Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан



бет2/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

ӘӨЖ 373.2
ББК 74.102



ISBN 978-601-80311-3-7


© АРАЛБАЕВА Р.Қ

2
© ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы




Түсінік хат


«Мектепке дейінгі педагогика» курсы тұлғаның бастапқы қалыптасу және оның заманауи қоғамның мәдениетіне араласу кезеңі ретіндегі мектепке дейінгі балалық шақтың мән-мағынасын түсіну аясында студенттердің мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен практикасын меңгеруге бағытталған. Курс студенттерді кәсіптік функ- цияларын біліктілікпен орындауға базалық ғылыми дайындауды - мек- тепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу, балалар бақшасы педагогикалық ұжымына жетекшілік етуді және мектепке дейінгі білім беру педагогикалық колледждерінде сабақ беруді қамтамасыз етеді.
«Мектепке дейінгі педагогика» курсындағы өзіндік жұмыс теориялық, аксиологиялық, технологиялық, зерттеушілік және замана- уи мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу проблемаларына тұлғалық көзқарастардың жиынтығы ретінде біріктірілген.
Өзіндік жұмыстың нәтижелілігі курсты оқыту процесінде студенттердің субъективтік ұстанымын құру және студенттердің өздігінен білім алу белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі педагогикада практикалық сабақтарда педагогикалық пәндер циклін оқу барысында меңгерген білімі мен біліктерін ары қарай қалыптастыру жұмысы жалғастырылады: әдебиетті теориялық талдау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу процестерін және бағдарламаларын жобалау және құру, мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық үрдістерді диагносттау және мек- теп жасына дейінгі балаларды дамыту.
«Мектепке дейінгі педагогика» курсы бойынша практикалық сабақтар жүйесі мектепке дейін білім берудің қазіргі заманғы теорияла- ры мен тұжырымдамаларының мән-мағынасын саналы түрде түсінудің қажеттілігі, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өмірдің талабы екендігі, мектепке дейін тәрбие беру практикасында педагогикалық теорияны шығармашылықпен қолдана білу, қойылған проблеманы шешуде студенттердің өз көзқарастарын толыққанды негіздей білу жүйесін жасай білуі тұрғысынан қарастыруды көздейді. Көптеген шығармашылық тапсырмаларды студенттер жұмыс топта- рында орындайды, ол болашақ педагогтың командада жұмыс істей білу білігін қалыптастыруда, педагогикалық проблемаларды шешудің ұтымды жолдарын табудың бірыңғай стратегиясы мен тактикасын жа- сауда аса маңызды.
Практикалық сабақтарда студенттердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда әртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау және педагогикалық си- туацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады. Әрбір сабақта про- блеманы талқылау пікірталас сипатында өтеді, көпнұсқалы ізденістер қарастырылады. Пәнаралық байланыс орнату, философиялық, психологиялық, тарихи-педагогикалық білім мен жеке тәжірибені ин- теграциялау - сабақта қарастылатын мәселе бойынша студенттердің өз көзқарастарын негіздеу үшін аса маңызды.
Өзіндік жұмыс «Мектепке дейінгі педагогика» курсын оқып- үйренуде студенттің дербес білім алу бағытын анықтауға мүмкіндік туғызуды көздейді.
«Мектепке дейінгі педагогика» курсын меңгеруде сәттілік тілеймін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет