Ұсынылған әдебиетті және сыбайлас пәндерден («Бала және жас ерекшелік психологиясы») алған білімді пайдаланып, тақырыптың 6-сұрағын өз беттеріңізбен қарастырыңыздар.
Өзіндік жұмыс үшін тапсырма:
Жеке сөздіктің көмегімен тақырыптың жетекші ұғымдарының мазмұнын айқындап көрсетіңіздер. Сөздікті жаңа анықтамалармен толықтырыңыздар, олардың авторлығын атап көрсетіңіздер, өздеріңіз үшін «тәрбие» ұғымының жұмыстық нұсқасын тауып негіздеңіздер (тар мағынада).
Педагогика курсынан тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін, тәрбие процесінің қозғаушы күштерін қайталаңыздар. Мектеп жа- сына дейінгі балалар үшін бұл ережелердің қайсысы заңды екендігін бақылаңыздар. «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптері» деген кесте құрыңыздар.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіне әсер ететін факторлардың» кестесін құрыңыздар, бұл факторлардың маңыздылығын график түрінде көрсетіңіздер.
«Педагогика», «Мектепке дейінгі педагогика» оқулықтарын пай- даланып, «Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу әдістері» атты ке- сте құрыңыздар.
«Мектепке дейінгі педагогиканың тұжырымдамасы» құжатының конспектісін жасаңыздар.
Мектеп жасына дейінгі педагогика теорияларының біреуі бой- ынша жазбаша хабарлама дайындаңыздар. Тапсырманы орындау үшін сабаққа ұсынылған әдебиетті пайдаланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы: Рауан, 1992.
Дошкольная педагогика. В 2 ч. / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. – М., 1988.
Драгунова О. В. Дошкольная педагогика: С.1.- Чебоксары, 2003.
История дошкольной педагогики/ Под ред. Л. Н. Литвина. – М., 1989.
Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. М., 2001.
Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. Марковой. – М., 1980.
Мектепке дейінгі педагогика: Оқу құралы/ Жұмабекова Ф. Н.- Астана: Фолиант, 2008.-336 б.
В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.- А.: Мектеп, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |