Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ



бет11/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ГЕНЕЗИСІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ


Жоспар:

    1. Педагогикалық технологияның даму генезисі.

    2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы.

  1. Педагогикалық технологияның даму генезисі

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық үдеріс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару», - деген.
Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, оның пікірінше, оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады» - деген мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық


34


35




технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни, кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т Т Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген түсініктен бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
М. П. Сибирская бойынша «әдістеме» мен «технологияның» салыстырмалы сипаттамасын қарастырады.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер «әдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» Юсһпе - өнер, шеберлік және Іодоз - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогика- лық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи- педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.


И. Г Песталоццидің педагогикалық маңызды мәселенің бірі «Әрбір арнайы даярланған мұғалім кез келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С. Т Щацкийдің, Н. И. Попованың, В. Н. Сорокин-Росинский технологиялары соны құбылыстар деуге тұрарлық. Әр түрлі тұжырымдамалық негізге құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: әр бала өмірін және еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әржақты дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары.
Ю. Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі «мөлшерлік шығармашылық белсенділікті» арақатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «іс- әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі», - дейді.
М. С. Левит: «Кәсіби жұмыс технологиясын меңгермеген педагог, оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу керек екенін білмейді. Тек жоғары дәрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», - деген екен.
В. П. Беспальконың айтуынша, әрбір іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология - ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шетелдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды зерттеуде неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.


36


37




Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіреді. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің зерттеу іс-әрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған педагогикалық үдерістің тәжірибеде тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы мұндай көріністер былай анықталады:

  • өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық тех- нологияларды дайындау мүмкіндіктері;

  • мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен, педагогикалық үдеріс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қоршаған орта мен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан - табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:

  • технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық ұстанымы


жатады. Осылайша, білім беру үдерісінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;

  • педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі опе- рациялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;

  • диалогтық қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау қағидаларын негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;

  • педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;

  • педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі бо- лып табылатындар - диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және ережелер, белгілі ұстанымдар.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту үдерісінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

  1. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі бола алады.


38


39




XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тер- бетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс- тәсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицей, т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың


маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті - деп В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді меңгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономи- ка, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.


40


41




Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет