Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогикасы
|
талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту;
балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
|
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы.
Амонашвили Ш. А.
|
баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу;
баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.
|
Ойын арқылы оқыту технологиясы
|
дидактикалық;
тәрбиелік;
дамытушылық;
әлеуметтендірушілік.
|
Проблемалық оқыту
технологиясы
|
білім, білік, дағдыға ие қылу;
өз бетімен әрекеттену
әдістерін меңгеру;
шығармашылық икемділікті дамы- ту.
|
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов)
|
қалыптастыру;
|
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы (Лысенкова С. Н.)
|
білім, білік, дағдыны меңгерту;
мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
барлық баланы табысты оқыту.
|
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
|
әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
|
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
|
әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
|
46
47
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
|
- ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.
|
Оқытудың компьютерлік технологиясы
|
баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту;
жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.
|
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев)
|
- математикалық білімнің
оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.
|
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин)
|
- пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым
жетілген жүйесін жасау.
|
Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори).
|
барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту;
балалардың математикаға де- ген қызығушылығын туғызу.
балалардың бойында дарын- дыларды тәрбиелеу;
жан-жақты дамыту;
дербестікке тәрбиелеу;
бала санасындағы нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірлігі.
|
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)
|
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
|
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі
Д. В. Эльконин -
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
|
жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы;
жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау;
теориялық ой мен сана қалыптастыру;
балаларда білім, білік, дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, ой-әрекетінің әдістерін де қалыптастыру;
балалардың оқу әрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу.
|
В. М. Манахов технологиясы
|
оқытудың тұтас технология- сын жобалау;
алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдеріс туғызу;
мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.
|
Жаңашыл педагог Ш. Амонашвилиден дамыта оқыту мен шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың жолдарын үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенкованың тірек схемаларымен оза оқыту әдістерін үйренуге болады.
Белгілі психолог Выготский: «Оқыту, білім беру, дамытудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» - дейді.
Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пән барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы - сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік әдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.
48
49
Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды «Кім шапшаң?», «Ойлан тап», т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым және ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педа- гогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық және мазмұндық ұстанымдары;
ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.)
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық және практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі - педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дәуірге дейін жиналған білім атаулының бәрі, оқушыға жетерлік дәрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға әкелу мәселесі назарға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |