Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Шоқан уәлихановтың Қазақстан тарихындағы



Pdf көрінісі
бет152/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181
7 сын

4. Шоқан уәлихановтың Қазақстан тарихындағы 
алатын орны. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында 
өттi. Ол мұн да да Ұлы жүз қазақтарының өмiрiнен тарихи-этнографиялық 
материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнектi қазақ ғалымы әрi 
ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы ұзаққа со зылған аурудан 
қайтыс болды. Оның қабiрiнiң басына ескерткiш пен құлпытас орнатылды. 
Ескерткiштi саяси жер аударылып келген поляк революционерi 
Лепольд 
Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы 
ғалым Н. и. Веселовский: 
«Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында 
аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды», – деп жазды. 
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тари-
хы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қа зақ 
ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның 
«Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күн делiктерi», 
«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды сана-
лады. Шоқанның қазақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен 
салған суреттерi сақталған. Ол қазақтың алғашқы 
кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.
Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күнiне 
дейiн өз Ота нын жан-тәнiмен сүйген нағыз патриот 
болды. Оның еңбектерiн бүкiл дү ниежүзi жоғары 
бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құр мет-
тiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шо қанның 
есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған. Ондай ескерткiш 
есіңе түсір!
Черняев әскері 
экспедициясының 
мақсаты қандай еді?
С. Мұқанов Шоқан Уәли -
хановқа арналған шығар-
масын неліктен «Аққан 
жұлдыз» деп атады?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


180
Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттiк уни -
верситетiне Шоқанның есiмi берiлген. Онда «Уәли-
ханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми 
конференциялар үнемi өткiзiлiп тұ рады. Шоқан 
Уәлихановтың өмiрi мен қызметi егемен елiмiздiң 
жастары үшiн тамаша үлгi-өнеге.
?
1. Сен дер атақты ғалым туралы қандай көркем әдебиет оқыдыңдар? 2. Кар та дан 
Шо қан ның экспедицияға барған бағыттарын анықтаңдар. 3. Шоқан Уәлихановтың 
Қазақстан тарихында алатын орны қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет