ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Жоспар:
Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері.
Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік.
Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің
объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп- өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты - алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дәлел - бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы
жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |