Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі



Pdf көрінісі
бет25/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде 
қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі 
құқықтық жағдайы аталады. 
Құқықтық 
мəртебенің 
мазмұны 
келесі 
негізгі 
элементтерден тұрады: 
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі): 
ə) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер; 
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы 
кепілдіктері; 
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген 
жауапкершілік. 
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының əрбір 
субъектісінің құқықтық мəртебесін құрайды. 
Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек əрекетқабілеттігінен 
жəне еңбек деликтқабілеттігінен тұратын еңбек құқықсубъектілігін 
тереңірек қарастырып өтейік. 


Еңбекке құқық қабілеттік – бұл еңбек заңнамасында танылған 
еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек 
құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық 
мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар 
болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды 
тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік жəне оралымды 
басқару оқшаулығына жету – олар еңбек құқығы қатынастарының 
субъектісі болуға жəне құқықтар мен міндеттерді иеленуге 
қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс 
істеуге жəне жұмыс беруге қабілетті. 
Еңбекке əрекет қабілеттік – бұл нақты құқықтық қатынастардың 
мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз 
əрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ
еңбекке əрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының 
өз əрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар 
мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп, 
халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға 
түссе, ол өзінің жұмыс істеуге қатысты əрекеттері арқылы еңбек 
құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші – жеке немесе 
заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау жəне жұмыс істеуші 
тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін 
иеленеді. 
Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда 
еңбекке құқық қабілеттік пен əрекет қабілеттік бір мезгілде болуы 
тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқықəрекет қабілеттік 
дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін 
ерекше қасиет. 
Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. 
Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан 
туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу 
қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен 
міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек құқығы 
субъектілерінің құқықтық мəртебесінің негізін құрайды жəне еңбек 
саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. 
Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен 
міндеттерінің тізімі əр түрлі сипатқа ие жəне олар өздерінің əлеуметтік 
мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен 
ерекшеленеді. 


ҚР Конституциясына сəйкес азаматтың еңбек құқығының 
субъектісі ретіндегі құқықтық мəртебесі барлық азаматтар үшін 
тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мəртебесінен ажырата 
білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, қызмет берушімен 
еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде иеленеді). Бұл кезде 
қызметкердің құқықтық мəртебесі еңбек заңдарымен анықталады. 
Азамат жұыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша 
органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек 
құқығының субъектісіне айналады. Ал қызметкердің құқықтық 
мəртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде 
туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мəртебесі ол жұмысқа 
орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мəртебесіне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет