Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет79/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   154
damu psihologiyas kitap

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары 
1. Бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуына 
іс-əрекеттің негізгі түрлерінің əсері.
2. Л. И. Божович бойынша жеті жастағы дағдарыс баланың 
əлеуметтік «Менінің» пайда болу кезеңі.
3. Л. С. Выготский бойынша жеті жастағы дағдарыстың си-
паттамасы.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық жағынан даму 
ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы 
қиындықтар.
Реферат тақырыптары
1. Мектепке келуімен қатысты балаға қойылатын негізгі та-
лаптар.
2. Мектепке дайындық мəселелері. Мектепте оқытуға баланы 
психологиялық тұрғыдан дайындау. 


201
4.6. Жеткіншектік кезеңнің психикалық дамуы
Жоспары:
1. Дамудың əлеуметтік жағдайы
2. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының 
айрықша ерекшеліктері
3. Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасы
4. Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі 
жəне жеткіншектің оқу үдерісі
5. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке 
тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін əсері
6. Жеткіншектердің құрдастарымен достық қарым-
қатынасы жəне оған қойылатын талаптары
1. Дамудың əлеуметтік жағдайы
Жеткіншек кезеңі – балалық шақтың соңы, балалық шақтан 
жастық шаққа өтпелі кезең. Ол əдетте, 10-11 жастан 14-15 жасқа 
дейін хронологиялық жасқа сəйкес келеді. Оқушының орта 
сыныптардағы оқу іс-əрекетінің негізінде қалыптасқан рефлексия 
қабілеті оның өзіне «бағытталады». Жеткіншек өзін ересекпен 
жəне едəуір кішкентай балалармен салыстырып, өзінің бала емес, 
дұрысы ересек екенмін деген қорытындыға келеді. Жеткіншек 
өзін ересек сезініп, айналадағылардың өзінің дербестілігі мен 
маңыздылығын мойындағанын қалайды.
Жеткіншектің негізгі қажеттіліктері – құрдастарымен қарым-
қатынаста болғысы келуі, дербестілік пен тəуелсіздіккке, ере-
сектерден оңашалануға тырысуы, өзге адамдардың тарапынан 
құқықтарының мойындалуын қажетсінуі.
Есею сезімі – жеткіншек кезеңінің бастапқыдағы психоло-
гиялық симптомы. Д. Б. Элькониннің пікірінше, есею сезімі 
жеткіншектің 
өзін 
басқалармен 
(ересектермен 
немесе 
құрдастарымен) салыстыратын, меңгеру үлгілерін анықтайтын, 
басқа адамдармен қатынастарын қалыптастыратын, өз іс-əрекетін 
өңдейтін сананың жаңа құрылымдары.


202
Жеткіншек кезеңінің өтпелі өзгерістері биологиялық 
ерекшеліктермен де анықталады. Бұл қарқындылығы «гормонал-
ды тасқын» ұғымына сəйкестендіруге болатын жыныстық жетілу 
кезеңі. Дене, физиологиялық, психологиялық өзгерістер, сексуал-
ды əуестіктің пайда болуы, жан-жақты даму үстіндегі жеткіншекті 
өзі үшін де бұл кезеңді тым күрделендіріп жібереді. 
Алайда, мəдениеттанушы антропологтардың еңбектерінде
(М. Мид, Р. Бенедикт жəне т.б.) қарапайым мəдениеттерде 
жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс пен оған байланысты тұлғааралық 
жəне тұлғаішілік қақтығыстардың болмайтындығын көрсетілген. 
Ол мəдениеттерде ересек пен баланың мінез-құлықтары мен 
міндеттері қарсылықта емес, байланыста қарастырылады. Бұл 
мəліметтер дағдарыстың биологиялық шарттылығы, генетикалық 
бағдарламалануы, оның жыныстық жетілу үдерісімен тікелей 
байланысы жайлы болжамды жоққа шығаруда. Сонымен бірге, 
əлеуметтік факторлар алдыңғы жоспарда қарастырылады. 
XVII-XVIII ғасырларға дейін жеткіншек кезеңі ерекше жас 
кезеңі ретінде ажыратылмаған, оның қазіргі мəртебесі салыстыр-
малы түрде жақын арада қалыптасқан тарихи құрылым. XIX 
ғасырда көптеген елдерде мектептегі жүйелі құрылым енгізіледі. 
Мұндай жаңалық баланың өміріндегі экономикалық тəуелділік 
кезеңінің біршама артуына жəне оның ересек адамға тəн рөлдерді 
қабылдау сəтінің кешеуілдеуіне ұласты. 
Жеткіншек кезеңінің шекарасы мен мазмұны қоғамның 
əлеуметтік-экономикалық дамуына, тарихи кезеңнің ерекшелік-
теріне, жеткіншектің ересектер əлеміндегі қоғамдық ұстанымына 
жəне сол жеткіншектің өміріндегі нақты жағдайларға тығыз бай-
ланысты болады. 
Жеткіншек жас шамасы «өтпелі» кезеңі ретінде балалық 
шақ пен ересектіктің үлкен айырмашылығы айқындалатын, ере-
сектер мен балаларға ұсынылатын нормалар мен талаптардың 
айырмашылығы 
көрініс 
беретін 
индустриалды 
қоғамда 
толыққанды ажыратыла бастады. Қазіргі заманғы қоғамда 
əлеуметтік ересектік жыныстық жетілу сəтіне сəйкес келмейді.
Жеткіншек кезеңін адамның сана-сезімінің жетілуі мен өз 
бетінше екінші рет дүниеге келу сəті ретінде алғаш рет
Ж. Ж. Руссо ажыратып, көрсетеді 
Жеткіншек жас шамасы психологиясының өзегін құрайтын 


203
негізгі идеялар С. Холлдың «Есею» («Взросление») атты еңбегінде 
баяндалады. 
С. Холл жеткіншектік кезеңнің өтпелілігі, «толқын мен 
тегеурін» кезеңі жайлы түсінікті қалыптастырады. Ол дамудың 
аталмыш кезеңінің мазмұндық-жағымсыз сипаттамаларын 
құрастырады (тəрбиеге икемсіздік, даукестік, эмоциялық 
тұрақсыздық).
К. Левин жеткіншектің балалар əлемі мен ересектер 
əлемінің арасындағы – екі мəдениеттің арасындағы тұрғысында 
айқындалатын маргиналдығын сөз етеді. Жеткіншек балалар 
мəдениетінің мүшесі болғысы келмегенімен, шынайы ақиқаттың 
тарапынан қарсылыққа тап болып, əлі де ересектер қоғамдастығына 
ене алмайды. Бұл жəйт «өмірлік кеңістіктердің» алмасуын-
да когнитивті дисбаланстың, бағдарлардың, жоспарлардың
мақсаттардың белгісіздігінің орын алуына ұласады.
Жеткіншек тұлғасының дамуы психологиялық тұрғыда 
З. Фрейд жəне А. Фрейд еңбектерінде де талданып, сипат-
талады. Жеткіншек кезеңіндегі жыныстық жетілу, сексуалды 
қуаттың толқыны тұлға құрылымдарының арасындағы бұрында 
қалыптасқан тепе-теңдікті құлдыратып, балалар қақтығысы жаңа 
қуатпен қайта жанданады.
Э. Эриксон жеткіншек кезеңі мен жасөспірімдік шақты 
адамның өзін-өзі тұлғалық анықтау, ұқсастығын ұғыну 
міндеттерінің шешіміне қол жеткізудің орталық кезеңі ретінде 
қарастырады. 
Кеңестік психологияда жеткіншек кезеңіндегі дамудың 
заңдылықтарын ұғынудың негіздері Л. С. Выготский, Д. Б. Элько-
нин, Т. В. Драгунова, Л. И. Божович, Д. И. Фельдштейн, Г. А. Цу-
керман жəне т.б. еңбектерінде көрініс табады. Жеткіншек кезеңін 
жиі дағдарыс, «қалыпты патология» кезеңі ретінде талқылап, оның 
екпінді ағымын, жеткіншектің өзі əрі өзімен қарым-қатынастағы 
ересектер үшін күрделілігін сөз етеді (мысалы, Божович Л. И.). 
Д. Б. Эльконин, керісінше жеткіншектіктің өзін тұрақты кезең 
ретінде қарастырып, дағдарыстарды ажыратады (жеткіншек алды 
жəне жасөспірімдік кезеңге өтердегі дағдарыс). Жеткіншек кезеңі 
психикалық даму кезеңі ретінде баланың қоғамдағы дербес ор-
нын іздеуімен байланысты жаңа сапалы əлеуметтік ұстанымына 
көтерілуімен сипатталады. Жоғары талаптар, өзінің мүмкіндіктері 


204
жайлы əрдайым орынды бола бермейтін түсініктері жеткіншектің 
ата-аналарымен, ұстаздарымен сансыз дау-дамайларға, қарсылық 
мінез-құлқына əкеледі. 
Қалыпты ағымдағы жеткіншек кезеңінің өзіне де дамуының 
үйлесімсіздігі, секірмелілігі, уақыт бойынша сəйкессіздігі тəн. 
Интериндивидуалды (хронологиялық жас шамасы бойын-
ша жасты жеткіншектер психикасының əр қырының дамуы 
уақыт кезеңінде сəйкес келмеуі) əрі интраиндивидуалды (мы-
салы, дамудың интеллекті қыры жоғары деңгейде болғанымен, 
ырықтылығының деңгейі салыстырмалы төмен болуы ықтимал) 
сəйкессіздік байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет