Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар



Pdf көрінісі
бет101/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181
7 сын

4. Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар. Осы 
кез ден бастап Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – 
«тү тiн 
салығы» енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басы-
нан ақ ша лай алынып тұрды. Орынбор және Батыс 
Сiбiр генерал-гу бернаторлығындағы қазақтар 3 сом- 
нан, ал Түркiстан генерал-гу бернаторлығындағы 
қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi. Мал са нағы 
3 жылда бiр рет өткiзiлдi.
Жергілікті халық бiрқатар борыштар атқаруға
атап айтқанда, олар көпiрлер мен жолдарды тегiн 
жөндеп тұруға мiн деттi болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас 
адам дар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз 
үй лер бө лiп тұруға мiндеттелiндi. Қазақтарға оларды отын-сумен және 
ше неунiктердi жолға мiнетiн ат-көлiкпен қамтамасыз ету де жүктелдi. 
Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды. Басқа сословиеге 
өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде 
берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi ша ру аларға айналдыруды 
көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады. 
5. денсаулық сақтау саласындағы реформа.
Әр облыста облыстық 
дәрiгер тағайындалды. Әрбiр уезде бiр дәрiгер мен акушер кiн дiк шеше бо-
латын болды. Уездiк дәрiгерге шешекке қарсы егу шарала рын қамтамасыз 
ету мiндетi жүктелдi. Ол науқас адамдарға ме дициналық көмек көрсетiп, 
Кестеге қарап генерал-
губернаторлыққа қазақ 
жерінен басқа қандай 
аумақтар енгенін анық-
та. Оларды 117-беттегі 
картадан көрсет.
сөзіңді дәйекте
Неліктен салықтың 
мөлшерінде айыр-
машылықтар болды 
деп ойлайсың?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


120
оларды дәрi-дәрмекпен тегiн қам тамасыз етуi керек 
болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекеме лер дегi 
емдеу орындарында да дәрiгерге тексерiле алды. Солай 
бола тұрса да, дәрiгерлердiң жеткiлiксiздiгi салдары-
нан қазақтардың бұл мүм кiндiктер мен жеңiлдiктердi 
толық пайдалануы мүмкiн болмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет