Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет128/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181
7 сын

ХІХ ғАСырдың ЕКІНШІ ЖАрТыСыНдАғы
ҚАЗАҚ ҚОғАМы 
§41–42.
тірек сөздер:
Жатақтар
• Нұрекен
• Би
• Жалдамалы
жұмысшылар
Зар заман ақындары
• Мұрат Мөңкеұлы
ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында қазақ 
халқының шаруашылығы 
қандай өзгерістерге 
ұшырады?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


153
бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде 
егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты 
болып қалды. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты 
отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын 
қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша 
бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар 
үшін қыруар жер телімдерін босатып беруі және 
қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын.
Егіншілікпен қатар, ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және 
Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей 
қазақтар айналысты. 
Ішкі Ресейден шаруалар мен казактарды Қазақстан аумағына орналас-
тыру байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар 
ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныс тарын тастап, қиыр шеттегі құнарсыз 
жерлерге көшуге мәжбүр болды. Мұның өзі көшпелі және жартылай 
көшпелі шаруашылықтарды күй зелтті. Бұған дейін дәулетті өмір сүріп 
келген қазақтардың кедейліктің күнкөріс қамымен түр лі кәсіпшіліктерге, 
соның ішінде тау-кен өнер кәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар 
жатақтар деп аталды.
2. ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса бас тауы. 
Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі малшаруа-
шылығының құлдырауы, әлеуметтік құрылымның өзгеруі қазақтарды 
қайыршыландыруға дейін жеткізді. Көшпелі және жартылай көшпелі 
өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі 
тобы қалыптасты. Олар 
байлар және жалдамалы жұмысшылар еді.
Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқ-
ты ауқаттылар байы ған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кә-
сіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ дала-
сында олар 
бай саудагерлер деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді кәсіп 
еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны болды. 
Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты.
Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымды-
лық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі 
Қараөткел болысының болысы 
А. Қазанғапов кедейлерге, мешіттер мен 
мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер 
Б. Шоқабасов Пав-
лодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ 
Нұрекен Мекке қаласында жүз кісілік қонақүй салуға үлкен үлес қосты. 
Ол қонақүйге қажыға барған қазақтар жайғасып жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет