Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет118/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181
7 сын

Қажетті дерек
Лондонда «Спасск мыс кен 
орындарының акцио нер лiк 
қоғамы» құрылды. Бұл қоғам
орыс көпестерiнен мыс 
кенiштерiн са тып алумен 
белсендi түрде айналысты. 
акция иелері Англияның, 
Францияның, АҚШ-тың, 
Германияның, Швецияның
Испанияның және басқа да 
елдердiң азаматтары болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


141
сол жылы мыңнан астам қазақ Ачинскiге таяу жерде 
темiржол дың Орта Сiбiр учаскесi құрылы сында жұмыс 
iстедi.
Қазақстаннан темiржолдар арқылы ауылшаруа-
шылық шикi зат тары тасылды. Қазақстанның оңтүстiк 
аймақтарынан мақта, жемiс-жидектер жөнелтiлiп жатты. Қазақстанға 
темiржол арқылы егiн шiлiкке қажеттi машиналар мен еңбек құралдары 
жеткiзiлдi. Сон дай-ақ көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материал-
дары, мануфактура өнiмдерi, қант және шай әкелiндi.
Темiржолдарда жұмыс iстеу мамандандырылған 
жұмыс шылардың болуын қажет еттi. Жергiлiктi жер-
лерде ондай жұмысшылар болған жоқ, барының өзi 
жетiспедi. Патша үкiметi ондай мамандан дырылған 
темiржол және өнеркәсiп жұмысшыларын негiзiнен 
Ре сейдiң еуропалық бөлiгiнен әкелiнген орыстардан 
қалыптастыруға күш салды. 
5. Жұмысшы табының қалыптаса бастауы.  Жер-
гiлiктi жұ мысшы табының қалыптасуы өнеркә сiптiң дамуына байланысты 
болды. Жұ мысшылар негiзiнен кедейленiп, қайыршы халге түскен көш-
пелi қа зақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруалары есе бiнен то лыға 
түстi. Қазақстанның бiрқатар облыс тарынан мыңдаған ша руалар жұмыс 
iздеп, табыс табу үшiн ел ке зiп кеттi.
Жұмысшылардың тұрмысы бiрқатар фак торларға байланысты едi: 
олардың кәсiби бiлiмi, мамандығы бол ған жоқ. Тұрғын үй тапшылығынан 
қатты қиналды, кәсiпорындарда еңбек қауіпсіздігі сақталынбады. 
Жұмысшылардың жарақаттануы мен өлімге ұшырау оқиғалары жиі 
кездесетін. Қазақстанда ХIХ ға сыр дың аяқ кезiнде 
өнеркәсiп өндiрiсiнiң техникалық жабдықталу дең гейi 
тым төмен болды. Соның салдарынан негiзiнен қол 
еңбегi көп қолданылды.
6. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Зауыт, фаб рикалардағы 
жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Фаб рика инспекция сы туралы 
заң Қазақстан аумағында қолданылған жоқ. Жұмыс кү нiнiң ұзақтығы 
мұнай кәсiпшiлiктерiнде 12 сағатқа, ал алтын өндi рiлетiн кен орындарын-
да 10–12 сағатқа созылды. Жұмысшылар қа ра пайым еңбек құралдарын 
пайдаланды. Кәсiпо рын дарда еңбек қа у iп сiздiгi сақталмады, ол туралы 
сөз ету мүмкiн емес едi. Жұмысшылардың тұрақты баспанасы да болған 
жоқ. Олар лашықтар мен киiз үйлерде тұрды.
Тау-кен өнеркәсiбiнiң тез дамуы жұмыс қолының тапшылығын ту-
ғызды. Соның салдарынан кәсiпорындарда әйелдер мен балалардың еңбегi 
Теміржол салудың ел 
экономикасына пайда-
сы қандай еді?
картамен жұмыс
139-беттегі кар-
тадан Қазақстан 
аумағында салынған 
алғашқы теміржол 
желісін көрсетіңдер.
Қазақстанда жұмыс шы 
табы қалай қалыптасты?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


142
кеңiнен пайдаланылды. Олар еңбекақыны ер адамның 
еңбекақысымен салыстырғанда әлдеқайда аз алды. 
Қазақ жұмысшыларын ашықтан-ашық кемсiтiп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет