Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағынуы



Pdf көрінісі
бет57/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағынуы жеке еңбек 
шартының келесі белгісі болып табылады. Кез келген мекеме, 
кəсіпорын белгілі бір еңбек тəртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл, 
өз кезегінде, ұжымның нақты жəне үйлескен жұмысын қамтамасыз 


етеді. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерін сақтау қызметкердің міндеті 
болып табылады. Алайда, ескеретін бір жайт, бұл ережелер барлық 
қызметкерлерге таралмайды. Жекелеген қызметкерлерге олардың 
жұмысының сипаты мен ерекшеліктеріне сəйкес бұл ережелер 
таралмауы мүмкін. Кейбір ережелер тек нақты бір қызметкерлерге 
ғана таралады да, қызметкерлердің қалған бөлігіне қатысы да 
болмайды. Мұндай мəселелердің барлығы жеке еңбек шартында 
көзделіп өтуі мүмкін. 
Жеке еңбек шартының ерекшелігі болып жұмыс берушінің 
қызметкерге жалақы төлеу міндеті табылады (ҚР «ҚР еңбек 
туралы» заңның 70-бабы). Жалақының келесідей ерекшеліктері 
болады: 
· еңбекті бағалаудың бірыңғай талаптарына негізделе отырып
еңбектің сапасына жəне санына қарай төленеді; 
· жалақы төлеу алдын-ала белгіленген нормаларға сəйкес 
жүргізіледі; 
· төлемдердің негізгі бөлігі (тарифтік ставкалар жəне 
лауазымдық жалақылар) кəсіпорынның тапқан табысына тəуелді 
емес, ал қосымша бөлігі (сыйақылар жəне өзге де төлемдер) 
кəсіпорынның табысына белгілі бір дəрежеде тəуелді болады (бұл 
ерекшелік бюджеттік ұйымдарға қатысты орын алады); 
· ақшалай нысанда жүргізіледі; 
· заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс; 
· белгілі бір мөлшермен шектелмейді. 
Жұмысқа қабылдауға жол берілетін жас ҚР «ҚР еңбек туралы» 
заңының 11-бабы 
 
1. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен 
жасасуға жол беріледі. 
2. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет