Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет12/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегені- міз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология - оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үдерісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үдерісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл - мұғалімдер топ- тары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш кескіндер, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, ізгілік бағытқа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш. А. Амонашвилиді - бастауыш сынып оқушыларын эксперимен- талды жаңашалап оқытуды атау керек. Ш. А. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың


бір реттік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы, оның негізгі идеясы «О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-лияностной педагогики» деген еңбегінде баяндалған.
Академик М. П. Иванов - коммунарлық тәрбие әдістемесінің ұжымдық істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта түскен жаңашыл педагог. Жаңашыл педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік ерекшелігі ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Кеңес одағының Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дәстүрлі класс- сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап, практикаға енгізеді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс- әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күші мен қабілетіне сенімділігін нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды. Осыған сай тұлғаның қабілеттілігі баланың оқудан тыс іс-әрекетінің еркін болуы негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ынтымақтастық педагогикасын адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады. Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г С. Альтшуллер және т.б.).
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы мектептерді ашу кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьеваның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық деңгейдегі атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның


42


43




өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейлі және тиімді «технологиясын» іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды саусақтардың өте нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, модельдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.
С. Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің республикамызда, әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С. Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер» мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Инновациялық мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дәлелдейді, оқушы тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуының негізі болатындығын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет