Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ



бет2/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ





1. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯ





1.1

Инвестицияның экономикалық мазмұны мен рөлі

Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда
«салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қаты- настарға өтумен байланысты және экономикадағы реформа- ларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісі- не және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бой- ынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым салу термині қолданыл- ған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Инвестиция пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объек- тілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қара- жаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интел- лектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді.
Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражат- тарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік.
Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдары- ның ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.
Инвестиция ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруа- шылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіп- орындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы. Сонымен қатар, инвестиция капитал салу және күрделі қаржы.
Инвестиция – бұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндіріс- тің ұлғаюына және жаңаруына жұмсалатын шығындар.
Инвестиция – бұл шаруашылық өмірге бағытталған салым- дар және капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі.
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңы- на сәйкес инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор сала- тын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауар- лардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері деп анықтама берілген.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «инвестиция» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кең мағынасындағы инвестиция пайда табу кезінде активтердің қолданылуын түсіндіреді.
Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси және әлем шаруашылығы аспектілері шеңберінде сипаттайды. Жалпы инвестицияны қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестиция – табыстың ең маңызды бөлігін құрайды. Себебі, ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материал- дар, өндірістік қорлар және тағы басқалар жатады.
Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей бөліктерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман және аң аулау шаруашылықтары, балық аулау шаруашы- лығы, өндіріс, сауда, автокөлік жөндеу, қонақ үй мен мейрам- хана, көлік пен байланыс, қаржылық қызмет, жалға беру қыз- меттері, мемлекеттік басқару, білім және әлеуметтік қызметтер- дің көрсетілуі, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі.
Қазақстанның ресми статистикасына қарағанда инвестиция түсініктеріне қаржылық емес активтердің инвестициялық көр- сеткіштері себеп бола алады. Сонымен қатар, ол өзінің құрамы- на ғылыми және конструкторлық зерттеуге, күрделі жөндеуге, табиғи ресурстарды қолдануға, негізгі капиталдың элемент- теріне кеткен шығындарды жатқызуға болады. Инвестицияның басты элементі негізгі капитал болып саналады, сонымен қатар оларға жаңа құрылыс, техникалық және реконструкторлық жаб- дықтау, автокөліктер және оларды жабдықтауды қамтамасыз ету жатады. Сондай-ақ, инвестицияның жалпы капитал көздеріне республикалық бюджетті қаржыландыру, жергілікті бюджеттер- дің қаражаттары, ұйымдар мен кәсіпорындардың өзіндік қара- жаты, сонымен қатар шетелдік инвестициялар жатады.
Инвестицияның жалпы капиталының басым бөлігі жалпы ішкі өнімнің динамикасының деңгейіне әсер етеді және макро- экономикалық талдаудың объектісі ретінде қолданылады. Макроэкономикада инвестиция түсінігі ЖІӨ-нің динамикасына әсер етуші шығындардың қолданылуын сипаттайды. Кейбір жағдайларда мұндай инвестициялар экономиканың нақты секторы немесе нақты инвестициялар деп аталады.
Нақты инвестициялар үш негізгі бағытқа бөлінеді. Жалпы капиталдың кәсіпкерлік инвестициялары, тұрғын үй құрылы- сының инвестициялары және қорлардың өзгеруі (тауарлы- материалды қорлардың инвестициялары).
Сондай-ақ, инвестициялар таза және жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Бұл бөліну функционалдық капиталдың айнал- малылығы инвестициямен байланысты екендігін көрсетеді.
Мұндай үдерісте функционалдық капиталдың физикалық жағ- дайы нашарлайды. Өнімге деген бағасы бөліктерге ауысты- рылып, амортизациялық қорды құрайды.
Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік форма Қазақстан экономикасы үшін өте қолайлы. Кәсіпкерлік капитал жеткізілімі өз кезегінде шекарадан тыс жерлерде филиалдар, еншілес компаниялар және бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған ұзақ мерзімді шетелдік инвестициялар болып табылады.
Жалпыға бірдей деңгейде инвестиция жер учаскесіне, жыл- жымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға, құрылысқа, техникалық құрал-жабдықтарға, қазба-байлықтары мен кен өндіруге жұмса- атын күрделі қаржы. Сонымен қатар, инвестиция ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді капитал жұмсалымы.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады:

  • өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;

  • айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;

  • капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құру үдерісі;

  • басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.

Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түр- лерін сипаттайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет