Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет40/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
 
 


Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1. Ұжымдық шарттың түсінігі жəне оның мəні. 
2. Ұжымдық шарттың тараптары. 
3. Ұжымдық шарттар қандай мақсатта бекітіледі? 
4. Ұжымдық шарттың мазмұны қандай болады жəне кім оны 
анықтайды? 
5. Ұжымдық шартты бекітудің тəртібі жəне əрекет ету мерзімі. 
6. Ұжымдқ шарттың ережелерін орындамағаны үшін қандай 
жауапкершілік туындайды? 
7. Ұжымдық келісімге анықтама жəне жалпы сипаттама беріңіз. 
8. Ұжымдық келісімнің ұжымдық шарттан айырмашылығы 
неде? 
9. Ұжымдық келісімдердің тараптары болып кім табылады? 
10. Ұжымдық келісімдердің түрлері. 


6 Т А Р А У 
КƏСІПТІК ОДАҚТАР
 

Кəсіптік одақтардың түсінігі. Алғаш рет кəсіптік одақтар Англияда 
ХVІІІ ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің 
кəсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кəсіптік 
одақтардың пайда болуы мемлекет пен кəсіпкерлердің күшті 
қарсылығын тудырды. Тіпті, кəсіподақтарды басу үшін қылмыстық 
жауапкершілік көзделді, ал кəсіподақтарға бірігу қылмыстық топ 
ретінде 
қарастырылды. 
Алайда, 
кейінірек 
жұмысшылар 
қозғалыстарының қысымының нəтижесінде кəсіподақтар заңды 
тұрғыда танылды. Кəсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда 
1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 
жылы тоқтатылды. 
1871 жылы Англияда, содан кейін өзге де мемлекеттерде кəсіподақтар 
туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кəсіподақтарға анықтама берді, 
оларды тіркелген (заңды) жəне тіркелмеген (заңсыз) деп бөлді. 
Аталған заң ағылшындық тіркелген кəсіподақтарға бірқатар 
құқықтар берді, ол əлі күнге дейін күшіне ие. 
Кеңестік Одақта 1918 жылғы Еңбек туралы заңдар 
кодексі кəсіподақтарға еңбекшілердің мүдделерін қорғауға 
қатысты бірқатар құқықтарды тиесілі етті, 1922 жылғы Еңбек 
заңдары туралы кодекс бұл құқықтарды біршама кеңейтті. 
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сəуірдегі «Кəсіптік 
одақтар туралы» заңы кəсіподақтар мен олардың органдарының 
құқықтары мен өкілеттіктерінің негізін бекітті. 
Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдері Халықаралық еңбек 
ұйымының 1948 жылғы № 87 «Ассоциациялар еркіндігі жəне 
ұйымдасуға қатысты құқықтарды қорғау туралы» конвенциясын 
сақтауға тырысып, кəсіподақтардың құқықтарын заңды тұрғыдан 
таниды. Конвенцияға сəйкес жұмысшылар өз қалауы бойынша 
ұйымдар құру жəне өздерінің мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін 
осы ұйымдарға кіру құқығына ие. Дəл осындай құқық 
кəсіпкерлерге де тиесілі. Əрбір қызметкер, əрбір азамат кəсіподаққа 
еркін кіруге жəне одан шығуға құқылы. Бұл құқық, яғни, 
кəсіподаққа еркін кіру жəне одан шығу құқығы, əрбір адамның 
кəсіподақтарға бірігу құқығы, оларды ортақ мүдделерді қорғау 
үшін 
құру 
ҚР 
Конституциясында 
тікелей 
көзделген. 


Республиканың негізгі заңында, жоғарғы заң күшіне ие актіде 
кəсіподақтарды арнайы атап өту олардың қоғам өміріндегі ерекше 
рөлі мен мəнін көрсетеді. 
Кəсіподақтар қоғамдық құбылыс ретінде ішкі жəне сыртқы 
сипаттағы қатынастар мен байланыстардың көпжақты жəне күрделі 
жүйесін білдіреді. Социалистік қоғамда олар ең кең таралған 
қоғамдық ұйым болған.
Кəсіподақтар қоғамның саяси жүйесіне кіреді, мүшелікке 
негізделген, бірлескен қызметтің негізінде ортақ мүдделерді қорғау 
жəне 
жарғылық 
мақсаттарға 
жету 
үшін 
құрылады. 
Кəсіподақтардың негізгі міндеттері олардың басты функциясы – 
еңбек жəне еңбекпен байланысты қатынастар саласында 
қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге 
асырумен байланысты. 
Сонымен, кəсіподақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет