Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Қамтамасыз етілмеген облигация (debenture)



бет32/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

Қамтамасыз етілмеген облигация (debenture) – қандай да бір нақты кепілмен қамтамасыз етілмеген облигация
Қаржы активтері (financial assets) – материалдық активтерге немесе олардан алынатын табыстарға талаптар (құқық)
Қаржы делдалдары (financial intermediaries) – өздерінде несие берушілердің қаражаттарын орналастыру және оларды кейінен қарыз алшыларға беру жолымен қарыз алу- шылыр мен несие берушілердің қаржылық қажеттілік- терін біріктіретін ұйымдар
Қаржы-бюджеттік саясат (fiscal policy) – мемлекеттік шығын- дар мен салық салуды экономикалық тұрақтандыру үшін қолдану
Қаржылық «тетік», қаржылық леверидж коэффициенті (leverage ratio) – кәсіпорынның жалпы капитал сома- сының оның меншікті капиталына қатынасы
Қаржылық инвестициялар әртүрлі қаржылық құралдарға (активтерге), соның ішінде аса маңызды үлес алатын бағалы қағаздарға қаражаттарды салу
Қаржылық инженерия (financial engineering) – инвесторлар- дың талаптарына сәйкес келетін алдын ала бағдарлан- ған қасиеттері бар бағалы қағаздарды құру және жасау үдерісі
Қор биржалары (stock exchanges) – шығарылған бағалы қағаз- дарды сауда қатысушыларының сатып және сатып алатын екінші ретті нарықтар
Қорғалған «пут» опцион (protective put) – опционның орын- далу бағасына тең минималды табысты қамтамасыз ететін активтің «пут» опционымен комбинациясы
Қысқа мерзімді инвестициялар – әдетте бір жылға дейінгі кезеңге салынатын капитал салымдары (мысалы, қысқа мерзімді депозиттік салымдар, қысқа мерзімді жинақ сертификаттарын сатып алу және т.б.)
Лизинг – бұл белгілі бір мүлікті сатып алып, кәсіпкерлік мақсаты үшін кәсіпорынға уақытша пайдалануға беруді қарастыратын кәсіпкерлік қызмет түрі, қаржыландыру әдісі
Макродеңгейде инвестициялар немесе капитал салымдары – ұлттық экономиканың дамуы мен қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге арналған негіз
Мониторинг – бірінші және аса маңызды басқару элементі болып табылады, оның мақсаты – берілген портфельдің типіне сәйкес келетін инвестициялық қасиеттерге ие бағалы қағаздарды таңдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет