғашқы ой пайда бо-
лады. Бір жағынан ол өзі үшін рұқсат етілген нəрсенің шека-
расын анықтайды. Ерекше қуатты да, табанды болып келеді. 
Қызығушылық қызметі, оның негізгі қозғаушы күші болып, əр 
нəрсені білгісі келетіндігі көрсетіледі. Оның əлеуметтік ортасы 
кеңейе түседі, сөздік қоры толық дамыған, сұрақ қоя алатындай 
жағдайға келген, көз алдында болып жатқан оқиғаны түсіне ала-
ды, өйткені қазір еркін қозғала алады, сондықтан бұрынғыдан 
гөрі өзін сенімдірек сезінеді. Ата-ананың баласының зерттеушілік 
қылығының əрекеттеріне деген реакциясы, оның ары қарай да-
муына өте маңызды фактор болып есептелінеді. Э.Эриксонның 
айтуынша, осы кезеңнің негізгі қаупі – өзінің шексіз белсенділігі 
жəне əр нəрсені білгісі келетіндігі, оның бойында кінəсін 
сезіну сезімін тудырады. Ынталық сезімінің төмендеуіне əкеліп 
соғады. Ынталылық дегеніміз өзінің іс-əрекетін жоспарлау, өзіне 
міндеттемелер алу, кез келген іске белсене араласу қабілеттілігі.
Ата-ананың айып сезімі қалыптасады, артық білгісі келетін, 
қажет ететін бала өзін сол үшін кінəлі сезініп, бойында қорқыныш 
ұялайды, ата-анам жазалай ма деген ой туады. Бойында айып 
сезімі бар бала өзін-өзі шектеп ұстайды, ешқандай мақсатқа деген 
ұмтылыс жоқ, басқа балаларға оңай бағынады. Айып сезімінен 
гөрі ынталылық басым болу үшін ата-аналар балаларының 
шығармашылығын, қиялын, əр нəрсені білгісі келетін сезімін 
қолдауы керек.


258
Еңбексүйгіштік жəне толық жетілмегендік сезімдерінің да-
муы
Дамудың төртінші кезеңі мектеп жылдарын қамтиды. 
Бұл кезеңде бала жоспарланып ұйымдастырылған еңбекке, 
тірлікке араласып кетеді. Өз-өзі болып іс-əрекет жасайды неме-
се өзгелермен өзара қарым-қатынас жасау арқылы дамиды. Осы 
кезең бойы бала неше түрлі өнімді іс-əрекет, қызмет атқару бары-
сында өзіне деген жақсы баға жинауға тырысады, алға ұмтылады, 
көпшіліктің жақсы пікіріне ие болғысы келеді. Ол неше түрлі 
құралдарды, қызмет құрылымдарды меңгере бастайды. Соның 
нəтижесінде, балада еңбексүйгіштік сезімі дами бастайды, өнімді 
іс атқаруға дайынмын деген қабілетін көрсете бастайды. Осы 
кезеңдегі даму бағыттан ауытқып кеткен болса немесе дұрыс 
дамымаса, оның аяғы неге апарып соғатынын Э. Эриксон толық 
қамтып, суреттеп беріп отыр. Егер де балада еңбексүйгіштік 
сезімі қалыптаспаса, ол құралдарды пайдалануға дағдыланбайды. 
Кейбір іс қолынан келмейтіндігі, беріліп жұмыс атқарып жатқан 
дағдайда мəртебесінің төменділігі – осының барлығы оның өзінің 
іс-əрекетіне жауап бере алмайтындығын, іс-əрекетін бақылай 
алмайтындығын айғақтайтын сезімді тудырады. «Баламен еңбек 
етуге қабілетім жетеді» деген сезімге сенімсіздікпен қарай бастай-
ды. «Мен білгенімді бұл салада, бұл жағдайда қолдана алмайды 
екенмін» - деген өзін-өзі дұрыс қабылдау қабілеті пайда болуы 
тиіс. Қолынан ешнəрсе келмесе, ол – тұлғаның ақауы, кемшілігі 
емес жəне де сəтсіздіктің белгісі деп ойлаған дұрыс емес. Міне, 
сондықтан да егер баланың қолынан бір нəрсе келмей жатса, ата-
ана мен ұстаздардың мақсаты – баланың жетістікке жететініне 
нандыру, сендіру, үміттендіру. Сонымен, мектеп жылдарындағы 
болып жатқан даму адамның өз-өзін суреттеуіне, бейнелеуіне 
мəнді əсер етеді. Адам өзін-өзі өнерлі де қабілетті жұмысшы 
ретінде тани біледі.
Эго – ұқсастықтың дамуы немесе дамудың кідіріп қалуы
Тұлғаның дамуының бірінші кезеңін суреттейтін ең терең 
дағдарыс. Балалық шақ кезеңі өтіп кетеді. Өмір жолының осы 
үлкен кезеңінің аяқталуы эго – ұқсастықтың алғашқы қалыбының 
қалыптасуымен суреттеледі. Дамудың үш түрі осы дағдарысқа 
əкеліп соғады:
Ол – адамда өсіп-жетілу, жыныстық өзгерістер, «басқалардың 


259
алдында мен қандаймын деген ой-толғаныс пайда болады; өзінің 
кəсіби бейімділігін табудың қажет екенін түсіне бастайды. 
Жасөспірім кезеңдегі ұқсастық дағдарыста өтіп кеткен қиын-
қыстау кезеңдері қайтадан орала бастайды. Артта қалған бұрынғы 
мəселелердің барлығын жасөспірім өзінің пікірімен шешу керек. 
Өзіне, қоғамға да осындай таңдаудың қажет екеніне көзін жеткізуі 
керек. Сонда ғана əлемге деген əлеуметтік сенімі, өзіндік іс-
əрекеттенуі, ынталылығы, тұлғаның жаңа тұтастығын жасайды.
Жастық шақ – бұл дамудың ең маңызды кезеңі, дəл осы 
уақытта дағдарыстар ұқсастығы болып жатады. Содан кейін 
«үлкен ұқсастыққа» қол жеткізу болады немесе даму барысында 
кідіріс пайда болады, басқа сөзбен айтқанда «ұқсастық диффузия-
сы» дейді. 
Жас адам өмірінде жасап жатқан қателігі мен іс-əрекеттенуіне 
ұмтылыс жасау арқылы қоғамда өз орнын табуға тырысады. Бұл 
іс-əрекетті ол бозбала шағы мен үлкендер кезеңінің арақашықтық 
уақытында жасайды. Қоғамда өз орнын табу əрекетін Э. Эриксон 
«психологиялық мораторий» деп атады.
Бұл дағдарыстың маңызы алдыңғы дағдарыстың шешуші 
деңгейіне байланысты (сенім, тəуелсіздік, белсенділік, т.б.) 
жəне қоғамдағы рухани атмосфераға да байланысты. Белгісіз 
дағдарыстар ұқсастықтың күрделі кірістері тұрып қалатын 
жағдайға əкеледі. Ал ол жасөспірімнің арнайы патологиясының 
негізі болып табылады. Э. Эриксон бойынша, ұқсастық 
патологиясының белгілері, ол балалық шаққа тəн қалпында 
қалуды тілеу, үлкендер статусына өтуге асықпау; бұлыңғыр, 
бірақ үрейдің тұрақты жағдайы; жан дүниесін бос сезіну, өзін-
өзі оңашалау, жалғыз ұстау, өмірін өзгертуге ықпал болып тұрған 
нəрселерден қорқу, өзінің басқа адамдарға əсер ететін қабілеті жоқ 
екендігінен үрейлену, барлық қоғамдық қарым-қатынастардан 
бас тарту (əйел мен еркек арасындағы қатынастарды жек көру, 
ұнатпауы), барлық отандықтарды жеккөру, шетелдіктерді 
ұнату. Жастық кезеңіне лайық Э. Эриксонның тағы да бірнеше 
маңызды бақылауларын қарап шығайық. Осы жаста пайда бола-
тын ғашықтықта Э. Эриксонның пікірінше, ешқандай сексуалдық 
маңызы жоқ. Бала ғашықтықтың маңызды деңгейі – ол өзінің 
басқаларға деген ұқсастығын анықтау іс-əрекеті. Міне, сондықтан 
бала ғашықтығы тек қана əңгімелесумен ғана шектеледі. 


260
Тұлғаның даму логикасы бойынша жастарға қарым-қатынас жа-
сау үшін іріктеп, таңдап алу қасиеті тəн. Араласу үшін олар адам-
дарды таңдап, іріктеп отырады. Талғамы, қабілеті, шыққан жері 
өзгеше болса, оны «бөтен» деп санайды жəне оған аса қаталдықпен 
қарайды. Көп жағдайда «өзінікі» мен «өзгені, бөтенді» ажыратуға 
көмектесетін киім-кешектің арнайы детальдары жəне ерекше 
бір ым, дене қимылдары, мұндай шыдамсыздық өзінің ұқсастық 
сезімінің қорғанышы болып табылады.
Дамудың психо-əлеуметтік кезеңдерін талдап болған соң 
жасөспірімнің «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына 
маңызды əсер ететін факторларды іріктеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет