Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


дəлелді себептерсіз қаталап орындамауы т



Pdf көрінісі
бет80/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

дəлелді себептерсіз қаталап орындамауы табылады. 
Қызметкерді бұл негіз бойынша жұмыстан босатуға мына 
жағдайлар бір мезетте орын алған кезде ғана жол беріледі: 
1. қызметкердің еңбек міндеттерін құқыққа қайшы, кінəлі түрде 
орындамауы немесе тиісінше орындамауы; 
2. еңбек міндеттерін орындамаудың немесе тиісінше 
орындамаудың қайталануы; 
3. қызметкерге осыған дейін тəртіптік əсер ету шараларының 
қолданылуы. 
Құқыққа қайшы ретінде еңбек құқығының нормаларымен 
көзделген еңбек процесіндегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзған 
қызметкердің əрекеті немесе əрекетсіздігі танылады. Яғни, бұл – 
заңдардың талаптарына қайшы əрекеттер. Ал егер қызметкердің 
жүріс-тұрысы заңдардың талаптарына қайшы болмаса, онда олар 
құқыққа сəйкес əрекет ретінде танылады жəне еңбек тəртібін бұзу 
ретінде қарастырылмайды. 
Кінəлі ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындамауымен 
немесе тиісінше орындамауымен байланысты, бұларда абайсыздық 
немесе қасақаналық түріндегі кінə көрініс табатын əрекет немесе 
əрекетсіздігі танылады. 
Қайта немесе жүйелі түрдегі құқық бұзушылық ретінде алты ай 
ішінде еңбек тəртібін бір реттен көп бұзу (бұлар үшін тəртіптік 
жазалар тағайындалу тиіс) танылады. 
Тəртіптік жаза ретінде қызметкердің еңбек тəртібін бұзғаны, 
яғни өзінің еңбек міндеттерін кінəлі түрде орындамағаны немесе 
тиісінше орындамағаны үшін басшылықтың тағайындаған 
жазалары танылады. ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 94-бабына 


сəйкес қызметкерлерге тəртіптік жазалардың келесі түрлері 
қолданылады: 
1) ескерту жасау; 
2) сөгіс беру; 
2-1) қатаң сөгіс беру; 
3) осы Заңның 26-бабының 9)-12)-тармақшаларына сəйкес жеке 
еңбек шартын бұзу. 
Жұмыс беруші заңдарда көзделген тəртіптік жаза түрлерін ғана 
қолдануға құқылы. Олар қызметкерлерге тəртіптік жазаның қандай 
түрі таралатынына қарамастан, барлық қызметкерлерге еңбек 
тəртібін бұзушылықтың кез келген түрі үшін қолданылуы мүмкін. 
Бұл ретте аталған тəртіптік əсер ету шараларының кезектілігін 
сақтау міндетті емес. Тəртіптік жазаны таңдау құқығы жұмыс 
берушіге тиесілі, жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың 
ауырлық деңгейін, келтірілген зиянды, оған қосымша мəн-
жайларды, қызметкердің басқа кездегі жүріс-тұрысын ескеруі тиіс. 
Тəртіптік құқық бұзушылықты жасаған қызметкерлерге 
тəртіптік əсер ету шараларын қолдануға қарамастан мыналар 
қолданылуы мүмкін: айыппұл тағайындау, сыйақыдан айыру, ақы 
төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру уақытын өзгерту, 
ескерту жəне т.б., бұлардың барлығы тəртіптік жазалар болып 
табылмайды, себебі олар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңында 
көзделмеген. 
Егер қызметкер осыған ұқсас əрекеті немесе əрекетсіздігі үшін 
тəртіптік жазаға ие болса, жəне өзінің еңбек міндеттерін қайтадан 
орындамаса немесе тиісінше орындамаса, ал оған тағайындалған 
тəртіптік жаза əлі алынып тасталмаса, онда еңбек міндеттерін 
дəлелді себептерсіз орындамау қайта құқық бұзушылық ретінде 
танылады. 
Жеке еңбек шартын ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-
бабының 8-тармағына сəйкес бұзуды еңбек міндеттерін дəлелді 
себептерсіз орындамаған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. 
Басқа кез келген себептермен еңбек міндеттерін орындамау 
(мысалы, еңбекке ұзақ уақыт бойы жарамсыздығы салдарынан жəне т.б.) 
қызметкерді аталған негіз бойынша жұмыстан босатуға негіз болып 
табылмайды. 
Қызметкердің еңбек міндеттеріне қатысы жоқ əрекеттерін еңбек 
міндеттерін бұзу ретінде санауға болмайды. Мысалы, жұмыс 


беруші қызметкерді моральға қайшы əрекеті үшін немесе өз үйінде 
алкогольдік ішімдіктерін ішкені үшін жұмыстан босата алмайды. 
Қызметкерді ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 8-
тармағына сəйкес жұмыстан босататын кезде ҚР «ҚР еңбек 
туралы» заңының 94-бабында көзделген тəртіптік жазалар ғана 
ескеріледі. Мерзімінен бұрын алынып тасталған немесе алты ай 
өткен соң күшін жойған тəртіптік жазалар еңбек міндеттерін қайта 
орындамағаны үшін жұмыстан босатуға негіз бола алмайды. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 95-бабына сəйкес тəртіптік жаза 
теріс əрекет байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей 
қолданылады жəне оны теріс əрекет жасалған күннен бастап алты 
айдан кешіктіріп қолдануға болмайды, бұл ретте тəртіптік жаза 
қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол 
қойғызылып жарияланады. Қызметкерге уақтылы жеткізілмеген, 
тек жұмыстан босату кезінде ғана жарияланған тəртіптік жазалар 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 8-тармағына сəйкес жұмыстан 
босату кезінде ескерілмейді. 
Жұмыс беруші қызметкерден жеке еңбек шартында көзделмеген 
еңбек функцияларын орындауды талап ете алмайды. Алайда, егер 
жұмыс беруші өзінің өндірісінде жаңа еңбек жағдайларын 
белгілесе, онда жеке еңбек шартына тиісті өзгертулер мен 
толықтырулар енгізіледі, жəне қызметкер өз жұмысын жалғасытра 
береді. Бірақ, бұдан кейін қызметкер өз жұмысын орындаудан 
дəлелді себептерсіз, қосымша функциялардың жұмысқа тұрар кезде 
айтылмағанын сылтауратып бас тартса, онда мұндай бас тарту 
тəртіптік теріс қылық ретінде саналып, жеке еңбек шартын ҚР «ҚР 
еңбек туралы» заңының 26-бабының 8-тармағына сəйкес бұзуға 
негіз болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда қызметкердің 
еңбек міндеттерін дəлелді себептерсіз орындамауының қайталануы 
тəртіптік жазамен ресімделуі тиіс. 
9) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 9-тармағына 
сəйкес қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет