Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет110/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181
7 сын

ҚАЗАҚСТАНдАғы ЖАППАй ОТАрШылдыҚ 
ҚОНыС АудАрТу САЯСАТы
ХIХ ғасырдың 60–90-жылдарында жүргiзiлген әкiмшiлiк реформалар 
қазақтардың жерiн түгелдей мемлекеттiң меншiгi деп жария лады. Ол 
реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға 
берiк негiз қалады. Орыс шаруаларын iшкi Ресейден жаппай қоныс аудар-
ту көп жағдайда қазақтарды ежелгi ата мекенiнен, қонысынан қуу және 
ең құнарлы жерлерiн күштеп тартып алу арқылы жүзеге асырылды.
1. Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс 
аударту себептерi. Егер ХIХ ғасырдың ортасына дейiн 
Қазақстанға көбiнесе Ресейден әскери топ пен казактар 
ғана қоныс аударып келсе, ға сыр дың екiншi жарты сы-
нан бастап жағдай түбегейлi өзгердi. Ресей шаруала-
рын қазақ да ласына бұрын-соңды болып көрмеген кең 
көлемде жаппай қоныс аударту iсi мемлекеттiк тұрғыда 
қолға алынды.
Мұның бiрқатар себептерi болды. 
Бiрiншiден, 1861 жылы Ресейде ша-
руаларды крепостниктік, яғни басыбайлы езгiде ұстау жойылды. Шаруа-
лар басыбайлы тәуелдiлiктен құтылды. Бiрақ олар жерсiз қалды немесе 
ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзi шаруалардың толқуын 
туғызды. Патша үкiметi шаруалар бүлiншiлiгiнiң өрши түсуiн бол дырмау 
үшiн оларды Қазақстан мен Сiбiр аумағына жаппай қо ныс аударту шарала-
рын ұйымдастыру жөнiнде шешiм қабылдады. 
Екiн шiден, Ресей империя-
сы қоныс аударушы шаруалар есебiнен қа зақ өлкесiнiң аумағында өзiнiң 
сенiмдi тiрегiн қалыптастыруды мақ сат еттi. 
Үшiншiден, патша үкiметi 
орыс шаруаларын жаппай қо ныс аударту арқылы қазақтарды егiншiлiкпен 
айналысатын оты рықшы өмiр салтына көшiрудi ойлады. Өйткенi он-
дай жағдайда қыруар көп жер босап қалып
жергiлiктi халықты қатаң бақылауда ұстаудың
тамаша мүмкiндiгi туар едi. 
Төртiншiден, патша 
үкiметiнiң жер гi лiк тi ха лықты христиан дiнiне 
енгiзу және орыстандыру жө нiнде арам пи ғылы 
да болатын. 
Бесiншiден, қоныс аударушы шаруа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет