Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет107/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   181
7 сын

реформалардың отаршылдық сипаты
Генерал-губернаторға шексіз 
өкілеттік билік берілді
Дала генерал-губернаторына
«сенімсіз» қазақтарды 
әкімшілік тұрғыда жер 
аудару құқығы берілді
Ірі қалаларда полиция 
басқармалары, бірқатар уезд 
орталықтарында полиция
приставтықтары құрылды 
Түтін салығы мөлшері 
4 сомға дейін өсірілді 
Дәстүрлі билер сотына 
шектеу қойылды 
Қоныс аударту
басқармалары құрылды
Қажетті дерек
Ресей императоры II Алек сандр 
1886 жылы Түркiстан өлкесiн 
басқару туралы жар лық қа қол 
қойды. Жаңа Ереже бойынша 
Түркiстан генерал-губер натор-
лығының құрамына Сырдария, 
Ферғана және Самар қан облыста-
ры енді. Кейiн оған Жетiсу облы-
сы қосылды. Түркiс тан ге нерал-
губернаторлығының орталығы 
Ташкент қаласы болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


127
бөлiндi. Соның салдарынан оның бiр бөлiгi Iшкi Орда ның, екiншi бөлiгi За-
каспийск облысының, ал үшiн шi бөлiгi Дала ге нерал-губернаторлығының 
құрамында болды. Пат ша үкiметiнiң мұн дай қадамға баруы Кiшi жүз 
қазақтарының қайта-қайта көтерiлiс жасай беруiне байланысты едi.
5. ресей сот жүйесiнiң енгiзiлуi. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi 
бойынша жергiлiктi тұрғындар тарапынан жасалған бiрқатар қыл мыс -
тар үшiн жалпыимпериялық заң негiзiнде жауапкершiлiкке тарту ша-
ралары қарастырылды. Христиан дiнiне қарсы әрекет, жа ңа басқару 
жүйесiне наразылық таныту, алым-салық төлеуден жә не мемлекет үшiн 
түрлi мiндеткерлiктер атқарудан бас тарту қыл мыстары билер сотының 
қарауынан алынып, жергiлiктi отар шылдық билiктiң құзыретiне берiлдi. 
Билер 3 жылдық мерзiмге сайланатын болды. Олардың қызметi уез-
дiк начальник тарапынан қатаң қадағаланды. Ел ара с ында би сайлауда 
«партиялық» тартыстар өрши түстi. Би бо лып кездейсоқ және қоғамда 
беделi мен қабiлетi жоқ адамдар да са й лана бастады. Осыдан барып қазақ 
өмiрiндегi билердiң абыройы мен беделi төмендедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет