Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Саяхатшылар мен зерттеушілер еңбектері



Pdf көрінісі
бет139/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   181
7 сын

7. Саяхатшылар мен зерттеушілер еңбектері. 
ХVІІІ– ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерт-
теу де суреттер, фотоқұжаттар мен сызба деректер дің 
ма ңы зы зор. Ұлы Далада болған саяхатшы лар мен 
зерт теу шілер өз еңбектерінде қазақ хал қының тарихы
мен этнографиялық өміріне қатысты ғажайып фото-
Қазанғап 
Тiлепбергенұлы
Тәттiмбет
Қазанғапұлы
шеберлік таныт
Ұлттық аспапта 
ойнай ал саң, қала-
ған шығарма ны 
орындап көр.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


164
туындылар қалдырды. Солардың қатарында 
Т.У. Аткинсон, Г.Ю. Клапрот, Б. Залесский
А.Э. Брем, И. Кастанье, Л.З. Ве рещагин,
Т. Шевченко т.б. бар.
Ағылшын саяхатшысы, суретші Т.У. Ат- 
кинсон (1799–1861) 1848–1852 жылдар ара-
лығында Қазақстанның бірқатар жерлерінде 
болып, тарихи-этнографиялық, география - 
лық зерттеулер жүргізді. «Шығыс және Батыс 
Сі бірдегі зерттеулер», «Әмудария бойымен 
сая хат» атты еңбектерінде «Түнгі ауылға ша-
буыл», «Аттылы қырғыздардың (қазақтардың) 
ұрысы» атты суреттер жариялады. Ол сурет-
терде сол кездегі қазақтардың қару-жарағы (айбалта, 
найза) бейнеленген, киімі, тамағы, қысқы киіз үйі 
жай лы бірнеше этнографиялық гравюралар келтірілген. 
Неміс зоологы, саяхатшы А.Э. Брем (1829–1884) 
1877 жылғы Сібір мен Солтүстік-батыс Түркістанға 
саяхаты кезінде Семейде болған. Осы сапары жө нінде «Қырғыздардың 
(қазақтардың) тұрмысы мен отбасы», «Дала көшпенділері – малшылар»
атты еңбектерін жазды. Түрлі гравюралармен безендірілген бұл еңбектерде 
қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, қонақжайлылығы, ән мен музы-
каға ерекше дарындылығы, шешендік өнері жөнінде айтылады. Орыс 
кескіндемешісі В.В. Верещагин (1842–1904) «Лепсі алқабы», «Шу өзені 
бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда», «Аңшы қазақ» суреттерінде қазақ 
халқының тұрмысын жан-жақты бейнеледі. Б. Залесскийдің «Қазақ да-
ласына саяхат» атты суретті альбомы 1865 жылы Парижде жарық көрді. 
Суретшінің туындыларында қазақтардың тұрмыс-салты, көне ескерткіш- 
тері мен табиғат көрінісі ғажайып бейнеленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет