Инновациялық технологиялар - ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген әдістер.
Отандық дәстүрлі педагогика тәжірибесінде оқыту әдістері үш топқа бөлінеді:
Олардың өздері төмендегідей топтамаларға бөлінеді:
Оқү-танымдьіқ қызметті
ұйымдастыру және жүзеге
асыру әдістері
• аүызша, көрнекі, төжіри-
белік (оқу материалын
баяндаү көзі бойынша)
•өсімпаздық түсіндірмелі-
бейнелі, ізденістік, зерт-
теушілік, мәселелік және
т.б. (оқу-танымдық қыз-
меттің сипаты бойынша)
•индукциялық жӘне дедук-
циялық (оқү материалын
баяндау және түйсіну
қисыны бойынша)
Оқу-танымдық қызметтің
тиімділігін бақылау
Өдістері
Оқу -танымдық қызметті
ынталандыру әдістері
• білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеру нәтижелерін ауызша, жаз- баша тексерулер және өзіндік тексерулер
•Білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруде ынтаның, жауапкершілік сезімінің, міндеттемелердің, мүдделердің қалып- тасүын көтермелеу
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың қүрылымдық-мазмүндық моделі жасалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа
инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына өлшемдер арқылы жүзеге асады:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптас- тыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс- әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмүноық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының
30
31
деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үдерісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үдерісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үдерісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шыгармашылык өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық- ізденушілігін дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс- әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл- қозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |